Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы және шаруашылықтанудың негізгі үлгілері.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

1. А.П. Егоршин – Основы управления персоналом –Нижний Новгород, 2003 год,303 стр.

Дәріс сабақтарының тезистері

 

Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері.

1.Негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы және шаруашылықтанудың негізгі үлгілері.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі.

3. Мемлекеттік реттеудің түрлі үлгілері.

4. Экономиканы мемлекеттік реттеу ұғымының анықтамасы.

5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері.

 

Негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы және шаруашылықтанудың негізгі үлгілері.

Экономикалық мәселелерді шешу үшін қоғам көптеген институционалдық құрылымдар мен үйлестіру механизмдерін қолдана алады. Бүгінгі күні қолданылып отырған экономикалық жүйелер түрлері мен олардағы мемлекеттің рөлін толығымен қарастырайық..

Нарықтық жүйе. «Таза» капитализм қорларға жеке меншіктікпен және нарық пен баға жүйесін экономикалық іс-әрекетті үйлестіру және оны басқару үшін қолданумен сипатталады. Экономикадағы мемлекеттің рөлін жоққа шығаратын, нақтырақ айтқанда төмендететін экономика ғылымындағы либералдық ағыс өз бастамасын заманауи саяси экономиканың негізін қалаушы Адам Смиттен алады. Ол экономика ғылымына «көрінбейтін қол» және «түнгі күзетші» ұстанымдарын енгізді. Бірақ, А.Смиттің заманында да мемлекет өмір сүрген, және де ол сол уақытта да шаруашылық өміріне белсене араласқан. А.Смит мұны көрмеуі және ол мәселе туралы ойламауы мүмкін емес еді. Соңында ол, мемлекет нарықтық байланыстар жүзеге асатын ойын тәртібін қорғауы және күзетуі немесе «түнгі күзетші» рөлін орындауы қажет деген қорытындыға келді.

ХХ-ғасырда еркін нарықтың неғұрлым ізбасар және мақсатты жақтаушысы Фридрих фон Хайек болды, оның арқасында либералды экономикалық теория өзінің «екінші ашылуына» ие болды. Оның жақтастарының арасында аса ірі экономистер П.Самуэльсен, М.Фридмен және басқалар болды. Бірақ заманауи «неолибералдық» экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемей ғана қоймай, оған қосалқы рөл береді және мемлекеттің экономикадағы рөлін біртіндеп төмендету үшін ойнайды.

Жоспарлы экономика. Бұл жүйенің мәні келесімен сәйкестенеді: қоғамдық (мемлекеттік) меншік тұтастай алғанда өндірістің барлық материалдық қорларына; топтық реттеу орталық жоспарлаушы ұйымынан (Мемжоспар); өндірістік қорлар мен өндірілген өнімдерді орталықтандыра бөлу: орталықтандырыла тағайындалған баға. Шаруашылықты жоспарлы жүйеде жүргізу теориясының негізін қалаушы ХІХ-ғасырдағы аса ірі экономистердің бірі К.Маркс болды, ол капитализмнің коммунизммен, жеке меншіктің – қоғамдықпен, бәсекелестіктің – жоспармен ауысудың объективті қажеттілігін, өндірісті қоғамдастыру процесінен ала отырып дәлелдеді. Маркстік экономикалық теорияның аса ірі ізбасарлары К.Каутский, Ф.Энгельс, В.Ленин және басқалар болды.

Аралас жүйелер. Қазіргі уақытта көптеген авторлар нарықтық экономика мемлекеттік және жеке секторлар өзара әсерлесетін, және де сол уақытта ол не мемлекеттік, не жеке болмай, екі секторды да қамтитын аралас болатынын атап көрсетеді. Аралас экономикада мемлекет және жеке сектор (кәсіпорын және тұтынушы) тұтасымен алғанда қоғам үшін маңызды рөл атқарады. Барлық елдердің экономикалық жүйесі аралас болып табылады, біреулері топтыққа көптеп ұмтылса, сол уақытта басқалары негізінде нарықтық әдістерге сүйенеді.

Шаруашылықты ұйымдастырудың ұлттық үлгілері. Экономикалық жүйелерді типке байланысты бөлуден басқа, әр жүйеде сол елдің мәдени, тұрмыстық, тарихи дәстүрлеріне, экономикалық даму деңгейіне негізделген және сол елге тән шаруашылықты ұйымдастырудың өзінше ұлттық үлгілері бар. Жапондық үлгі халықтың өмір сүру деңгейінің еңбек өнімділігінің өсімінен артта қалуымен сипатталады. Осының есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттігін арттыруға қол жеткізіледі. Шведтік үлгі мүліктік теңсіздікті халықтың неғұрлым аз қамтылған бөлігінің пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу есебінен қысқартуға бағытталған күшті әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 107 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав