Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық тасымалдардың түсінігі.

Читайте также:
  1. Ажеттілік түсінігі. А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
  2. Бөлім. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсету.
  3. Орман пайдалану құқығының түсінігі. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
  4. Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
  5. Тікелей халықаралық тасымалдар
  6. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының табиғаты қорғауына қатысу нысандары
  7. Халықаралық көлік заңнамасының негіздері
  8. Халықаралық маркетинг ортасын зерттеу.
  9. Халықаралық микроэкономиканың негізін қалаушылары:A) Дж.М.Кейнс.D) Л.Вальрас.F) А.Маршалл.G) В. Леонтьев.
  10. Халықаралық сызықтық кеме қатынасы

Халықаралық жүк тасымалдары. Кез келген сыртқы сауда келісімімен сатылған тауар халықаралық қолданыстың ортасына түседі. Транспорт құралдарының көмегімен тауар өндірілген орнынан тұтынылатын орнына жеткізіледі. Бұл ретте транспорт тауар өндірісінің үдерісін қолданыс аясында, оның бастапқы құнына(бағасына) орын ауыстырған уақыттағы транспорттық өнімнен өндірілген құнын қоса отырып жалғастыра береді.

Дүниежүзілік сауда мемлекеттер, аймақтар мен континенттер арасындағы үлкен көлемдегі тауар ағынын бақылап отырады. Теңіз және мұхиттармен бөлінген мемлекеттер арсындағы саудада теңіз транспорты құқығы бойынша үлкен көлемдегі жүктерді алыс жерлерге жеткізудің ең тиімді және әмбебабы болғандықтан оның қызметін ештеңе алмастыра алмайды. Бұл транспорт түрі халықаралық сауданың 80%-дан астам көлемін қамтамасыз етеді. Халықаралық теңіз тасымалдарында тасымалданған жүктер үшін тек фрахта түрінде төлем құны әлемдік экспорттың шамамен 7%-на тең келеді.

Континентаралық бағалы жүктердің тасымалында соңғы уақытта теңіз тасымалына басты бәсекелес болып отырған әуе тасымалы. Теміржол, өзен және автомобиль транспорты ішкіконтиненттік сыртқы саудада, сонымен қатар экспорттық және импорттық жүктерді мемлекет-сатып алушы және мемлекет-сатушы тасымалында кеңінен қолданылады. Халықаралық саудада газ бен мұнай тасымалында құбырлы жүйе маңызды роль атқарады.

Әлемдік жолаушылар хабары. Ақырғы 10 жыл ішінде ішкі сауда мен туризмде, ғылым мен мәдениет салаларында интернациялану үрдісіне байланысты әлемнің барлық елдерінде халықтың қозғалысы өсуде. Соңғы уақытта халықаралық тасымалды жылына миллиардтаған адамдар қолданады. Сонымен, әуе тасымалы басқаларынан алда көшбастап тұр және жоғарғы орынды иеленуде, яғни үлкен реактивті ұшақтар жолаушыларға өте қолайлы. Әуе тасымалымен қатар құрлықаралық халықаралық тасымалда автомобиль (жеңіл көлік және автобус) және теміржолдар қолданылады.Теңіз және өзендер туристік тасымалдарға қолданылады.

Халықаралық жолаушылар тасымалы. Халықаралық жүк тасымалы мен жолаушылар тасымалында Ұлттық транспорттан артық транспорт жоқ. Халықаралық тасымалдау әр елдің тасымалдаушыларына қызмет көрсетеді, яғни транспорттық байланыс және теміржолдар мен автостанциялар. Әдетте тауар жеткізу үрдісі халықаралық саудада өзіне Атауар өндірушіден Б тауар сатушыға жеткізуді қосады, кейін Б пунктінен В сатып алушыға жеткізіп, В пунктінен Г тұтынушыға жеткізеді.Транспорттық операциялар А-Б,Б-В,В-Г пунктері арасында жүзеге асады. Бұл операциялар келісім бойынша тасымалдаушы мен клиент арасында жүзеге асады және тасымалдар көліктері жалпы халықтық, жеке меншік болуы мүмкін. Егер тасымалдар Б-В пункіттері арасында жүзеге асса транспорттық операциялар халықаралық деп аталады.

Халықарлық транспорттық операцияларды жүзеге асыра отырып, тасымалдаушылар көлік иелеріне қызмет көрсетеді. Халықаралық транспорттық қызметтер халықаралық тасымалдар нарығында сатылады және сатып алынады. Тасымалдау қызметі және шарттары мүдделі жақтардың арасында келісіледі. Халықаралық транспорттық операцияларға сонымен қатар елдер арасындағы жолаушылар тасымалы да кіреді. Жолаушыларды жеткізу қызметтері қатысты нарықтарда сатылады. Мұнда маңызды орынды туристік агенттіктер және басқа организациялар алады, яғни әуе, көлік, теңіз тасымалдаушыларымен тығыз байланыста.

Сонымен,жолаушыларды және жүкті жеткізу қызметтері халықаралық транспорттық нарықтық сатып алу-сату элементі болып табылады. Әлемдік экономикалық байланыстарды әр елдің туристік, транспорттық және тасымалдау органдары арқылы импорт пен экспорты жасайды.

 

 




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 89 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав