Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі

Читайте также:
  1. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  2. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері
  3. Дәріс. Әлеуметтік педагогикалық менеджмент нысандарының түрлері
  4. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  5. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  6. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  7. Дәріс. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті.
  8. Дәріс. Грамматикалық жаттығулардың түрлері
  9. Дәріс. Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

 

Әліппе кезеңінде дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша мынандай жұмыстар жүргізіледі: балаларды оқуға, жазуға үйрету; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру; «дыбыс» «әріп» деген ұғымдарды меңгеру; дыбыстарды әріптермен таңбалау; сөзді буынға бөліп оқуға, сөздер мен сөз тіркестерін оқи алуға үйрету, бас әріп пен кіші әріпті ажыратып дұрыс қолдана білуге үйрету. Дыбыстарды (әріптерді) төрт кезеңге бөліп меңгерту.

Бірінші кезеңде Аа, Оо, Лл, Тт, Мм дыбыстары мен әріптерін үйрету. Бұл дыбыстар жеке тұрғанда, сөз және сөз аяғында келгенде қалай айтылатынын ажыратып, солай айта білуге үйрету. Бұл дыбыстар мен әріптерден ауызша және жазбаша буын құрастырып, сол бойынша созылыңқы дауыспен оқыту, буындарды салыстыру. Өткен әріптердің жазбаша түріндегі кіші және бас әріп таңбаларын меңгерту.

Екінші кезеңде өткен дыбыстарды (әріптерді) қайталай және Пп, Нн, Рр, Уу, Ғғ, Сс, Йй, Бб дыбысы мен әріптерін меңгерту. Бұл дыбыстардың сөздерде орнын таба білу. Осы дыбыстардан тұратын тұйық, ашық бүындар құрап, оларды созылыңқы дауыспен оқыту. Өтілген дыбыстардан (әріптерден) сөздер құрау (нан, ара) оларды оқыту. Өтілген әріптердің жазбаша түрдегі бас және кіші әріп таңбаларын меңгерту.

Сөйлемді сөздерге бөлу, құрамы жағынан қарапайым сөздерді (а-ға, ал-ма, а-ла-ша) буынға бөлу. Сөзден кейбір дауысты және дауыссыз дыбыстарды (а, о м, л) бөліп алу, оларды сөздердің құрамынан ажырата білу.

Оқушылардың көріп, қабылдау қабілетін жетілдіру және дамыту, кең таралған түстерді ажырата білу, түзу сызықтар мен фигуралардың қарапайым бірлестіктерін көру түйсігі арқылы қабылдап содан соң таяқшалар немесе түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы қайта жаңғырту (көру диктант). Шәкірттерге жақсы таныс қарапайым заттарды (орындық, үйшік, терезе, баспалдақ т.б.) құрастыру.

Көрсетілген заттарды рет-ретімен (солдан оңға қарай) көрсетуге және дұрыс айтуға дағдыландыру.

Жазуға үйретуге арнайы дайындық. Жазу жұмыстарын жүргізу, сурет салу, кезінде партада дұрыс отыруын қадағалау.

Қол мен саусақтардың қимылын жеделдету және қозғалыс үйлесімін қалыптастыру, түзу сызықтар бойынша қағазды қайшымен қию, жапсыру және рет ретімен орналастыру, кішкентай таяқшалардан түрлі-түсті қағаз жолақшаларынан әр түрлі фигуралар құрастыру. Мозаика ойынан пайдалану.

Берілген үлгі бойынша тақтаға бормен, қағазға қарындашпен әр түрлі бағытты (көлденең, қиғаш, тік) сызықтар жүргізу, оларды бір бағыттан екінші бағытқа бұру, сызықтар жүргізгенде белгіленген шектен асырмау, қарапайым фигураларды қағаз бетіне дайын үлгі бойынша (шеңбер, үшбұрыш, квадрат) айландыра сызу, оларды бояу және штрихтау, қарапайым заттардың бейнесін құрастыру.

Тақтаға, дәптерге жазба әріптердің негізгі элементтерін төмендегі ретпен жазу: түзу сызық, қиғаш сызыққа қосылған түзу сызық, жоғары я төменгі ұшы доғалана келген тура сызық, сопақша және жартылай сопақша сызық.

Жаппай және жеке жұмыс барысында оқушылардың жалпы даму деңгейі мен сауат ашуға дайындық дәрежесін зерттеу.

Әліппеге дейінгі кезеңде оқушылар «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» сияқты ұғымдармен танысады.

«Сөйлем» туралы ұғым айналаны қоршаған нақтылы таныс заттар немесе олардың іс-әрекетін бейнелейтін суреттер көрсету арқылы тәжірибелік жолмен беріледі.

«Бұл не», «бұл кім» деген сұрақтарды пайдалана отырып сөз деген ұғыммен таныстыру. Сөйлемдегі сөздердің ретін анықтау, схемасын белгілеу, сөздің буыннан, буынның дыбыстан құралатынын аңғарту;

Алдын ала жүргізілген дыбыстың- әріптік талдаудан кейін ашық буынды сөздерді тақтадан жазу, әріп пен буындарды мұғалімнің айтуымен жазу.

Үшінші кезеңде өтілген дыбыстар мен мен әріптерді қайталау және Ққ, Шш, Ыы, Ее, Дд, Кк, Іі, Зз, Гг, Үү, ң, Жж, Ии, Ұұ, Фф, Хх, Өө, Әә, һ, Яя, Юю дыбыстарын (әріптерін) меңгерту; дыбыстардың орнын анықтау, сол дыбыстарға сөз табу, ашық, тұйық, буындар құрастыру, оларды оқу, сондай буындардан тұратын сөздер құрастыру және оқу. Үш-төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.

Үшінші кезеңде өтілген әріптердің жазбаша түрдегі бас және кіші таңбаларын меңгерту. Екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді тақтадан, әліппеден көшіріп жазу. Сурет астындағы сөздердің әдейі қалдырылып кеткен әріптерін тауып жаздыру.

Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңында нүкте қоюға үйрет. Дыбыстық талдаудан кейін таныс сөдерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу.

Төртінші кезеңде өтілген дыбыстарды (әріптерді) қайталау Вв, Ее:, Цц, Щщ, Ээ, Чч, ъ, ь әріптерін меңгерту. Осы дыбыстардың жазбаша түрдегі бас және кіші әріп таңбаларын меңгерту.

Оқу және жазу кезінде дауытылар мен дауыссыздарды, ұяң және қатаң дауыссыздарды тәжірибе жүзінде ажырата білу. Бұрын меңгерілген бірінші кезеңде өтілетін дыбыстардан (әріптерден) буын құрау және оқу қос дауыссыз қатар келетін буындар құрау және оқу. Әліппедегі қысқа текстерді буынға бөліп, дауыстап анық оқу.

Буындық құрамы таныс сөздер мен үш төрт сөзден тұратын сөйлемдерді тақтадан, әліппеден көшіріп жазу.

Адам аттарының бас әріппен жазылатынын тәжірибелік жолмен түсіндіру. Дыбыстық-әріптік талдаудан кейін мұғалімнің айтуы бойынша жеке сөздер мен үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдер жазу.

Өз бетінше кеспе әліппе арқылы үш-төрт сөзден құрастырып оқу- және жазу. Кей әрпі әдейі қалдырылып кеткен тақтадағы сөзді көшіргенде керекті әріпті тауып қою.

Оқушылардың білім дағдыларына қойылатын негізгі талаптар мынадай:

- дыбыстарды естігенде және айтқанда, оны басқа дыбыстардан ажырата білу;

- сөздерді дыбыстың құрамына қарай талдап, кеспе-әліппенің әріптерімен буындарынан сөз құрай білу;

- сөздерді, сөйлемдермен шағын текстерді буындап байыппен оқи білу;

- оқыған материалдың мазмұны мен текстке берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере білу;

- айтылған шағын ертегі, жұмбақ, тақпақ және әңгімені түсіне білу;

- тыңдаған материалдардың мазмұны бойынша және тексте берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере білу;

- бас және кіші әріптерді жаза білу;

- оқыған, талданған сөздер мен сөйлемдерді тақтадан және әліппеден көшіріп жаза білу.

Оқушылар мұғалімнен естіген шағын тақпақ пен жеке шумақтарды жатқа білуі тиіс.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 606 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав