Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абай философиясына сипаттама

Читайте также:
  1. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  2. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  3. йымның жалпы сипаттамасына жатпайды:сыртқы ортадан тәуелсіздік
  4. Мазмұнының сипаттамасы
  5. Оқу пәнінің сипаттамасы
  6. Оқу пәнінің сипаттамасы
  7. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
  8. Психикалық қасиеттерге сипаттама
  9. Тақырып: Тұлғаның аутистикалық сипаттамасы

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.

31. Шәкәрімнің басқасына ұқсамайтын дүниетанымы қалыптасады. Себебі, Шәкәрімнің көп шығармалары терең философиялық, тарихи сипатта жазылған. Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт, бағдар байқалады. «Тіршілік, жан туралы» деген философиялық өлеңідерінде былай дейді:
Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса, түпке қаш.
Дым тиіп, нүр кеп жылытса,
Өс тағы жайнап, көңіл аш,
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ татпай ма?
Жылынса, яки егілсе,
Оның да тағы таңы атпай ма? [1]
Шәкәрім өмірдің мәні мен дүниенің динамикасы жайлы көп жазған. Ол жас кезінен-ақ өмірдің өтпелі кейпін мойындаған, әлем құбылыстарының тоқтамай, таусылмай, жаңарып отыратынын сөз еткен. Айнала өмірге, табиғат құбылыстарына қарап, ненің болса да бас – аяғы жалғас жататынын, сонымен бірге ол өзгеріп, жаңарып отыратынын өзгеше қорытады.
Шәкәрім дүниетанымындағы маңызды да мәнді тағы бір аспектісі, оның динамиканы, яғни қозғалысты түсінуі. Оның ойы бойынша, қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы – Құдайдың ықылас , еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта өзгеруі немесе жоғалуы мүмкін. Ал Шәкәрім философиясы бойынша, біртіндеп туатын қажеттілігіне қарай, белгілі бір тәртіп пен себеп – салдар қатынасы бойынша дамып отыратын мақсатты процесс.

Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой толғайды.Түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде «Жан» сөзі мен «Мән» сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады. Шәкәрім деизмі.
Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген құштарлық пен талпынудан туған:
1. Неден бармын?
2. Не қылған жөн?
3. Жоғала ма жан өлген соң?
деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған.
Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған. Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің пайда болу, даму жолын яғни, «неден бармын?» деген философиялық сұраққа жауап беруге ұмтылатыны «Тіршілік, жан туралы» өлеңіндегі ой-толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген. Шәкәрімнің екінші сұрағының яғни «не қылған жөн?» деген мәселеге беретін жауабы – адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз. Шәкәрім қойған үшінші сұрақ – «Жоғала ма жан өлген соң?»
Жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикалары мен қара сөздерінде желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да, жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне көтерілді.

 

32. Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі – православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал – шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
Славянофи́льство — литературно- и религиозно-философское течение русской общественной мысли, оформившееся в 40—х годах XIX века, ориентированное на выявление самобытности России, её типовых отличий от Запада, представители которого выступали с обоснованием особого, отличного от западноевропейского русского пути, развиваясь по которому, по их мнению, Россия способна донести православную истину до впавших в ересь и атеизм европейских народов. Славянофилы утверждали также о существовании особого типа культуры, возникшего на духовной почве православия, а также отвергали тезис представителей западничества о том, что Пётр Первый возвратил Россию в лоно европейских стран и она должна пройти этот путь в политическом, экономическом и культурном развитии

33)Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.

34) Томас Гоббс (1588-1679) – кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы».
Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия – танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». – дейді
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі – оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі – мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету – Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.


Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 18 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2021 год. (0.025 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав