Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері

Читайте также:
  1. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  2. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  3. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  4. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  5. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  6. Автокөлік құралдарын жөндеу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
  7. Ажеттілік түсінігі. А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
  8. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  9. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  10. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік

Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.

Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбеқ. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу

осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар

қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар

кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.

Жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің өзіне тапсырылған еңбек міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшін тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға қүқықты: ескерту, сөгіс, жеке еңбек шартын бұзу.

Тәртіптік жазалардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады. "Еңбек туралы" Заңның 94-бабының 2-тармағында осы заңда көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді деп нақты айтылған.

Жұмыстан шығару еңбек тәртібін қасақана бұзатын және тәртіптік шаралар ықпалына көнбейтін қызметкерлерге қолданылатын ең ақырғы шара болып табылады. Жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына жазылады. Жазалаудың өзге шаралары еңбек кітапшасына жазылмайды. Жұмыс берушіге тәртіптік жазалау қолдануға құқық берілген. Жұмыс беруші тәртіптік жазалауды қолданған кезде жасалған теріс қылыктың ауырлық дәрежесін, оның қандай жағдайда жасалғанын, қызметкердің бұдан бұрынғы мінез- құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртіптік жазаның жасалған теріс қылыққа сәйкестігін ескеруі керек.

Жұмыс беруші тәртіптік жазаны теріс қылық ашылғаннан кейін қолдануы тиіс. Жаза қолданбас бұрын тәртіп бұзушыдан жазбаша түсініктеме талап етілуі керек. Жаза теріс қылық ашылған күннен бастап бір айдан қалдырылмай қолданылуы қажет және оны алты айдан кейін қолдануға болмайды. Әрбір еңбек тәртібін бұзғаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылатындығы белгіленген. Жаза бұйрықпен жария етіледі және қызметкердің қолын қойдыру арқылы оған ескертіледі.

Қызметкерге осы көрсетілген талаптардың тым болмағанда біреуін бұзу арқылы берілген төртіптік жазалар жарамсыз деп танылады.

Қызметкерге одан жазбаша түрде түсініктеме алмай, мерзімін бұзу арқылы (ашылған күннен бастап бір ай ішінде және тәртіп бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай ішінде) немесе қызметкерге оның қолын қойдырмай жарияланған тәртіптік жазалаулардың заңдық күші жоқ. Қызметкер өзінің еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен екінші рет бұзған жағдайда, егер ол бұрын да тәртіптік жаза алған болса, онымен жеке еңбек шартын бұзу туралы мәселені шешерде есепке алынбайды.

Мұндай тәртіптік жазалауларды алып тастау жөнінде жеке еңбек дауларын қарау үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша шағымдануға болады (еңбек дауларын қарайтын келісім комиссиясына, сотқа). Бағыныштылық тәртібімен берілген жазалауларды алу үшін мемлекеттік қызмет жоғары тұрған органға (лауазым иесіне) не сотқа шағымдана алады.

Тәртіптік жазалаулардың олар қолданылған күннен бастап алты ай ішінде күші бар. Егер қызметкерлерге осы мерзім ішінде жаңадан тәртіптік жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. 6 ай мерзім өткеннен кейін бұл туралы бұйрықтың шығарылғаны не шығарылмағанына қарамастан тәртіптік жаза өзінен-өзі күшін жояды.

Қызметкерлер жұмыста болған кезінде кәсіпорынға немесе мекемеге зиян келтіретін болса, материалдық жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда қызметкер жалақысынан төлеу арқылы келтірілген зиянның орнын толықтай өтейді. Сондықтан да қызметкерді жұмыска алғанда кәсіпорынның не мекеменің мүліктеріне ұқыпты болу талап етіледі. Кәсіпорынның немесе мекеменің мүлкін ұрлағаны үшін қызметкер қылмыстық жауапқа тартылады.

Сонымен, қызметкер өзіне жүктелген еңбек міндеттерін ойдағыдай орындайды. Жұмыс беруші материалдық және моральдық көтермелеу шараларын, егер қажет болған жағдайда тәртіптік ықпал ету шараларын пайдалана алады.

Жұмыс берушіге өндірістік жарақаттың алдын алатын техника қауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу, қызметкерлердің кәсіби және өзге де науқастарға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету міндеттері жүктеледі. Жұмыс беруші, сонымен бірге қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды сақтауын бақылап отырады.

Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада — мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.

Заңды жауапкершілік — тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.

Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Занды жауапкершілік — тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық — іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.

2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.

Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік занды болып табылады.

Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:

- теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;

- адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;

- жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;

- бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;

- жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;

- жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.

Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді:

- Құқық бұзушылыктың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;

- Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;

- Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, завды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру.

Жауаптылық қағидасы:

- Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;

- Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;

- Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;

Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмүны оның қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса, жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы.

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Завдылык, режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың өрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

Сонымен занды жауапкершіліктің функциялары:

1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.

2.Бұзылған құқықты қалпына келтіру — азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құкықты қалпына келтіреді.

З.Тәрбиелік азаматтық занды сақтап, өзгелердің құқықтары мен занды мүдделерін құрметтеуге баулаиды.

Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.

1). Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

- ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;

- бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;

- темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

2). Қылмыстық және өкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

3). Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін занда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын өз еріктері мен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің қажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі — азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.

Занды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты — құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік — соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық — тек соттық тәртіпте іске асады.Сонымен, құқық бұзушылықты — құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән — жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 169 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав