Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

VI-XII ғасырлардағы қалалар

Читайте также:
  1. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі

Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.

1. Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.

2. Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.

3. Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар)Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар заманында ерекше гүлденді. Бұл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған.Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі беделі өсе берді.Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды.Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Баласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған. VI-XII ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. Ежелгі түрік алфавиті мен жазуы Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерінде түркі тілдес халықтар қалыптасты. Түркі тілдес халықтармен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Түркі тілдес топтардың ішіндегі ең ірісі – VIII-X ғасырларда Ертіс өңірінде қалыптасқан қимақ-қыпшақ тобы. Сонымен қатар Қазақстан жерінде иран (соғды) тілдес, сирия тілдес, араб тілдес халықтар тобы өмір сүрді. VI ғасырдан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше, соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінде табылды.Бугут жазуымен соғды тілінде жазылған құлпытас Орталық Моңғолиядан табылған.VI-X ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы және тілі кең қолданылған. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларында тарады. IX ғасырдан бастап Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында ұйғыр жазуы қолданыла бастады. Ғалымдардың пікірінше, бұл жазу – соғды алфавитінің өзгертілген түрі. XII ғасырда соғды жазуына негізделіп жасалған түріктердің жаңа жазуында 38 әріп-таңба болған.Көне түріктердің негізгі жазуы руна жазуы деп аталған. Бұл жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас. XVIII ғасырдың басында жазуды алғаш рет Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг атты ғалымдар Енисей аңғарынан тапқан. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытас XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені маңынан Н. М. Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат ғалымы В. Томсон оқыған. Бұл жазу «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады.«Орхон-Енисей тас жазуы» Бұл ескерткіш көне түрік руна жазуымен жазылған. Ескерткіш құлпытастар 689–744 жылдардағы Ұйғыр және Түрік қағанаттарының өмір сүрген кезінде орнатылған. Құлпытастар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші Тоныкөктің (716 жылы) құрметіне қойылған. Құлпытаста түрік дәуіріндегі батырлар мен ұлы адамдардың ерлігі, өмірі жайында жазылған. Ортағасырлық тарихи әдебиеттің тамаша үлгілері – VIII ғасырда Қазақстандағы руна жазуының ескерткіштері. Олар екі топқа бөлінеді:

1. Жетісулық жазулар тобы,

2. Ферғаналық қыштағы жазулар тобы.

XI-XII ғасырлардан кейін түрік мемлекеттерінде көне түрік руна жазуын ұйғыр жазуы мен араб жазуы ығыстырды.Әдебиет және ғылым VI-VIII ғасырлар – түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.VIII-X ғасырлар – Сырдария алқабында қыпшақ-оғыз арасында «Қорқыт ата» эпосы тарады

14. Ұлы Жібек жолының орта ғасырларда Қазақстан халқына тигізген әсері

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Ицпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. Х ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы ХХ ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

15. Қазақстан аумағында Ислам дінінің таралуы

Араб түбегіндегі Араб халқы қалыптасып, VII-ғ басында жаңа Діни жүйе – Исламның негізінде мемлекет құрылды. Мунда феодалдық қатынастар қалыптасыптасты. Мұхаммед өлгеннен (632 ж) кеиін Араб түбегінде билік үшін күрес өріс алды. Араб шонжарлары ішкі қайшылықтарды әлсіретіп, дін басылары билейтін мемлекеті нығайту мақсатында, соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына түсті. 633-ж арабтар “дін үшін соғыс ” деген мақсатта, жаулап алу соғыстарын бастады. Аз уақыт ішінде Иран, Сирия,Палестина,Әгипет,Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік аудандарына жабул жасай бастады. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда 714-ж КутейбаИспиджапқа жорық
жасады.723-ж Фергана қарлұқтары түріктер мен шаштықгармен бірігіп, арабтарды Ходженттен Самархандқа дейін қуды. 724-ж арабтар Фергана астанасы Қорасанды қоршап алды. Ферғаналықтар түргеш қағаны Сұлудан көмек сұрайды. Ферғаналықтар мен шаштықтар Сырдария бойында арабтарға соққы беріп шегінуге мәжбүр қылды. Түргештер Мауаранахр үшін арабтармен таласатын құдіретті күшке айналды. Түргештер қағаны арабтарға батыл күш көрсеткені үшін арабтар оны “Әбу Музахим”(Сүзеген) деген а қойды. Арабарға қарсы күш жалғаса берді, бір-ақ 737-739 ж.ж Насыр ибн Сей яр Самархандағы, Шаштарғы,Фарабтарғы көтерілісті қарумен жаншыды.748 жылы Қытайлар Суябты уақытша басып алып қиратты, келесі жылы Шаштың билеушісін өлірді. Оның баласы Арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараз жеріндегі Атлах қаласының түбінде Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжиннің арасындағы шайқастан Қытай әскері талқандалды. 766 жылы Жетісуда би лікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті Қарлұқ жабғу бастады. Арабарға қарсы және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы Мукана қозғалысы болды. Оны Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу түркі тайпалары қолдады. Арабтар бүлікті басып, 810 жылы Қарлұқардың астанасы Құланға жорық ұйымдастырды. ІХ ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастады.Арабтар үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат құрамына кір ген тек бір бөлігі ғана жерді((Ал Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісудың ұлан-ғайыр аймағында арабтардың жаулап алуының леулі зардптар тек Х-ХІІ ғасырларда ғана білінні.Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін, өз билігін нығайту үшін Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігінде әділеттсіз соғыстар жүргізді. Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ, ол халифтің қо астында болған жерлердің әлеуметтік –эканомикалық, саяси және мәдени өмірінеде, ондағы этникалық және тілдік үрдістерде өз ізін қалдырды.Бағндырылған халықтар талан –таражға түсіп, зорлық зомбылық көрді, жері мен малынан айырылды, екі жақы езгіге түсірді. Арабтардың Мауеренахрда жеңісерге жетуі Батыс түрік және Түргеш қағанаттарының ыдырауына себепші болды. Жаңа мемлекетік дін – ислам дінінің, араб тілі мен жазуның таралуы қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі болды. Ежелгі торік жазуы ығыстырылып шығарылды, ал торік лексикасына араб сөздері кірді.Орта Азия сияқты, Оңтүстік Қазақстанның жекелеген ай-мақтарының халифат құрамына енуі феодалдық қанастардың даму үрдісін тездетіп, ол терең әлеуметтік қайшылықтар мен халық қозғалысары жайында өтті.Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың дәстүрлері мен тарифи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына қарамастан, ұзаққа созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келгенде олардың мәдени қабысуының нәтижесінде бірқатар халықтар үшін көп жғынан ортақ араб –мұсылман мәдениеті қалыптасты.Кят, Отырар, Тараз, Шаш, Бухара, Самарканд және басқа қалалар Ірі мәдениет орталығына айналды, оларда әл-Хорези, әл-Фараби, әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина және басқада көптеген тамаша ғалымдар өмір сүрді. Халифатың бүкіл аумағында араб әдеби тілінің орнығуы көптеген аса көрнекі ғалымдар мен ақындардың осы тіл де жаза бастауына әкеп соқты.

16. Қарахан мемлекеті

Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.) Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХЫ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.ХЫ ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. ХЫЫ ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.

17. Қыпшақ хандығы

Қыпшақ хандығы (ХЫ ғ. — 1219 ж.) Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. ВЫЫ ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. ВЫЫ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: ВЫЫ ғасырдың екінші жартысы – ВЫЫЫ ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: ВЫЫЫ ғасырдың аяғы – ХЫ ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. ХЫ ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.ХЫ ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. ХЫЫ ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. ХЫ ғ. аяғы – ХЫЫ ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған.Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына ХЫЫЫ ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.

18. XI-XIV ғғ. Қазақстандағы қалалар

19. Моңғол дәуіріне дейінгі әдебиет пен ғылым. Шығыстың ұлы ғалым-энциклопедияшылары.

. Қорқыт ата – (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) Сырдария алқабында дүниеге келген атақты жырау, күйші, ойшыл. «Қорқыт ата кітабын» тұңғыш зерттеуші – неміс ғалымы Н. Ф. Диц. «Қорқыт Ата кітабының» екі нұсқасы белгілі:

1999 жыл — «Қорқыт Ата кітабының» 1300 жылдығы дүниежүзілік көлемде атап өтілді.«Оғыз-нама» эпосы ел арасына кең таралған. YI ғ. парсы тіліне, IX ғ. Араб тіліне аударылған.XIII ғасыр – Рашид-ад-дин ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған.XVII ғасыр – Әбілғазы хан толық көшірген.«Оғыз – нама» жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады.X ғасырда жазба әдебиет қалыптаса бастады. IX-XII ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.Жүсіп Баласағұни XIғ. (1021–1075 жж.) «Құтты білік» дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069 ж.). Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі – білім деп түйіндейді. Баласағұни еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартып, Ұлы хас-хажип атанған.Махмұт Қашғари XIғ. (1030–1090 жж.) 1072–1074 жылдары жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілдерінің сөздігі») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбек ғалым А. Егеубайдың аударуымен 1997–1998 жж. қазақ тілінде жарық көрді.Қожа Ахмет Иассауи XII ғ. (1103–1167 жж.) Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының сопылық бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Иассауи XII ғасырда өмір сүрген. Өмірінің көбі Сайрам мен Иасыда (Түркістан) өтеді. Бұхара қаласында діни білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін уағыздайды. Бұл кез Қазақстан жерін ислам дінінің жаңадан тарала бастаған уақыты болатын. Қожа Ахмет Иассауидың басты шығармасы «Диуани хикмат» (Даналық жайындағы кітап) 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғамбар жасына жеткеннен кейін өзінше о дүниеде өмір сүреді. Жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Иассауи өзінің ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIV ғасырда Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің басына үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың «екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған.Сүлеймен Бақырғани XII ғ. (Хакім ата) Ахмет Йассауидің шәкірті, Йасыда 1104 жылы дүниеге келіп, 1186 жылы Бақырған қыстағында қайтыс болған. «Дүниенің ақыры» («Ақыр заман») еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. «Диуани хикмет» және «Дүниенің ақыры» еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды.Ахмет Иүгінеки XII ғ. Толық есімі Әдиб Ахмед ибн Махмұд Иүгінеки. Түркістан маңындағы Иүгінек деген жерде дүниеге келген. Араб, парсы сияқты шығыс тілдерін жетік меңгерген. Ахмет Иүгінеки XII ғасырда «Хақиқатта» сияқты шығармалар жазған. Шығармалары ақиқат, адамгершілік сияқты рухани ойларды қамтиды. «Хақиқаттар хадисі» 14 тараудан, 235 беттен құралған. Басты тақырыбы – адамгершілік. Оның кітабы тек 1985 жылы басылып шығады.Әбу Насыр Әл-Фараби IX-X ғ. (870–950 жж.) Орта ғасырдағы ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби Сырдария өзенінің жағасында орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 жылы дүниеге келген. Толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан. Асқан білімділігімен «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым Әл-Фараби Бұхара, Самарқан, Дамаск, Бағдат, Александрия қалаларында өз білімін жетілдірген. Ол – философ, математик, тарихшы, физик, астроном, асқан дарын иесі. Араб, грек, парсы тілдерін еркін меңгерген. Архимед, Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген. Александрия, Отырар кітапханаларынан нәр алған. Оның әйгілі «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жұлдыздар бойынша болжаулар», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Вакуш туралы трактат» т. б. еңбектері тамаша ғылыми жетістіктер екені белгілі. Қыпшақ тайпасынан шыққан ұлы ойшыл Әл-Фараби 950 жылы Дамаск (Шам) шаһарында қайтыс болды.Әбу Райхан әл-Бируни X-XI ғғ. (973–1050 жж.) Әбу Райхан Бируни 973 жылы Хорезм орталығы Қият қаласының маңында туған. Ол – математик, физик, геолог, философ, астроном, этнограф, ақын, энциклопедиялық білімі бар ғалым. Орта ғасырдағы ғылымда араб, парсы, грек тілдерін меңгерген 22 жастағы Бирунидің аты шарықтаған, 150-ден астам кітаптың авторы. Дүниенің гелицентрлік жүйесін, дененің Жерге тартылысын, Жердің күнді айналатынын Бируни Галилей, Коперник, Ньютон сияқты ортағасырлық батыс ғалымдарынан 500–600 жыл бұрын айтқан. Хорезмде билік құрған Ғазнаның қол астына 33 жыл еңбек етеді. 600-ден астам қаланың координаттарын анықтап шығарады және глобус жасайды. «Астрономиялық кілт», «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Минералдардың сыбағалы салмағын табу ережелері» атты еңбектерді жазады.

20. Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы

Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.

Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.

Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 169 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав