Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Абілет және нышан
  8. Абсолютті және қатыстық шамалар
  9. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Қанқа еттері әрқайсысының құрамында 20-60 ет талшықтары бар жеке-жеке ет шоғырларынан қүралады. Әрбір ет шоғыры сырт жағынан дәнекер ұлпалы қабықпен - перимизиуммен, ал әр талшық - эндомизиуммен қапталады. Адам мен жануарлар бұлшық етінде талшықтар саны айтарлықтай көп шамада (жүзден жүз мыңға дейін) ауытқып отырады. Әрбір ет талшығының жуандығы (диаметрі) 10-100 мкм, ал ұзындығы 12-16 см шамасында болады.

Ет қозғыш тканьдердің бірі басқа қозғыш тканьдерге тән қасиеттер-қозғыштық,қозуды өткізу бұғанда тән.Мұнымен бірге еттің ерекше қасиеті-жиырылу.Ет тканьнің қозғыштық дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анықталады.Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді,яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады.Бірыңғай салалы еттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінен де төмен демек ол еттің қозу табалдырығы бәрәнен де төмен болады,.Қаңқа етінде секундіне 3.5-14м,жүрек етінде 0,9-1м ал бірыңғай салалы етте 0,5мм-5-10см жылдамдықпен тарайды.

Ет тканьі созылғыш келеді.Еттің негізгі қызметі және физ-қ қасиеті-жиырылып жазылу.Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш қасиетіне берілетін жауап,яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы тонусының жоғарылауы.

Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекеті болып бөлінеді.

Шапшаң әрекетті, немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық ретикулум жақсы дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Мұндай талшықтар қанмен нашар жабдықталады, жиырылғаннан соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Олардың талшықтары ақ түсті, ірі әрі үзынырақ, құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады.

Баяу әрекетті, немесе тонустық, талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары және олардың құрамында миоглобин көп, гликоген аз жинақталады.

Шапшаң әрекетгі етгер белгілі мерзім ішінде АТФ-ті көп жұмсайды және тонустық жиырылу кезінде қуатты аз сақтайды. Сондықтан статикалық жүмыс атқарылғанда (мысалы, дененің кеңістіклері жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу өрекеті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл атқару үшін шапшаң өрекеті ақ талшықтарды пайдаланады.

Бұлшық етте изотониялық, изометриялық және ауксотониялық жиырылу түрлері кездеседі.

Изотониялық жиырылу кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, оның тек ұзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тогымен тітіркендірген кезде байқалады.

Изометриялық жиырылу да бұлшық етгің ұзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады. Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.

Табиғи жағдайда таза изотониялық, немесе таза изометриялық, жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық етгің екі ұшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні, немесе антагонист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, әрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады, әрі қысқарады.

Ауксотониялық жиырылу деп бұлшық еттің ширығу деңгейі мен ұзындығын өзгерте жиырылуын айтады. Қимыл әрекет үстінде етгер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді.

Тітіркендіру жиілігіне байланысты ауксотониялық жиырылу дара және қ арыса жиырылу (тетанус) түрлеріне бөлінеді. Қарыса жиырылу кертпешті (тісті) және жазық қарысу болып бөлінеді.

Қаңқа етінің әрекет потенциалы сондай ақ қозғыштық қабілетінің абсолюттік және салыстырмлы рефрактерлік кезеңдері өтеқысқа болады.Сондықтан ет жиырылған сәтте оны одан әрі жиі жиі тітіркендірсе оларға жауап бере береді.Бірнеше жиырылу бірігіп жинақталадыда жиырылу серпіні күшейеді.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 159 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав