Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

мір қауіпсіздігі ережесіне кіріспе

Читайте также:
  1. АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯҒА КІРІСПЕ.
  2. Дәріс №1 HTML –ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары
  3. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқығы
  4. І. Кіріспе
  5. КІРІСПЕ
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. КІРІСПЕ

МИСОЧКИНА. Я ничего не понимаю…

ВЕРОНИКА АРКАДЬЕВНА. Это факт… худшая из нас – любимая…

ГРАЧЕВА. А козёл всех козлов… любим!

ВЕРОНИКА АРКАДЬЕВНА. Не научно…

МИСОЧКИНА. Да. Видно нам этого и не понять.

Занавес


* 190013, Санкт-Петербург, ул. Серпуховская, д. 16 кв. 8 ((812) 317-90-83,

: lomovtsevy@mail.ru,: http://yra-lomovtsev.narod.ru/

 

Жоспар 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім А)Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару. Б)Ұйымдастыру, жоспарлау, ғылыми-зерттеу инновациялық қызметтерді басқару. В) Техникалық жүйелерді конструкторлау жобалаудың мақсаттары мен міндеттері. Г)Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы маңызды проблемалар Д) Тіршілік әрекеті мен экологияның қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері Е) Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың басқармалары мен жүйелері Ж) Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қоргау салаларындағы негізгі заңнамалық және нормативтік актлер Қазақстан Республикасының Конституциясы. З) Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi. 3.Қорытынды 4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі азаматтық сана-сезім деңгейінің, адамгершіліктің және қоғамның барлық мүшелері мәдениетінің маңызы. Ғылыми-техникалық прогрестің, қоғамның игілігі мен зияткерлік потенциалы өсуінің табиғи және техногенді сипаты пайда болатын алапаттар санының және олардан келетін зиян масштабтарының ұлғаюына әсері. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының маңыздылығы. Қазіргі өндіріске тән ерекшеліктер, қауіпті және зиянды факторлардың құрылу аймақтары. Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары, олардың адамдарға әсерін бағалау. Өндірістегі қауіптілік пен зияндылықты төмендететін, тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық әсерлері.Қауіпсіздікті арттырудың және еңбек жағдайларын жақсартудың «экономикалық» механизмі. Қауіпсіздік проблемаларын зерделеудің маңыздылығы және әдіснамасы. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері.Қауіпсіздік проблемаларын шешудің жүйелілігі. Технологиялық процестің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.


Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару.
Жүйелік жөне процестік жақындасулар негіздеріндегі қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігі салаларындағы сапамен басқаруға қатысты, бағдарламаны үйрену сұрақтарының курстарын қарастырады; еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздікпен, экологиялықпен қамтамасыз ететін сапа менеджментінің дайындамалары мен енгізулері.Сапа салаларындағы негізгі терминологиялар мен түсініктер.Сапа түсінігі мен олардың эволюция.тары. Сапа салалары мен оларды басқарудағы терминологиялар (МС ИСО 9000:2001, МС ИСО 14050:99 бойынша).Процестік және жүйелік жақындасулар негіздеріндегі сапамен басқару
жүйелері.9000:2000, 14000, ОНЗАЗ 18001 ИСО серияларындағы халықаралық стандарттар:ерекшеліктер, тағайындаулар.Сапа менеджменттерінің приндиптері: тұтынушыларға бағдарлаулар, басшылық зиялықтары, жүмыскерлерді өзіне тарту, процестік жақындасулар, менеджментке жүйелік жақындасулар, түрақты жақсарулар, шешімдер қабылдау, фактлерге жүгіну бойынша, жеткізушілермен өзара пайдалы қатынастар.Түсініктермен процестік және жүйелік жақындасулардың негізгі ережелері: процестер мен олардьщ түрлері, Деминг-Шухарт циклі және олардың қүрамдық бөлшектері, процестердің иерархиялық қүрылымдары, жүйелер мен олардың бөлшектері, сапа менеджментіне жүйелік жақындасу. Сапа менеджменті жүйесі.Сапа менеджменті жүйелерін жобалау кезеңдері (СМЖ): мотивациялық және дайындық кезеңдері, СМЖ жоспарлау, қүжаттарды дайындау, СМЖ енгізу, СМЖ аудиттері мен мониторингтері. Түзету және ескерту әрекеттері. СМЖ пгұғыл басқарулар. СМЖ құжатгары.Экологиялық менеджмент жүйелері.
Экологиялық менеджмент объектілері мен субъектілері. Кәсіпорындардағы экологиялық менеджментердің мақсаты мен міндеттері. Кәсіпорындардағы экологиялык менеджменттер функциялары. 14000 серияларындағы ИСО халықаралық стандарттары. В8 7750 экологиялық менеджмент салаларындағы Британдық Стандарт. Кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғаудың жүйе менеджменті.
Кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғау менеджменттерінің объектлері мен субъектлері. Кәсіпорындардағы еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздік менеджменттерінің мақсаттары мен міндеттері. Кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғау менеджменттерінің функциялары. 18000 серияларының ОН8А8 халықаралық стандарттары.
Ұйымдастыру, жоспарлау, ғылыми-зерттеу инновациялық қызметтерді басқару.
Өндірістерді жаңа техникалар мен технологиялармен толықтыратын, тиімді өдістер мен құралдарды енгізу, сонымен қатар ғылыми және ғылыми- техникалык ақпараттардың көлемдерінің көтерілуі ғылыми-педагогикалық қызмсттердің дайындық қажетгіліктерін негіздейді, олар жоғары жалпы гылыми жөне кәсіби дайындықтарға ие.Ғылыми зерттеулердің элементтерін оқу процесіне енгізу, сонымен қатар магистранттардың зертгеу жүмыстарына қатысуы жөнс оларды өндірістерге енгізу нағыз өз ісінің шебері етіп төрбиелеуге сешігін тигізеді, шығырмашылық тұрғыда ойлайтын мамандарды, өз саласында ғылыми-техникалық процестерді тасымалдаушыларды енгізу.
Теориялық эксперименттік зерттеулер.
Ғылымдардың дамуының тарихы, ғылымдардың жіктемелері, ғылыми- техникалық прогресс пен ғылымн-техникалық революция. Экология саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетістіктер.
Жеке жөне үжымдық ғылыми қызметтер. Ғылымныц талаптарын қамтамасыз ететін, ұйымдар, ғыльши-техникалық прогресс пен ғылыми- техникалық революция (ҒГП, ҒТР).Негізгі жолдар мен ғылыми зерттеулердің ерекшеліктері. Кезеқдерді ғылыми іздестірулердегі бағыттарин таңдау және ғылыми-зертгеу мен төжірибелік-констукторлық жүмыстардың тиімділіктері (ҒЗЖ, КЖҮ).
Теориялық зертгеулер. Ғылымн-зерттеу жұмыстарын орындау кезіндегі құралдар,ұйымдасгырулар,құрылымдар.Ұқсастықтармен жаңашаландырулар.
Информатика және компьютерлеу.Зерттеу қорытындыларын талдау және өңдеу.Эксперименттік зерттеулердің құралдары мен әдістері. Метрологиялық қамтамасыз етулер.Эксперименттерді жоспарлау. Математикалық ақпаратгар мен жаңашаландыру әдістерін қолдану. Ғылыми есеп берулерді ресімдеу. Өндірістерге ҒЗЖ қорытындыларын енгізу.
Техникалық жүйелерді конструкторлау жобалаудың мақсаттары мен міндеттері. Есептік параметрлер. Инженерлік болжаулардың әдістері.Техниалық шешімдердің оңтайлы вариантарын іздестіру. Ақпараттар көздері.
Жобалау сатылырындағыбағдарламалық қамтамасыз ету мен ситуациялық моделдер.Қабылданған техникалық шешімдерді негіздеу және талдау. Жұмысқа қабілеттіліктер мен үзақтылықтардың, сенімділіктердің, үнемділіктердің критериилері.Қабылданған шешімдерді талдау және жүйелер параметрлерін таңдау. Шешім талдауларының қүралдары мен әдістері.
Өндірістік эстетикалар мен дизайндардың, экономикалардың, эргономикаларың техникалық жүйелерін констукторлау. Қолөнер шығармашылығы, патент тану мен лицензиялау сұрақтарыШығармашылық ізденулердің құрылымдары мен әдіснамалықтары. Қолөнер есептерін шешудің өдістері мен құралдары. Аналнтнкалык, піұғыл және синтетикалық дамулардағы жаңа техникалы объектлерді, жүйелерді құру.Ғылыми зерттеулердегі, жобалық дайындамалар мен өнертабыстарда ресурстарды сақтау мен табиғапы қолдану объектлері.
Патенттік заңнамальпстар мен патенттік іс жүргізу негіздері. Ұлттық патенттік ведомстволар. Патентті зерттеулер.Ұсынылған өнертабыстардың дайындамал ары. Өнертабыстардың формулалары мен объектлері, құралдары. Ұсынылған өнертабыстарға берілген ұсыныстарды рәсімдеу және құрастыру.
Өнертабыстардың тиімділіктері мен олардың кұқықтық қорғаулары. Өнертабыстар құқыктары. Интелектуалдық жөне өндірісті жеке меншіктер туралы түсініктер. Өнертабысты өндірістік енгізу.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы маңызды проблемалар
«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы маңызды проблемалар» пәні теориялық және техникалық болып табылады, олар өндірістік қауіпсіздіктерді үйретеді және олардың азаю әдістерін дайындайды немесе профилактикалар мақсатымен және жарақаттануларды ескертеді, аурулар мен өндірістік апаттардың алдын алады.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлімдерінің сипаттамалары мен құрылымдары.Адам және техносфера. Технологиялық регламент. Техникалық

жүйелердің қауіпсіздігі мен олардан сақтану. Тотенше жағдайлар. Экологиялық қорғаулардың қауіпсіздік аксиомалары. Еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандартгар.
Тіршілік әрекеті мен экологияның қауіпсіздігінің қүқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.Қазақстан Республикасының тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы үлтгық саясаты. Нормативті құжаттар мен заңнамалық актлерге қазіргі заманғы талаптар. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен экологияларды басқару бойынша халықаралық ұйымдастырулар талаптары.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаган ортаны қорғаудың жүйелік талдаулар проблемалары.Адам іс әрекетгерінің негізгі формаларының жіктемелері. Адам мен қоршаған ортаны қорғаудың еңбек әрекетгеріндегі тиімділіктерін жоғарылату жолдары. «Адам- машина- орта» жүйелерінің негативті факторлары. Еңбек шартының мониторингі мен қоршаған ортаны қорғау. Қауіпті өндірістік объетлер мен қоршаған ортаны қоғаудың техникалық тәуелділіктерінің бағалары.Қауіпсіздік талдаулары. Өндірістік қауіпсіздіктредің таралу механизмдері. Техникалық жәнне экологиялық жүйелердің жұмыстиарының сенімділіктрі. ІЗО құжаттарындағы бас тартушылық жіктемелері (стандарттау 4 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаган ортаны қорғаудың бақылау және қадағалау органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық жұмыстары.Кәсіпорындардағы тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен коршаған ортаны қорғауды басқару объектілері. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды үйымдастыру мен басқарудың нормативті негізгі жүйелері. Бақылау мен қадағалау органдарын басқару міндеттері мен функциялары. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны корғау бойынша жұмыстарды жоспарлау. Өндірістік кәсіпорындарда тіршілік өрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бағалары мен талдауларын, есептерін жүргізу. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша қүқықтық нормалардың бүзылуларына жауапкершілікпен қарау. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаган ортаны қорғау жағдайларын жүйелік ақпараттық қамтамасыз ету.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша мәліметтер дайындамалары мен механнзациялар жөне автоматгандырулар, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау туралы мәліметтер талдаулары мен есептері.Еңбек қорғау, қоршаган ортаны корғау, ресурс сақтау, төтенше жагдайлар жағдайларының статнкалық талдаудлар әдістері.Талдаулардың статистикалық әдістері: көптеген регрессивтік жөне корреляцнондық. Өндірістік жарақат алу талдауларының әдістері. Өндірістік кәсіпорындардағы еңбек шартын талдау өдістері. Қоршаған орта, төтенше жағдайлар қалпын талдау әдістері.


Тіршілік өрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың басқармалары мен жүйелері.«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың басқармалары мен жүйелері» пәні өндірістік көсіпорындардағы тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру мен басқару проблемаларына қатысты сұрақтарды үйренуге бағытталған, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды сақтау, төтенше жағдайлар жағдайларының статистикалық талдаулар өдістерін қолдану жөне ақпараттық қамтамасыз сту жүйелері.«Тіршілік әрскеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың басқармалары мен жүйелері» пәнінің міндеттері мен мазмүндары. «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың басқармалары мен жүйелері» пөнінің басқа да пәндермен байланысы. Негізгі терминдер мен анықтамалар.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаган ортаны қорғаудың мемлекеттік және салалық жүйелері.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаган ортаны қорғауды мемлекеттік бақылау жәнс қадағалау органдары. Тірпіілік өрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік бақылаулары мен қадағалаулары, мақсаты, қүқығы мен рөлі. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жағдайларымен мемлекеттік бақылау жөне қадағалау органдарының қүрылымы. Ішкі ведомстволық жөне өндірістік қадағалау. Тіршілік өрекеті қауіпсіздігі мен коршаған ортаны қорғау жағдайларын қоғамдық бақылау.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қоргау салаларындагы негізгі заңнамалық және нормативтік актлер Қазақстан Республикасының Конституциясы. «Қауіпсіздік жөне еңбек қорғау туралы» заң. «Қауіпті өңдірістік объектлердегі кесіпорындардың қауіпсіздіктері туралы» заң. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі». Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. Қазақстан Республнкасының Су Кодексі. Қазақстан Республикасының Орман Кодексі. «Атмосфералық ауаны сақтау туралы» заң. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы Қазақстан Республикасының нормативті актлері.бойынша халықаралық үйым). Қорғау жүйелерінің апатқа қарсы сенімділіктерін актау.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы ғылыми бағыттарының дамуы. Оларды шешу әдістері.Табиғи апаттар мсн өндірістердегі апаттар жіктемелері.Табиғи апаттар мен өндірістердегі параметрлері.«Зардаптар ауырлықтарының ықтималдықтары» матрицалары. Апаттардың туындауының мүмкін емес бағаларының әдістері. Кәсіпорындар мен экологиялық таза орталардың қауіпсіздік жұмыстарының критериилері.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындагы озат практикалар мен қазіргі замангы ғылымға жету.Қауіпсіздіктер мен олардың мүмкіндіктерінің логикалық-ықтималдық теориялары. Тіршілік өрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шарттарының математиалық моделдері.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi:Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.

 


Қорытынды
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді. Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.Өндірістерді жаңа техникалар мен технологиялармен толықтыратын, тиімді әдістер мен құралдарды енгізу, сонымен қатар ғылыми және ғылыми-техникалык ақпараттардың көлемдерінің көтерілуі ғылыми-педагогикалық қызмсттердің дайындық қажетгіліктерін негіздейді, олар жоғары жалпы гылыми жөне кәсіби дайындықтарға ие. Ғылыми зерттеулердің элементтерін оқу процесіне енгізу, сонымен қатар магистранттардың зертгеу жүмыстарына қатысуы жөнс оларды өндірістерге енгізу нағыз өз ісінің шебері етіп төрбиелеуге сешігін тигізеді, шығырмашылық тұрғыда ойлайтын мамандарды, өз саласында ғылыми-техникалық процестерді тасымалдаушыларды енгізу. Теориялық эксперименттік зерттеулер.Ғылымдардың дамуының тарихы, ғылымдардың жіктемелері, ғылыми- техникалық прогресс пен ғылымн-техникалық революция. Экология саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетістіктер.Жеке жөне үжымдық ғылыми қызметтер. Ғылымныц талаптарын қамтамасыз ететін, ұйымдар, ғыльши-техникалық прогресс пен ғылыми- техникалық революция (ҒГП, ҒТР).

 

мір қауіпсіздігі ережесіне кіріспе

Теги: экология казакша, экология
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсы жоғарғы оқу орындарының күндізгі бһлімнің студенттері үшін міндетті пәні болып табылады және оқу жоспары арнаулы дисциплина/ғылымының арнайы саласы/ ретінде енгізіледі. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсының мақсаты болашақ мамандарды: - өмір сүрүдін қауіпсіз және қатерсіз жағдайын құру үшін; - жүйенің қызмет көрсету объектісін ескеріп, жаңа техника мен технология үрдестерін қазіргі заманғы экологиялық талаптарға сай жоспарлау; - тұрғындар мен өндіріс қызметкерлік, ауылшаруашылық объектісін төтенше жағдай кезінде апаттар, стихиалық қатерлер және оларды залалсыздандыру укзіндегі жоспарлау мен сауатты шешім қабылдау үшін теориалық білім мен практиқалық біліктілінгін арттыру. Оқытудың міндеттері: - Студенттерді бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда іс-шара қолғануды, тұрғындарды қорғау әрекеттерін апат, стихиялық қатерлер, - Апаттар, қазіргі заманғы қаруларды пайдаланудың салдарынан туған қауіптерді жоюдағы құтқарушылық көмек жүргізу әдісткріне үйрету; - Студендерді жарақаттану, жұқпалы аурулардың, қаупті ауруладың белгілерін танып білуді, дәрігерге дейінгі жедел-жәрдем көсетуді үйрету; - Зерделеніп отырған профильдің қызметінің орнықтылығын зерттеуді үйымдастыру, зерделету /оқыту/ және студенттерді олардың жұмысының орнықтылығын анықтауды үйрету; - Тұрғындарды азаматтық қорғанысқа үйрету жүйксімен таныстару. - Студенттерді дайындау мамандардың оқу жоспарына байналысты төменгі курстарды оқу жылы бойында жүргізіледі. «Өмір қаупсіздігі негіздерін» оқу емтихан тапсырумен аяқталады. "Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді. Пәнде мынадай мәселелөрдің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады: тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары - адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары; - жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру; - шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері; - ТЖ мөн оның салдарын болжау; - Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу; - Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері. Курстың негізгі мақсаты - төмендегі мақсаттарды шешу үшін қажетті теориялық білімдер, практикалық іс әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне жәрдемдесу: - еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау; - адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу жәнө оны іске асыру; - техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану; - шаруашылық объектілері мен техникалық жүйелердің қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығы; - төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау; - халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жө- ніндегі шараларды қабылдау. -"Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсының көлемі гуманитарлық жоғары оқу орындары үшін кемінде 45 сағат (1 кредит). «Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы жоғары оқу орындарының бірінші курстарында оқытылады. Курсты игеру барысында шәкірт мынаны білуге тиіс. - өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздерін; - тіршілік қауіпсіздігінің қүқықтық және нормативтік техникалық негіздерін; - жарақаттаушы, зілзалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын; - ТЖ-да шаруашылық объектілерінің түрақты жүмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерді; - төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін. Азаматтық қорғаныс - бүл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау қүралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны. Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да қүрылыстар. Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар үжымы. ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, онын қорғаныс шараларының қүрамдас бө-лігі. ТЖ-ды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" ҚР Заңында белгіленген. ҚР АҚ-на жалпы басшылықты ҚР Премьер Министрі-Азаматтық қорғаныстын бастығы жүргізеді. ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігіне жүктелген. ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи жәнө техногендік сипаттағы ТЖ-ды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жүмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында арнайы атқарушы және рүқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен қүры-лымдық бөлімшелерден түрады. Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департаментті, директор басқарады. Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді: - Төтенше жағдайларды ескерту департаменті; - Жедел іс-әрекет дөпартаменті; - Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті; - Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті; - ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі департамент. Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) тиісті өкімшілік-аумақтық бірліктердің өкімдерімен көлісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды. Агенттікте төраға, оның орынбасарлары, департамент директор-лары, Агенттік пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен үйымдардың басшылары қүрамындағы алға қүрылады. Ғылыми кеңес қүрылады. Агентік қүрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді: - облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда); - қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары); - аудындық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық ба- ғыныстағы үйымдар; - біліктілікті көтеретін Республикалық курстар; - Республикалық ақпараттық-техникалық орталық; - химиялық-радиациялық лабораториялар; - Республикалық жедел-қүтқару отрядтары; - АҚ әскери бөлімдері; - мемлекеттік өрттен қорғау қызметі; - "Қазселден қорғау" Республикалық кәсіпорны. ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның өкілеттігі Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің: - Агенттік құдіретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға; - Үкімет құрамына кірмейтін министірліктерге, орталық атқару- шы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және тех- ногендік сипаттағы ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге; - өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға; - ҚР үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қүқық қорғау органдарының, қарулы күштердің әскери бө- лімдері мен қүрамаларын, басқа әскерлер мен қүрамалардың күштері мен қүралдарын тарту туралы үсыныс енгізуге; - өз құзіретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жүмыс түрлерін жүргізу үшін рүқсат бөруге; - объектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге; - егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда, үйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтатуға; - бүкіл республика аумағында бірыңғай радио жүйелері белдеуін ұстауға; - ТЖ-ды ескерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар. Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия түрақты жүмыс істейтін орган. Комиссияның мақсаты: - төтенше жағдайдағы ескерту және іс әрекеттер жөніндегі жүйені қүруды және дамытуды қамтамасыз ету; - орталық, жергілікті атқарушы органдарының және шаруа- шылық объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтөншө жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету және жою жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау; - төтенше жағдай кезінде құтқару-іздестіру және авариялық құтқару қызметтерін, құралдарын және халықтың тіршілік жүйесін күру. "Азаматтық қорғаныс туралы"Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, қүрылу және жүмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы орган-дардың, үйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың қүқықтары мен міндеттерін анықтады. Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-тың бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізілөді. АҚ-тың негізгі міндеттері: - басқару, хабарлау және байланыс жүйесін үйымдастыру, дамыту және түрақты әзірлікте үстау; - АҚ күштерін қүру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекетке түрақты әзірлікте үстау; - орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, үйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету; - радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау; - АҚ әскери қүрамаларының жүмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету; - шаруашылық салалары мен объектілерінің түрақты жүмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу; - қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс қүралдарын және АҚ-тың өзге бөлігін жинау және әзірлікте үстау; - халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс- әрекет тәртібі туралы қүлақтандыру; - құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету; - азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау. АҚ-ты үйымдастыру принциптері мен тәртіптері Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады. АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді. АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды. АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал үйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі. АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы үйымдар басшыларына жүктеледі. АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері АҚ шараларын орындауды қамтамасыз өту үшін мына органдар құрылады: - ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы мен оның қүрылымдық аумақтық органдары; - орталық және жергілікті атқарушы органдардың АҚ бөлімдері (қызметкерлері); - ұйымдарда - АҚ штабтары нөмесе АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ пен ТЖ жөніндегі қосалқы мамандар. ТЖ басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары лауазымдары бойынша тиісті АҚ бастықтарының орынбасарлары сол мекемедегі ТЖ-ға жауапты мекемедегі ТЖ болып табылады. АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен құралды даярлауды қамсыздандыру үшін республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтері, сондай-ақ қажет жағдайда АҚ бастығына тікелей бағынатын үйымдардың АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. АҚ және ТЖ қызметтері ҚР Үкіметінің қаулысымен, облыс, қала аудан әкімдерінің, ұйымдар басшыларының шешімдерімен құрылады. АҚ және ТЖ республикалық қызметтерінің тізбесін ҚР Үкіметі анықтайды. Олар туралы ережені ҚР орталық атқарушы органы бекітеді. АҚ және ТЖ нүктелерінің, күштері мен құралдарының, қызметтерінің әзірлігі жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі. Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда АҚ көшіру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялар құрылады. Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі немесе болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға!" АҚ ескерту дабылының берілгөндігін білдіретін өзге де қүралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек. Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі. БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» (5.07.96ж) ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі. Занда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтын құқығы мен міндеттемсі белгіленіп, мемелекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсітілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған. Зілзала – бұл кенеттен туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсере сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бірбірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі. Авария – технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Бірқатар жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады. Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен. Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала) - жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Табиғи апаттар: 1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт). 2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). 3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу). 4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы). Жасанды апаттар: 1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол). 2. Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық). 3. Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық) 4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.) Төтенше жағдай Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді: 1) Пайда болу саласы бойынша. 2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша. 3) Аумақтық таралуы бойынша. Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар: - табиғи; - техногенді; - жанжалды болып бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайларға: - геофизикалық қауіпті құбылыстар - геологиялық қауіпті құбылыстар - метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар - теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар - гидрологиядық қауіпті құбылыстар - табиғи өрттер - адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы - ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы - ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу жатады. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға: - өндірістік - транспорттық авариялар - өрттер - ҚӘУЗ тасталуымен авариялар - РЗ тасталуымен авариялар - БҚЗ тасталуымен авариялар - ғимараттардың кенеттен құлауы - электр-энергетиқалық жүйелердегі - коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар - тазартқыш құрылыстардағы авариялар - гидродинамикалық авариялар жатады. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады. Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: - құрылыста - өндірісте - халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында - көліктік байланыста Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: - объектілік - жергілікті - аймақтық - кең ауқымды

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Сцена 14, атака| Методическая разработка

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав