Читайте также: |
|
Дюбуа Реймон Биоэлектрлікті түсіндірген.Оның айтуынша,тірі құрылымдарда айрықша электро маторлы молекулалардың
болуы олардың екі жартыдан тұратындығы оң және теріс.Оңы жасуша сыртына терісі жасуша ішіне бағытталған.
12.Мембраналық потенциал. Тыныштық потенциалы немесе мембраналық потенциал, деп физиологиялық тыныштық жағдайында жасуша цитоплазмасы мен жасуша аралық сүйықтық арасында байқалатын биоэлектрлік потенциалдар айырмасын айтады.МП сипатталады:1.бұл қте тұрақты ток.
2.Бір фазалы бағытты ток.
3.Бұлшықет потенциалынан мембрананың потенциал мөлшері:60-95 мв.Тыныштық потенциалы жасуша мембранасының сырт және іш жағында калий, натрий жоне хлор иондары концентрациясының тең болмауының және мембрананың осы иондарды өткізу кабілетінің әртүрлі болуының салдарынан туындайды. Нерв және ет жасушаларында тыныштық потенциалының деңгейі 60-90 мВ шама-сында қалыптасады және де, мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады.
Тыныштық жағдайында жасуша мембранасының калий иондары үшін өтімділігі өте жоғары болады. Онымен салыстырғанда натрий иондарының өтімділігі 25 есе, хлор иондарының өтімділігі - 2 есе аз деңгейде сақталады. Осының салдарынан нерв пен ет жасушаларының цитоплазмасында жасуша аралық сүйықпен салыстырғанда калий ион-дары 30-50 есе көп, натрий иондары 8-10 есе, хлор иондары - 50 есе аз болады. Қүрамында диссоциацияланған фосфаттар мен гидроксильдік тоіггардың болуымен байланысты мембрана катион-дармен салыстырғанда аниондарды нашар өткізеді.
Мембраналық теорияға сәйкес тыныштық потенциалы иондардың мембрана арқылы ықпалды және ырықсыз өтуімен байланысты қалыптасады. Иондардың ықпалды (пассивті) қозғалысы олардың концентрациялық градиентіне сәйкес ешқандай қуат шығынынсыз атқарылады. Жасуша ішінде калий иондары еркін күйде болады да, олар концентрациясы көп жақтан концентрациясы аз жаққа өтіп, жасушааралық сүйыққа жайылып кетпей, жасуша ішіндегі аниондар ықпалымен жасуша мембранасының сыртқы беткейінде жинақталады. Жасуша ішінде негізінен органикалық қышқылдар (аспарагин, сірке, пропион т.б. қышқылдар) аниондары шоғырланады. Олар мембрана-дан өте алмайды, сондықтан оның ішкі беткейінде жинақталады. Калий иондары оң, ал аниондар теріс зарядты болғандықтан, мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады.
13.Әрекет потенциалы. Нерв пен ет ұлпалары қозған кезде байқалатын биоэлектрлік потенциалдың шапшаң тербелістерін әрекет потеңциалы дейді. Әрекет потенциалы ұлпаның қозған және қозбаған учаскелерінің арасында зарядтар айырмасының пайда болуынан туындайды. Ұлпаның қозған учаскесінде теріс заряд, қозбаған учаскелерінде оң заряд қалыптасады.
Әрекет потенциалы 0,5-0,8 мс созылатын потенциал шыңы және іздік потенциалдан түрады. Әрекет потенцишіының шыңы қозу үрдісі кезінде туындайды да, ол өрлеу және төмендеу сатыларынан қүралады. Шыңның өрлеу сатысында алдымен мембрананың бастапқы үйегі (орісі) жойылады, сондықтан оны үйексіздену деп атайды. Осыдан кейін потенциал белгісі өзгереді - реверсия байқалады. Шыңның төмендеу сатысында мембрана заряды тыныштық кездегі деңгейге оралады, оны кері үйектену деп атайды. Кері үйектену жағдайында іздік үйексіздену жөне іздік гиперүйектену қүбылыстары байкалады (1-сурет).
әрекет потенциалы жасуша мембранасы арқылы иондар легінің өтуімен байланысты қалыптасады. Натрий иондарының жасуша ішіне өтуі мембрананы кері зарядтап, жасушадан калийдің шығуы бастапқы тыныштык, потенциалын қалпына келтіреді.
Біріңғай салалы ет талшықтарында әрекет потенциалын тудыруда натрий және калий иондарымен бірге кальций иондары да қатысады.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 361 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |