Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Читайте также:
  1. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  2. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  3. Баға белгілеудіи мақсаттары, стратегиялары және әдістері
  4. ІІ. Статистика пәні және міндеттері
  5. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың мәні мен міндеттері
  6. Леуметтік саясат ұғымы, міндеттері
  7. Лттық экономика түсінігі және мақсаттары.ҚР медициналық кластердің дамуы
  8. Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері.
  9. Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
  10. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаттары, міндеттері.

 

Деятельное раскаяние и его уголовно-правовое значение

 

Студент(ка)

группы _______ М.А. Степанова

(подпись)

 

Руководитель

доцент, к.ю.н. Е.В. Андреева

(подпись)

 

Димитровград 2014

 

ПӘН БОЙЫНША СТУДЕНТ ҮШІН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS).

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

 

 

Мамандығы:

педагогикалық мамандықтар үшін

«Қазақстан тарихы»

 

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

 

АҚТАУ 2013

 

Пәннің сипаттамасы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы және одан бері өткен он жылдағы күрделі өзгерістерқоғамдық санада сілкіністер тудырды, әсіресе тарихқа деген көзқарас түбегейлі өзгерістерге ұшырай отырып, ерекше маңызға ие болды.

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.

Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингенттарихымен,көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міндеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оқу орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекеттік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.

«Қазақстан тарихы» курсы барлық мамандық студенттеріне 1-курстың 1-семестрінде жүргізіледі, курсты оқу 1 семестрге ғана арналған. Студенттердің меңгерген білімдері семинар, СОӨЖ сабақтарындағы ауызша жауаптары, жазба жұмыстары арқылы қадағаланады. Семестр соңында жазбаша тест түрінде мемлекеттік емтихан тапсырылады.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Курстың мақсаты:

Тарихи құбылыстарды жаңаша тұрғыда түсінуге қол жеткізу:

- объективтік ғылыми тұрғыдан қазақ халқының бұрынғы және қазіргі кезеңдегі тарихи болмыстарды түсінуге, жаңа әдістерді табуға студенттерге көмектесу;

- Қазақстан тарихындағы ежелгі дәуір мен осы күнге дейінгі мәселелері туралы студенттерге мағлұмат беру, қазақ халқының тарихын басқа халық-тардың тарихы сияқты бірнеше ондаған ғасырлар бойы тамыр жайғанын дәлелдеп көрсету;

- тарихты оқып-үйрену жастарға, әсіресе жоғары білімі бар мамандарға тек өткен тарихи өмірді білу үшін ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманның мәселелерін бұрынғы кездегі тәжірибені талдай отырып, дұрыс түсінуге және бұл келешек дамуды жан-жақты білуге көмектесетінін, оларды іске асыру жолында белсенді күресуге шақыратынын көрсету.

Мiндеттерi:

Қазақстан тарихын оқып-үйрену әрбір азаматтың міндеті екенін және өз халқының тарихын білмей немесе бұрмалау ұлтшылдыққа, шовинистік пиғылға және мәңгүрттікке соқтыратыны туралы студенттерге түсінік беру;

- Қазақстан тарихы пәнінің ерекшеліктерін, оның басқа пәндермен салыстыр-ғандағы өзіндік орнын ұғыну;

- Қазақстан тарихындағы қордаланған аса бай деректерді салыстыра біліп, бүгінгі таңдағы адамзат алдында тұрған мәселелерді тарихи тұрғыдан сұрыптап шеше білу;

- Отандық тарихтың актуальды проблемаларын жете түсініп, оның адамзат қоғамындағы алатын орнын анықтау;

- Тарихи фактілер мен деректерді қазіргі кездегі археологиялық, мұрағаттану және т.б. гуманитарлық ғылымдармен байланыстыра отырып сұрыптау;

- Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамындағы болып жатқан процестер мен реформаларды ғылыми негізде зерттеп білу.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 74 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав