Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпарат басылымдарды (газет, журналдарды, теледидарды, радио) оқып танысу

Читайте также:
  1. Ақпаратты қорғау объектісі
  2. Ақпаратты-дидактикалық блок
  3. Баға жөнінде ақпараттар
  4. Бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар
  5. Благо может поступать потребление людей бесплатно (например, прослушивание песен по радио) или за плату (благо принимает форму товара).
  6. Жабдықтаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары
  7. Концентрациялы, тотығу-тотықсыздану, ақпаратты.
  8. Мақсаты:Қоспа құрамында ажырату мақсатыменүшіншітоп катиондарын анализдеу реакцияларымен танысу.
  9. Статистикалық ақпарат жинаудың бағдарламалық әдістемелік мәселелерін сипаттаңыз.

Пәнді оқу барысында студент жүйелі түрде басылымдарды оқып танысып отыруы, олардан Қазақстандағы азаматтық-құқық институттарының мәселелерін қарастыру, олардан алынған ақпаратты сабақта қолдану, тәжірибе материалдарымен танысуы қажет.

 

Жазбаша жұмыстар:

1.Материалды конспектілеу

2.Курстық жұмыстарды және рефераттар жазу

3.Тест тапсырмаларын орындау

4.Кесте толтыру, сызба дайындау

5. Кроссворд жасау

6. Есеп шығару

1. «Конспект» нысанындағы тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Конспект дегеніміз - оқылған мәтшнің мазмұнын қысқаша жазып алу, түртіп алу, не өзгеше айтқанда жүелі әрі логикалық байланыста жазу.

Әдістемеліқ нусқама: Осы тақырып бойынша ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс және семинар сабақтары барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайтыа бекіту мақсатында ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыңыз қажет, соның нәтижесінде ғана А4 форматты ақ қағазға тақырыптығы мазмұнын толықтай ашатын мәліметтерді қамтитын, қысқа да нұсқа түрде (яғни оқулықта не мақалада кездесетін басқа автордың ой-қорытындысын ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарды сөзбе сөз қайталап көшірудің кереп жоқ) тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша жазып алыңыз, бірақ ең бастысы -тақырыптың мазмұны ашылуы. СӨЖ тапсырмасы ретіндеп конспектіден ОЖСӨЖ тапсырмасы ретіндегі конспекті А4 форматты ақ қағазда орындалады, бірінші беті рефераттың бірінші беті (1 қосымша) сияқты толтырылады. СӨЖ тапсырмасын орындау:

Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінің мұқият оқып шығыңыз. Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы мұқият оқып шығыңыз. Семинар дәптеріңіздеп СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған осы тақырыпты конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Конспект А4 форматты ақ қағазға орындалады. Бірінші бетте (рефераттын I қосымшасы сияқты) ЖОО-ның, кафедраның толық атауы. ОЖСӨЖ тапсырмасының нөмірі мен тақырыбы, орындалу нысаны, орындаған студенттің және тексерген оқытушының аты-жөні жазылады. Конспект жазу барысында мәтінді сұрақтарға бөлудің қажеті жоқ, тек қарастырылатын сұрақтардың ретіне сәйкес болса болғаны. Мәтінді жазу барысында маңызды ұғымдардың анықтамаларын берген кезде оныңастын сызып, не оны өзге түсті қаламмен жазып, не өзгеше әдіспен ерекшелендіріп қойыңыз. Конспект жазу барысында жиі кездесетін сөздерді қысқартуға болады, бірақ бұл орайда өзіңіз де, өзге адам да бұл қысқартуды түсіне алуы қажет. Мәселен, «құқық» термині жиі кездесіп тырады, оны өзіңіз үшін конспектіде «құқ.» деп белгіледіңіз. Бірақ «құқықтық» немесе «құқықтың» деген сөздерді Сіз тек «құқ.» деп қысқарта алмайсыз, тиісінше «құқ-қ» және «құқ-ң» деп қысқартасыз. Конспектінің соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі көрсетілуге тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізімше «әйтеуір, көбірек болсын» деген қағиданы ұстанып, силлабуста көрсетілген барлық әдебиеттерді тіркеп жазудың қажеті жоқ. Тек осы конспектіні жазу барысында қолданған әдебиетті ғана жазыңыз.

 

2.Курстық жұмыстарды және рефераттар жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

2. 1. Реферат нысанындағы тапсырамасы:

Реферат дегеніміз - латын тілшдегі «refiеrrе» деген сөзден шыққан, сөзбе- сөз аударғанда баяндау, мәлімдеу дегенді білдіреді. Рефераттың келесідей түрлері бар: реферат-резюме (оны кейде реферат конспект деп те атайды). реферат-шолу. Реферат-резюме бір қайнар көз бойынша оның негізгі мазмұнына сипаттама беру арқылы, ал реферат-шолу болса, бір тақырыпқа арналған бірнеше қайнар көз бойынша, олардың негзгі мазмұнына сипаттама беру арқылы құрастырылады. Ұсынылған силлабусқа сәйкес Сіз реферат-шолу түріндегі реферат орындауыңыз қажет.

Реферат мақсаты: студенттің белгілі бір тақырыпқа (мәселеге) арналған бірнеше қайнар көздерге шолу жасау арқылы. оның мазмұнына қысқаша сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау: Белгілі бір тақырыпта реферат нысанындағы ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс және семинар сабақтары барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайтыа беюту мақсатында ұсынылған негізп және қосымша әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыньп қажет, соның нәтижесінде ғана А4 форматты ақ қағазға тақырыптығь: мазмұнын толықтай ашатын мәліметтерді қамтитын қысқа да нұсқа түрде (яғни оқулықта не мақалада кездесетш басқа автордың ой-қорытындысын ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарды сөзбе-сөз қайталап көшірудің керегі жоқ) тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша жазып алыңыз, бірақ ең бастысы - Сіз осы тақырып жөніндегі өз пікіріңізді білдіруіңіз керек.

Реферат нысанындагы ОЖСӨЖ тапсырмасына дайындалу ушін Сіз келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

· Рефератты жазуға ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни реферат ертең тапсырылуы тиіс деген күні ғана, бір күн (түн) ішінде дайындамаңыз. Себебі тым асығыс, әрі тез қарқынмен оқып жазған жағдайда аса ауқымды мәліметті ұғына да алмайсыз, сондай-ақ мұндай рефераттың сапалы болуы екі талай.

· Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінің мұқият оқып шығыңыз. Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз.

· Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы) мұқият оқып шығыңыз. Ең алдымен, рефераттың жоспарын құрастырыңыз, яғни рефератты жазып отырып, тақырыптың мазмұнын ашу барысында мәліметтер мен деректерді қандай ретпен жазатындығыңызды анықтап алыңыз. А4 форматты ақ қағазға рефератқа қойылатын барлық талаптарды ескере отырып, мәтінді жазаңыз. Реферат қағазының форматы келесідей болуы тиіс: үстіңгі және астыңғы жағы 2 см, сол жағы 3 см, ал оң жағы 1,5 см. Егер мәтін компьютерлік теріліммен орындалған болса, шрифт – KZ Times New Roman (14 pt), интервал 1,5, абзац - 1,5см.

Рефераттың құрылымы бірінші беті (титулька), жоспары, кіріспе. мәтін. қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша (қосымша тіркелсе ғана). Реферат құрылымының әрбір элементіне қысқаша сипаттама төменде беріліп өтеді. әрбір бөлім (кіріспе, 1 бөлім, 1.1. бөлімшесі, қорытынды, қолданылғана әдебиет тізімі, қосымша) жаңа беттен басталуы тиіс.

Реферат жазу барысында мәтінді жоспарға сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу және сол бойынша мәтінді жазу қажет. Реферат мәтіні бір-бірімен логикалық байланыста болатын бөлімдер мен бөлімшелерден тұруы қажет. Мәтінді жазу барысында маңызды ұғымдардың анықтамаларын берген кезде, оның астын сызып, не өзгеше әдіспен өзгешелеп қойыңыз. Реферат жазу барысында ресми бекітілген қысқартуларды қоспағанда, жиі кездессе де сөздерді қысқартуға болмайды, себебі бұл орайды рефераттың мәтінінің мәні мен мазмұны өзіңізге де, өзге адамға ұғынықсыз болып қалады. Ресми бекітілген қысқартуларға, мәселен, «Қазақстан Республикасы» сөзін «ҚР» деп, «тағы басқа» деген сөзді «т.б.» деген қысқартуларды жатқызуға болады. Рефератты жазу барысында қандай да бір қайнар көзден цитата болсын, белгілі бір автордың ой-пікірін алған болсаңыз, міндетті түрде сол қайнар көзге сілтеме жасаңыз. Сілтемеге қойылатын талаптар толығымен төменде беріледі. Рефераттың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі көрсетілуі тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізіміне «әйтеуір, көбірек болсын» деген қағиданы ұстанып, силлабуста көрсетілген барлық әдебиеттерді тіркеп жазудың қажеті жоқ. Тек осы рефератты жазу барысында қолданған әдебиетті ғана жазыңыз.

Рефераттың бірінші бетіне қойылатын талаптар (1 қосымшаны қараңыз):

Ең алдымен Жоғарғы оқу орнының толық атауы, реферат орындалып отырған пәнге қатысты (тиесілі) кафедраның атауы жазылады. Рефераттың тақырыбы және қандай пән бойынша орындалып отырған жазылады. Рефератты орныдаған студент пен оны тексерген оқытушының аты-жәні жазылады. Рефераттың орындалған жері мен жылы жазылады.

1 ңосымша

ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАН ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ

 

Құқық және тарих кафедрасы

 

 

ОЖСӨЖ №_____

Тақырыбы: ________________________________________________________________

 

(тақырыптың толық атауы)

Пәні: ______________________________________________________

Нысаны: Реферат

 

Орындаған:_____топ

студенті___________

Тексерген: ________

 

 

Өскемен – 2014

Рефераттың жоспарына қойылатын талаптар (2 қосымшаны қараңыз): Жоспарда

Жоспар нақты анықталған болуға тиіс. Жоспар рефераттың тақырыбынан ауытқымауы қажет. Бөлімдер бөлінген кезде тақырыптың мазмұнын толықтай ашуга мүмкіндік беретіндей бөлінуге тиіс. Тақырыпқа байланысты бөлімдер мен бөлімшелердің саны өзгеруі мүмкін. бірақ кем дегенде екі бөлімнен тұруы керек, бұл реттерде әр бөлімдегі бөлімшелердің тақырыпшалары сол бөлімнің тақырыпшасынан, ал соңғысы өз кезегінде рефераттың тақырыбынан ауытқымауы керек. Мәтін жазылу барысында жоспарда көрсетілген реттілік сақталуға тиіс.

Қосымша ретінде әр түрлі суреттер, таблицалар, сызбалар (схемелар). диаграммалар қоса тіркелген жағдайда ғана, жоспарда «қосымша» деген жазу болады.

Рефераттың кіріспесі: Кіріспеде, жалпы рефераттың қысқаша сипаттамасы беріледі деуге болады, яғни реферат тақырыбының өзектілігі және басқа авторлармен зерттелгендігі, рефератты жазу барысында шолу жасалған қайнар көздерінің тізімі мен шолу нәтижелері, рефераттың мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.

Рефераттың мәтіні: Рефераттың мәтіні жоспарға сәйкес анықталған бөлімдер мен бөлімшенің ретіне қарай, әр бір бөлім мен бөлімше жаңа беттен басталып жазылады.

Рефераттың қорытындысы: Қорытындыда, жалпы, реферат бойынша студенттін ой-пікірі, ой-қорытындылары қорытылып, өз бекітімін табады. Егер рефераттың кіріспесінде студент өз алдына қандай да бір мақсат пен міндеттерді қоятын болса, онда қорытындыда студент рет-ретімен осы мақсат пен міндеттерге қол жеткізгендігі не жеткізбегендігі (жеткізбесе, неге байланысты жеткізбегендігі) жайында қысқаша тоқталып өтеді. Ең бастысы. студент реферат бойынша білдірген барлық ой-пікірлерінің түйінін қорытындыда анық, әрі нақты белгілеуі қажет.

2 қосымша

ЖОСПАР

Кіріспе

1.1. 1.2.

2.

2.1.

2.2.

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Қосымшалар

Сілтеме жасауға қойылатын талаптар: Рефератта сілтеме жасауға қойылатын талаптар Жоғарғы Аттестациялық Алқа (Комиссия) кандидаттық және докторлық диссертациялар мен авторефераттарға қоятын талаптарға сәйқес болып келеді. Реферат қол жазбалық болса да, компьютерлік терілім болса да, сілтемеге қойылатын жана. соңғы талаптар келесідей: белгілі бір қайнар көзден цитата түрінде немесе қандай да бір автордың ой-пікірі ретінде алынап отырылған сөйлемнің не абзацтың соңында тік бұрышты жақша ашылып, оның ішіне сілтеме жасалып отырылған қайнар көздің рефераттың соңындағы қолданылған әдебиеттер тізіміне тіркелген нөмірі мен нақты беті көрсетіледі. Ал қолданылған әдебиет тізіміне қайнар көздер рефераттың мәтінінде кездесу ретіне қарай орналастырылады.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 566 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2026 год. (0.406 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав