Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.

Читайте также:
  1. Бөлім. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсету.
  2. Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
  3. Тікелей халықаралық тасымалдар
  4. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының табиғаты қорғауына қатысу нысандары
  5. Халықаралық көлік заңнамасының негіздері
  6. Халықаралық маркетинг ортасын зерттеу.
  7. Халықаралық микроэкономиканың негізін қалаушылары:A) Дж.М.Кейнс.D) Л.Вальрас.F) А.Маршалл.G) В. Леонтьев.
  8. Халықаралық сызықтық кеме қатынасы
  9. Халықаралық тасымалдардың түсінігі.

Халықаралық ынтымақтастықтың үкіметтік және үкіметтік емес көптеген бағдарламаларын ЮНЕСКО атқарады. 1972ж. ЮНЕСКО Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша алғашқы ірі халықаралық конференция үйымдастырды. Нәтижесінде БҰҰның қоршаған орта жөніндегі үкімет аралық бағдарламасы ЮНЕП құрылды. Стокгольм конференциясынан кейін қазіргі уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау жөнінде жалпы 170-тен астам әртүрлі шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Вашингтон конвенциясы «құрып кету қаупі төнген жабайы флора мен фауна түрлерінің халыаралық саудасы туралы конвенция».(1973)

1980ж. 5 наурызда қабылданған «Табиғат қорғаудың бүкіл дүниежүзілік стратегиясы» жасалынуына, жүзеге асырылуына жетекшілік жасаушылар халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (КТҚО) және ЮНЕСКОның қамқорлығымен жұмыс істейтін басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. 1982ж. БҰҰ биосферанын жағдайы үшін БҰҰ құрамына кіретін барлық мемлекеттерге жауапкершілік жүктейтін халықаралық табиғат қорғау құжаты – «Бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясын» қабылдады. 1992ж. маусымда Рио Де Жанейрода өткен конференцияда Дүниежүзілік қауымдастықтың тұрақты даму жолына түсу қажеттілігі туралы ереже тұжырымдалып, адамзаттың тұрақты даму қоғамына жеткізетін жолмен дамудың стратегиясы мен тактикасы туралы құжат – «Жер хартиясына» қол қоюы жарияланғанымен, хартияның мәні қабылданбады. Хартия «Ниеттер туралы хаттамамен» - Қоршаған ортамен даму жөніндегі декларациямен алмастырылды.

58.Қызыл кітап, оның маңызы.Қызыл кітап- биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы. Қызыл кітапқа сирек ж/е жойылу қаупі бар түрлер енгізілген. Қызыл кітап- қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрлердің санының азаю себебі, таралу аймақтары, қорғау үшін қолданылатын іс-шаралар ж/е т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қазіргі кезде Қызыл кітаптың 8 томы шыққан. «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғаттанушысы П. Скотт айтқан болатын.1963ж. Халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы шықты. 1966-1975ж. 5 томы жарық көрді. 1978ж. КСРОның «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» одан кейін 1991ж. ж\е 1996ж.өңделіп қайта басылды. Қазір жер бетінде өсімдіктердің 25000 түріне, құстардың 600 түріне, аңдардың 120 түріне жәнеде көптеген балықтар, рептилий, амфибиялар, насекомдар және т.б. жойылу қаупі төніп тұр. Жойылып бара жатқан немесе сирек кездесетін түр мекендейтін ел оның болашақ тағдыры үшін жауапты.Халық саны өскен сайын негізгі табиғи қауымдастықтарды, олардың бастапқы түрінде сақтап қалу ғылыми және эстетикалық мақсатпен маңыздылығы артуда. Тек табиғи түрінде бұзылмай сақталған қауымдастықтар болғанда ғана адамның іс-әрекетінен болған өзгерістер туралы толық айта аламыз және кері жағдайларды болдырмауға мүмкіндік туғызамыз. Сол себепті табиғатты қорғау-баршаның ісі.

59.Экологиялық тәрбие және ағарту— адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. Ары қарай өз тілімен жазуға болады.


Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2022 год. (0.02 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав