Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфорттың толеранттылық заңы.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді

Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады

1913ж В.Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай <Максимум >заңын ,яғни төзімділік шек заңын ашты.Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау,төзу ).

Экологиялық факторлар оптималды жағдайдан ауытқығанда организм тіршілігінің төмендеуінің жоғарғы шегі, организмнің тіршілігін сақтау ұстамдығы,төзімділігі <төзімділік шек >деп аталады.Әрбір организмнің өзіне тән төзімділік шегі болады.Кез-келген жағдайдың толеренттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттік жағдай немесе лимиттік(шектеуші )факторлар деп аталады.Төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.

Организм үшін максимальды және минимальды жағдайда қауіпті,органимзде өзгерістер жүріп,оның тіршілігін жояға дейін алып барады,оны летальді жағдай деп атайды,

Летальді жағдайға жетпеу үшін организмге әсер ететін заттың белгілі бір шекті концентрациясы белгіленеді

Толеранттық шек болатын факторлардың түрлері өте көп.

Организмдер көбею кезінде,қоршаған орта жағдайы лимиттік фактор болады.Ыстық сүйетін өсімдіктер үшін аяз,солтүстік аудандарда күн сәулесі жетпей,ылғалдың артық болуы ,ал оңтүстікте күн сәулесінің артық болуынан ылғалдылық жетпеуі лимиттік фактор,мысалы бола алады.

6.Организмдердің толеранттылыққа байл топтары.Оганизмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады,Ондай заңдылықтарға :оптимум ережесі,шектеулі факторлар ережесі,факторлардың өзара әсері ережесі және т,б жатады.Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық факторлардың белсенділігі оптимум немесе экологиялық факторлардың оптимум аймағы деп аталады.Оптимум аймағынан тыс,организмнің тіршіліне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы деп аталады.Белгілі бір факторларға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық толеранттылығы деп атайды.

Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып,организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913ж американдық зоолог В,Шелфорд енгізді,Бұл максимум немесе төзімділік(толеранттық) заңы деп аталады,Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды.

Экологиялық валенттілік –организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі,Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары болады.Эврибионтты ж/е стенобионтты организмдер.Экологиялық толеранттылыққа б/ты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар- факторлардың кең диапазпонында тіршілік ете алатын организмдер. Түрлері: эвритермді- температураның үлкен ауытқуларына шыдамды организмдер, эвригалинді- су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді, эврибатты- қысымның қатты ауытқуына тқзе алатын организмдер, эврифагтар- әртүрлі азықтармен қоректенетін организмдер, эвритоптар- әртүрлі тіршілік орталарында кең таралғандар. Стенобионттар-тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді- тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді- су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу), стенобатты- қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар, стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді,стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады ж/е т.б.


Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 330 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2022 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав