Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі

Читайте также:
  1. Аппараттық терминалдарды конфигурациялау. Терминал драйверінің арнайы символдары мен функциялары.
  2. Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары
  3. Арнайы уәкiлеттi органдардың өзара ic-қимыл жасау және қызметiн үйлестiру тәртiбi
  4. Вирусқа қарсы иммунитет (арнайы және арнайы емес). Химиялық препараттармен вирусты жұқпалы ауруларды емдеу
  5. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  6. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері
  7. Дәріс. Әлеуметтік педагогикалық менеджмент нысандарының түрлері
  8. Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі
  9. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  10. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі

Көмекші мектепте сауат ашу кезеңі ең қиын тараудың бірі болып саналады. Сондықтан әліппе кезеңі көмекші мектепте бір жылға созылады: Әліппеге дейінгі, Әліппе кезеңі 1 сыныпта өтіледі, ал кейінгі кезең 2 сыныпқа қалдырылады да, 1-ші тоқсанда аяқталады. Себебі, 1-ші сыныпқа келген оқушыларда әртүрлі қиындықтар байқалады: дыбыстарды дұрыс айта алмайды (р – л, с – ш, з - ж), сөздің ішінде тастап кетеді, акустикалық және артикулярлық ұқсас дыбыстарды шатастырады, фонетикалық есту қабілеттері, көру, кеңістікті бағдарлау қабілеттері өте төмен, қолдың ұсақ бұлшық еттері және танымдық әрекеттері дамымаған. Осы типтік қиындықтар сауат ашу кезеңінің ерекшеліктерін біраз ғалымдар көрсетіп кеткен (Аксенова, Воронкова, Гнездилов, Коломыткина т.б.).

1. Алдымен тез қабылдап, игере алатын дыбыстар өтіледі, мысалы, бірінші тоқсанда а, о, л, т, м.

2. Айтылуы ұқсас дыбыстарды бірден қатар беруге болмайды. Неге? Алдымен олар жеке оқытылып, жазылып сосын ғана салыстырылады.

3. Балаларды оқытуға жазуға үйрету кезінде жеңіл мағынасы түсінікті сөздер алынады.

4. Бірінші тоқсанда сөздік (ал, ол, ат, от) сияқты қысқа түрлеріалынады.

5. Үйретілетін сөздің дыбыстары мен әріптері оқуда, жазуда өзнеріске түспей ұқсас болу жағы есекріледі.

6. Балалардың оқу дағдысы алғашқы кезде жабық сосын ашық буында ол, ал, ла, ло машықтанады, біраз дағдыдан кейін жеңіл бітеу буында (нар, мал, дос) сөздерді оқу арқылы қалыптастырылады.

7. Тұйық бір буынды, ашық екі буынды сөздерден соң біреуден соң біреуі бітеу буынды болып келетін екі буынды сөздер оқытылады. Мысалы: Ас – Ас – қар. Шық. А – шық. Та – ра. Та – рақ.

8. Басқа тілдерден енген дыбыстар әліппенің ең кейінгі кезеңінде үйретіледі. Сол себепті олар әліппенің соңғы кезеңінде оқылады, жазылады. Мысалы: хат, хор, шах-мат, ва-гон, фер-ма. Осы кезеңде төрт дыбыстан құралатын ауыр бітеу буынды сөздер де оқытыла бастайды. Мысалы: құрт, жұрт, плащ, цифр...

9. Талдау – жинақтау әдісті қолданып, оқытқанда, талдау мен жинақтау тәсілдері бір-бірімен алмасып отырады.

Мысалы: талдау тәсілдері:

– Сөйлемді сөздерге ажырату

– Сөзді буындарға айыру

– Буыннан жаңа дыбысты тауып, оны оқып үйрену

– Дыбыстың баспа түрдегі әрпін көрсету

Жинақтау тәсілдері:

– Әріптерден буын, буындардан сөз құрау

–Құрастырылған буындарды және сөзді оқу

– Жаңа сөзді әліппе кітабынан оқу

– Әліппедегі буын кестесін, сөздер мен сөйлемдерді оқу

Қолжазба әріпті көрсету, содан кейін мұғалім тақтаға жазып талдап көрсетеді бойынша тиісті жаңа әріптің қандай және неше элементтен тұратынын көрсетеді. Бұл элементтерді оқушылар тақтаға жазып және айтып жаттығады. Содан кейін дәптерлеріне жазады.

Сауат ашудың алғашқы кезінде сөзді буын жігімен оқытуға, жазуға мән беріледі. Соның нәтижесінде балалар сөзді қатесіз тұтас оқуға, жазуға үйренеді. Сонымен бірге әріп тастамай, олардың орнын алмастырмай дұрыс оқуға, жазуға дағдыланады. Ол үшін қолданылатын тәсілдер: талдау ізімен оқу, созып оқу, лабирингпен оқу, әріппен буынды қосып оқу т.б.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 251 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав