Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мегаэкономика: дүниежүзілік шаруашылық, оның мазмұны және құрылымы.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Дүниежүзілік шаруашылық – бұл ұлттық экономиканы халықаралық еңбек бөлінісі бірлік жүйесімен байланыстыратын глобалды экономика.

Дүние жүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынас бөлінеді. Олар келесі формада болады:

- халықаралық сауда;

- капитал шығару және халықаралық несие;

- халықаралық валюталық қатынас;

- халықаралық жұмыс күші миграциясы;

- ғалым және техника облысында халықаралық айырбас.

Әр факторларды жеке қарастырайық:

Халықаралық сауда (ХС) – бұл тауарлар мен қызметтерді экспорт арқылы жүргізетін халықаралық экономикалық қатынастар формасы.

ХС-ның негізгі себептер:

- әр елдерде экономикалық ресурстарды бөлуде және қамтамасыз етуде тепе-теңсіздік;

- әр елдерде әр түрлі технология тиімділігінің әр түрлі деңгейде болуы;

Халықаралық сауда белгісі келесіде:

- ұлттық ресурс базасының шектеулігін жеңу;

- сыртқы нарық көлемін кеңейту және ұлттық нарықты дүниежүзілік нарықпен байланысын бекітуі;

- ұлттық және интернационалды өндіріс шығындарының айырмашылығы есебінен қосымша кіріс алумен қамтамасыз ету;

- шетел ресурстарын тарту есебінен өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемі келесі көрсеткіштерден көрінеді: тауарлар мен қызметтер экспорты, импорты, таза экспорт. Осы көрсеткіштердің әрқайсысының ЖҰӨ қатынасы олардың ұлттық экономикадағы орынын және өсу динамикасын көрсетеді.

ХС тиімділігі әртүрлі экономикалық мектептерде әртүрлі бағаланады.

- Меркантилистер экспорттан ақша және тауар импортын жоғарлату прицнипін жақтайды;

- А.Смит бізге қарағанда басқа ел өте арзан бағамен өндіретін тауарларды сатып алу керек дейді. Әдебиетте оның теориясы «абсолютті артықшылық теориясы» атын алды.

- Д.Рикардо «салыстырмалы артықшылық теориясын» дайындады, оған А.Смиттің концепциясы кездейсоқ жағдай ретінде енді және ХС тиімділігін бағалау кезінде абсолютті емес салыстырмалы эффекті салыстыру керек екенін дәлелдеді: оның ойынша әр тауарды өндіруге жүктелген шығындар қай елде төмен, сол елде шығарылса, шығарылған өнімнің жиынтық көлемі максималды болады.

Әрі қарай Д.Рикардо теориясын А.Маршалл және Джон Миллн дамытты.

Протекционизм – бұл ұлттық экономиканы шетел тауарларынан және шектеулі импорттан қорғауға бағытталған саясат.

Фрипаредерство – бұл еркін сауда саясаты. Протекенсонистік саясаттың келесі бағыттары бар:

- дайын өнім импорты кезінде жоғары және экспорт кезінде төменгі кеден салуды қарастыратын кедендік салымдар;

- тарифтік емес барьерлер: контингенттеу, лицензиялау, мемлекеттік монополия.

Контингенттеу - бұл жеке тауарлар импортына немесе экспортына анықталған квота бекіту.

Лицензиялау - бұл ұйымның ішкі экономикалық әрекет жүргізуге рұқсат (лицензия) алу.

Мемлекеттік монополия - бұл мемлекеттік ұйымдардың ішкі экономикалық әрекеттің анықталған түрін жүргізу құқығы.

Фритредерство протекционизмге реакция ретінде ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Англияда арнайы экономикалық саясат болды. Негізгі фритредерство Д.Рикордоның «салыстырмалы шығындар теориясы» болды. Қазіргі күндері фритредерство ақыры жеңді және «ашық экономика теориясына» енді.

Елдің аралық ішкі экономикалық жағдайын көрсететін маңызды түсінік төлеу балансы болып табылады.

Төлеу балансы - бұл анықталған уақыт аралығында төлемдердің шекарадан шығуға және шекарадан түсуге қатынасы.

Төлеу балансы негізі сауда балансы болып табылады. Сауда балансы - бұл экспорт және импорт тауардың қатынасы.

Оның негізінде шекараны қиятын тауарлар туралы кедендік статистика мәліметтері бар.

Капитал шығару – бұл ұлттың айналым процесінен капитал бөлігін шығарып тастау және басқа елдерге әртүрлі формада өндіріс процесіне қосу.

Капитал шығару мақсаты - ұлттық шаруашылық жағдайымен салыстырғанда интернационалды өндіріс факторларын қолданумен байланысты артықшылық есебінен басқа елден өте жоғары пайда шамасын алу.

Капитал шығару формалары: кәсіпкерлік және саудалық. Кәсіпкерлік капитал шекарадан тыс тікелей инвестиция және кәсіпкерлік құру үшін немесе жергілікті компанияға ақша салу үшін (партфелді инвестиция). Саудалық капитал саудалық процент әкелетін займ несие түрінде шығарады.

Ел үшін капиталды шығару салдары енгізілген капитал бір мағыналы емес. Бір жағынан капитал экономиканы дамытуды қамтамасыз етеді. Екінші жағынан шетел капиталы өзі үшін пайдалы қолдау, бір жақты, негізінен ұлттық экономиканың шикізатты дамытуы.

Капитал шығару және кәсіпорын құру базасында басқа елде капиталды интернационалдау және трансұлттандыру болады, транс ұлттық корпорация құру (ТҰК).

ТҰК – бұл:

- екі немесе бірнеше елдерде еншілес компаниялары бар компания;

- бір немесе бірнеше орталықтан саясат жүргізе алатын шешім қабылдау жүйесі бар компания;

- әрқайсысының бірігуі басқа компания қызметіне әсер ететін еншілес компаниялармен байланысы бар компания.

ТҰК өзінің қызығушылығын белгілі деңгейде көтеріп, барлық дүние жүзілік сауда құрылымын елеулі өзгертеді.

Капитал шығарудың қазіргі ерекшеліктері:

- жаңа технология ортасында тікелей инвестициямен өндірілген капитал экспорт масштабының өсуі;

- жоғары дамыған елдерге айрықша капитал шығару;

- капитал экспортері ретінде дамыған елдер рөлінің өсуі.

Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы. Жұмысшы күші миграциясы - бұл жұмысқа қабілетті халықтың ұлттық шекарадан тыс орналасуы, көшу.

Миграция себептерін экономикалық және экономикадан тыс деп бөледі. Экономикалық: төмен маманданған жұмысшы күшіне сұранымның төмендеуі және оның жағдайының өсуі, дамыған елдерге жоғары маманданған мамандарға сұранымның өсуі, еңбек ақыда халықаралық айырмашылық. Экономикадан тыс: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б.

 

11.2 Халықаралық валюта жүйесі, мәні, құрылымы, эволюциясы.

Елдер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар олардың валюта айырбастау қажеттілігін тудырды.

Валюта (баға, құн) - бұл елдің ақша бірлігі. Әр елдің халықаралық құқық нормасы есебінен ұлттық заң шығару негізінен қалыптасқан жеке ұлттық валюталық жүйесі бар.

Ұлттық валюта жүйесімен дүниежүзілік валюта жүйесі қалыптасады.

Халықаралық валюта жүйесі сыртқы нарықтарда орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін ережелер, заңдар, мекемелер жиынтығын көрсетеді.

Оның құрамдық элементтері:

- негізгі халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, экю);

- валюталық курсты бекіту және қолдау механизмі;

- валюта айналымдылық жағдайы (конверттеу);

- халықаралық нарықтар тәртібі;

- валюта қатынастарын реттейтін мемлекет аралық қаржылық мекемелер статусын анықтау.

Дүниежүзілік валюта жүйесі өзінің дамуында үш этаптан өтті, бірінші - оның пайда болу кезінен (ХІХ ғ.). Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін, екінші 30-жылдар аяғынан 70-ші жылға дейін (бұл этаптың мазмұны 1994 жылы Британ-Вудек конференциясында анықталды), үшінші 70-ші жылдары және қазіргі күнге дейін, 1976 жылы Ямайкада бекіді.

Дүниежүзілік валюта жүйесі алғашқы екінші этапта ұлттық валютаға заңды түрде алтын мөлшерін және банктер өздерінің шығарған банкноттары алтынға айырбас жүрген кезден бастап алтын стандартқа негізделді. Үшінші этапта кесектерді валютаға сату АҚШ-та, содан кейін халықаралық нарықтарда тоқтатылды. Дүниежүзілік ақша талоны болып дүниежүзілік ақша бірлігі СДР (шеттен алудың арнайы құқығы) аталды.

Ұйымдық валюталық бірлік әртүрлі ауытқуларда дүниежүзілік ақша есебінде ауыстыруларда дүниежүзілік ақша есебінде алтынға айырбастауға әкелген дүние жүзілік валюта жүйесінің тоқырауы нәтижесінде даму алды. Бұл валюталық бірліктер ұлттық валюта курсын теңестіру үшін ақша есебінде енгізілді. Олар банкнот немесе монета түрінде шығарылмайды, тек жазбаша ақша есебінде болып табылады (book money). Олардың курсын халықаралық есеп айырысуларға, яғни девизге қызмет көрсету үшін дүниежүзілік ақшаға айналдырғысы келетін ұйымдастырушы - елдер бекітеді.

Ұлттық валюта алтынмен байланысын жоғалтқанмен соңғы жалпы айналым құралы қызметін орындауын тоқтады, ол алтынның демонетизациясын білдіреді, оны жай тауарға айналдыру, сұраным мен ұсынымның әсерінен бекітілген баға. Бірақ, сонымен қатар алтынның өтімділігі жоғары болып қалады.

Мемлекеттер арасында валюта айырбастау және есептеу валюта курсы негізінде жүргізіледі.

Валюталық курс - бұл басқа ел валютасы ақша бірлігінде көрінетін берілген ұлттық валютасының ақша бірлігінің бағасы.

Алтын стандарт кезінде валюта курсы тұрақты болады. Ол алтын пармжтке негізделген (лат.paritas - тең).

Алтын салмағының шегі тройскалық унция 31,1 г. алтынға тең. Егер, мысалы, ағылшын фунд стеренгі алтын мөлшері ¼ унци алтын құрады, ал АҚШ доллары 1/20, онда олардың валюталық курс 1:5 құрады, яғни 1 ф.ст. 5 долларға тең.

1917 жылға дейін рубльдің алтын мөлшері 0,774232 тең, ал 60-шы 90-шы жылдары 1 рубль 0,987672 г. алтынға тең болды. Осы жылдары бір доллар 0,88857. Рубльге доллар курсы: 1 долл. = 0,8996 копейка.

Долларды алтынға айырбастаудың арнайы тоқтағаннан кейін (1971 ж.) валютаның тұрақты курсы тұрақсыз курсқа ауысты.

Валютаның тұрақсыз курсы алтынмен емес, валютаға сұраным мен ұсыным арқылы анықталады. Шетел валютасына, сонымен қатар валюталық курсқа сұраным мен ұсыным елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарына әсер етеді: ұлттық кіріс және өндірістің шығын деңгейі елдегі ақшаның нақты сатып алу қабілетіне және инфляция деңгейіне: дүние жүзілік нарықта ұлттық валютаға сенім деңгейі және т.с.с.

Ұлттық экономиканы дүниежүзілік экономикаға қосу үшін ұлттық валюта конверттелген болуы керек.

Валютаның конверттелуі бұл ұлттық ақша бірліктің әртүрлі халықаралық есеп айырылысуда еркін қолданылуы.

Айналым тәртібі көз қарасынан еркін конверттелген валюта (ЕКВ), жартылай конверттелетін және конверттелмейтін деп бөлінеді.

ЕКВ халықаралық есепайырысуда жанамалайды, яғни дүние жүзілік ақша қызметін орындайды. Қазіргі уақытта ЕКВ АҚШ және Канада доллары, фунт стерингы, ФРГ маркасы, жапондық иен, швецар франкі жатады.

Көптеген елдерде жартылай қайтқыш валютасы бар. Елдің конверттелмеген валютасына ұлттық және шетел валютасын сату және сатып алу, айырбастау, шеттен әкелу, сыртқа шығару бойынша қатал шаралар қабылдайтын үкімет валютасы жатады.

Халықаралық валюта жүйесінің қызметі халықаралық қаржы ұйымына кіретін: халықаралық валюта қоры (ХВҚ), қайта құру және дамудағы халықаралық банк (ҚҚ және ДХБ), экономикалық қарым-қатынас және дамуды ұйымдастыру (ӘҚҚ және ДҰ), халықаралық даму ассоциациясын (ХДА) және т.б. Олардың қызметінің мазмұны - мемлекет аралық реттеумен нарықтық күштің үйлесуі дүние жүзілік валюта қатынастар механизм координациясын құруға ұмтылу. Бірақта, бұл ұйымдар халықаралық валюта жүйесіне шексіз қарама-қайшылықты жол алмады және оның мәселелері әлі күнге дейін қазіргіге қажет.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 103 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав