Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқыту процесіндегі компьютердің алатын орны

Читайте также:
  1. Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі
  2. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  3. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  4. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  5. Жай бейорганикалық қосылыстардан күрделі органикалық заттарға айналатын автотрофты организімдерді қалай атайды?
  6. Мақсаты:Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.
  7. Мектептің оқыту-әдістемелік жұмыстары
  8. МШ балаларды тілге оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны
  9. Оқыту тұтас психологиялық үдерістің бөлшегі ретінде

 

Білім жүйесіндегі компьютердің қызметі барынша түрлі болуда - жалпы халықтық білім органдарын басқарудан бастап және жеке мектепті басқарумен қоса, оқушылардың сабақтан тыс кездегі қызығушылықтарына дейінгі арадағы қызметі. Егер оқу барысындағы компьютердің негізгі қызметі жайлы айтатын болсақ, онда ол зерттеу обьектісі мен оқу құралы ретінде көрінеді. Бұл қызметтің әрбірін компьютерлік оқытудың өз бағыттары сай келеді. Олардың біріншісі, түрлі міндеттерді шешуде оқушыға компьютерді жетістікті қолдана білу білімі мен ептілігі, дағдыларды меңгеруге қолдауды көрсетеді немесе басқаша айтқанда, компьютерлік сауаттылықты меңгерту болып отыр. Екінші бағыты компьютерден оқытудың қуатты құралын және көру және оқытудың оның тиімділігін барынша көтеруге мүмкіндік беретіндігінде. Көрсетіліп отырған екі бағыт та компьютерлік оқытудың негіздерін құрайды.

Компьютерлік оқытудың бұл көрсетіліп отырған бағыттары бойынша компьютер зерттеу обьектісі ретінде көрінеді. Біздің елімізде жалпы білім беретін және де жоғары мектептерде де бұл міндеттерді тәжірибелік түрде жүзеге асыруға кірісті. "Информатика және есептеуіш техника негіздері" оқу пәнінің енгізілуі орта мектепті компьютерлендірудің және басқа да пәндерді оқытуға компьютерді қолдану арқылы компьютерді оқу құралы ретінде карастыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік оқытумен бүкіл әлемде оқу процесінің тиімділігін арттыру үміті акталуда. Қоғамның өскелең ұрпаққа қойып отырған және мектептің береріне қойылған талаптар арасындағы алшақтықты кемітуге де үлесі зор.

Компьютердің оқытуда жемістігі қолданылуы жайлы сөз болғанда ол ең алдымен оның негізгі құрылғысы дисплей жайлы айтуға болады. Тек қана схема, графиктер мен сызбалар және де түрлі белгілер мен суреттер, жылжымалы бейнелер дыбыс арқылы, не өзара бірге берілуімен қатар түрлі түсімен, дыбысты болып келеді, оны оқушының өзі де қолдан жасай алады. Көбіне оқушының компьютермен маңызды сұхбаттасу мүмкіндігі бар, оқушы тек электронды педагогтың сұрақтарына ғана жауап бере алады. Компьютерді оқыту барысындағы жемісті қолданудың бір жағы -оны оқушының оқу әрекетін басқарудағы қолдану болып отыр. Дәл осы қасиетті оқытудың тиімділігін мәнді түрде арттырады. Мектеп компьютері оқушыға қазіргі есептеуіш техниканы қолданушы рөлімен де ерекше мүмкіндік береді. Бұл роль бүкілдей оқу процесін өзгертеді. Оқушы да конструктор сияқты жаңа обьектілерді жобалап және оларды талдай алады. Компьютердің көмегімен іздестіру есептерді шығарып және түрлі техникалық жүйедегі ахауларды жойып түрлі ақпарат алуға мүмкіндіктер ашады. Компьютер бұл ақпаратты білімге айналдырып, оны оқу мен еңбекте қолдануда оқушының іс-әрекет құралына айналады. Компьютерді оқу барысында тиімді қолдану арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады. Ең алдымен психологиялық - педагогикалық мәселелерді бірінші кезекте шешу қажет.

Жалпыға бірдей компьютерлік сауаттылықтың ғылыми - педагогикалық мақсаттары мен себептері ЭЕМ көмегімен кәсіби емес қолданушылардың да есеп шығаруға оқытуға және оқушыларды да бағдарламалауға оқытудағы екі сала аумағындағы психологиялық - педагогикалық зерттеулердің нәтижесі болып келеді. Компьютер көмегімен міндетті шешу бір жағынан ойды Дамытуға қолдау болса, ал екінші жағынан компьютерлердің шектеуші мүмкіндіктерімен дәйектелінген қиындықтар туындатады, бағдарламалау тілі мынадайлар үшін қолайлы болуы қажет:

A) Есеп шартын талдауға және баяндауға;

B) Шешімді жоспарлауға;

C) Адамның есепті шешуімен қоса бағдарлама құруды да қамтуын жүзеге асыруы;

Д) Жалпы және жеке деңгейлер бойынша есептің дұрыс шешілгендігін бақылау.

Сонымен қатар адамның компьютермен қатынасы мультимедиялық тұрғыда ыңғайлы болуы қажет. Бағдарламалау тілінің психологиялық табиғи болуы өзгеру обьектісінің тиімділігін тандауды оны оперант деп атайды және өзгеру операцияларын тандауды болжайды. Компьютерлердің дидактикалық мүмкіндіктерінің жалпы базасын беру оңай ғана емес, түрлі оқу жүйесінің мүмкіндіктері арасында да және потенциалдық, нақты мүмкіндіктері арасында да ауқымды алшақтық бар. Көбінесе компьютердің мынадай мықты жақтары белгіленеді:

- компьютермен жұмыс істеудің жаңашылдығы оқушылардың онымен жұмыс істеуіне ынтасын арттырады және оқудың басты себеп-салдарын күшейтеді;

- түсі, мультипликация, дыбысты сөйлеу, ақпаратты беру мүмкіндігін ұлғайтады;

- компьютер оқу үлгісінің негізінде оның оқу тарихын және есінің, сезімінің, ойлаудың жеке ерекшеліктерін құруына мүмкіндік береді;

- компьютер көмегімен жеке қалыптасуларының үлгісі жүзеге асырылады;

- компьютер оқушыларды оқу процесіне белсенді камтиды, олардың назарын оқытылып отырған материалдардың маңызды жағына аудартады, олардың шешімімен асықтырмайды;

- оқу есептерінің қолданылу жиынтығы барынша ұлғаяды;

Компьютердің арқасында оқушылар бұрын қол жеткізе алмаған ақпараттардың үлкен ауқымын қолдану мүмкіндігі туындайды. Компьютерлердің кемшіліктері жайлы сөз қозғағанда көбінесе технологиялық - экономикалық факторын психологиялык - педагогикалық факторымен қатар қояды. Ең алдымен оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруді, қателіктер мен оның есебін танып білудің қатынастық тәсілдерімен байланысты. Бұл даусыз, өйткені бұл пікірді дұрыс деп қабылдауға да болмайды. Мұғалім мен оқушының барынша жеткілікті тиімді оқу материалдарын қүра алады. Олар мысалы, кейбір тақырыптарды меңгеруге бағытталған немесе лабораториялық жұмыстарды орындауға бағытталған бағдарламалар қүрады. Мүнда оқу багдарламасына басқаша қарауды талап етеді, оқушылардың үлгі құруын қарастыратын, алыс мақсаттарына жетуге және т.б. көптеген жетістіктерді қамтамасыз етеді. Сондықтан да жалпы бүкіл оқу курсы үшін компьютермен оқу бағдарламасын мұғалімнің дербес құруы мүмкін бе деген сұраққа келгенде болады, егер сай келерлік білім саласында психолог, дидактик, әдіскер, бағдарламашы болса делінеді. Егер оның суретшілік, редакторлық шеберлігі болса және тәулігіне бір сағаттан кем жұмыс істесе, онда көрсетілген саланың мамандары өздеріне мұндай міндетті ала алғанда ғана оқушылар үшін толыққанды оқу бағдарламасын құра алады. Оқу барысында компьютерді қолдану үшін мұғалім көптеген дағды мен ептілікті үйрене білуі де қажет.

Компьютерлік оқыту үшін оқыту әдісінің мынадай тұжырымы, оның операцианалдық баяндалуы мен ойысымен оның технологизациялануын баяндау мүмкін етерлік оқу қажет-ақ. Ең алдымен жүргізілетін оқу әдістері:

а) оқытумен әсер ететін жүйеде;

б) оқушылардың оқу әрекетіне қамтылу тәсілінде;

в) оқушының «өз бетінше әрекет қабілет аясында» (оқушыга көмек көрсетілмей оқу міндетінің рұхсат етілген нормативінен ауытқулары болуымен сипатталады);

г) оқытудың ұйымдастырушылық формасы мен оқушының және оқытылу қүрылымының арасындағы ақпарат алмасу модульдығы.

Есептеуіш машиналардың рөлі мен оның қолданылу аясы адамның әрекетінің тиімділігін арттырудағы ролін, оқушылар ең алдымен оқу пәндерінің бір қатарында түрлі міндеттерді шешу үшін ЭЕМ-ді (электронды есептеуіш машинада ЭЕМ-ді) тәжірибелік қолдану барысында ашылуы қажет. Мұндай жағдай да бұл міндеттердің жиынтығы ЭЕМ-нің бүкіл қолданылатын негізгі салаларының бәрін қамтуы қажет. Мектеп компьютерін оқушылар математика, физика, химия курстарының есептеушілік жұмыстары үшін оқу экспериментінің мәліметтерін талдауға және алгебра курсының зандылықтарын іздестіруде және математикалық үлгілерді талдауда және кұруда қолдануы мүмкін. Математика курсы - информатиканы оқытудың, зерттеудің ғылыми базасы.

Оқу барысындаға компьютердің рөлі толық болмас, егер оның оқушылардың өздерінің танымдық мүмкіндіктерімен өздерінің жеке қасиеті мен тұлғалық рефлексиясын, өз әрекеттерін мойындауын көрсетпесек толық болмайды. Оның оқу әрекетіндегі маңызын бағалаудың өзі өте қиын. Толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру үшін оқушыларда пәндік әлем жайлы жүйені қалыптастыру жеткіліксіз. Ол өз әрекетін меңгеруі қажет, есеп шартын талдауы кажет, оның шешімдік ізденіс стратегиясы қандай екендігін менгеруі, яғни онда рефлексифтік өзін-өзі реттеу механизмі жасалуы қажет. Ақырында, бұның барлығы да өзі жайлы түтас бейнесін қалыптастыру үшін, "мен деген" кейпінің тұрақты қалыптасуына да қажет. Қандай жаста баланы компьютер көмегімен оқытуға бұл мәселені шешуде тек психологиялық қана емес, бір қатар факторларды ескеру қажет. Компьютерлер санының өсуі мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерінің маңызы зор. Егер мүны дерексіздендірсек, компьютерлерді кіші сыныптарда қолданылудың мұндай бағдарламалардың орнын айқындау қиын емес: оларды дәстүрлі оқыту жүйесінің шеңберінде айқын бір теориялық материалдарды меңгеруді кейін ақ қолдану қиын емес. Басқа бағдаламалар бағдарламалық оқытуға жуық жаңа түсініктерді меңгеру ретінде басым бағыт алған. Олардың көбі шектеулі дидактикалық мүмкіндіктеріне ие болып отыр. Мұнда компьютер бағдарламалық оқыту құралы ретінде, біршама жетілдірілген қарапайым оқу қондырғысынан да жетілген, оқытудың тіркелінген әсер етуші жиынтығын үстаушы, ауқымды диалогқа жол бермейтін борлып келеді. Оқу бағдарламасы басым, оларда қиын оқу мәселелерін жүзеге асырады, әсіресе "ойлық" оқыту бағдарламаларын (өз аталуымен олар өңделудегі "жасанды ой" ойы қолданғандығына міндетті). Бұл жүйелер оқу әрекетін рефлексті басқаруды жүзеге асырады. Олардың көбі оқыту әсерін басшылыққа алады (оқу мәтіндері, есеп, сұрақ, айтып түру). Мұндай жүйелер көбіне жауаптың дұрыстығын ескертеді, оның шешілу тәсілін бағалауы да мүмкін, ал кейбіреулері - жинақталған тәжірибені ескере отырып, оқыту стратегиясын жетілдіреді. Оқушылармен бірге шешудің дұрыстығын ғана талқылап қоймай, сонымен бірге шешудегі мүмкін боларлық вариантын, оның табиғи қолданбалы типіне жуық түрде талқылайтын жүйелері де бар. Диалогтар хаттамасымен танысқан педагогтар мен психологтардың пікірлері бойынша, оқушы мен оқытушының пікір алмасып сөйлескеніндей кейіп береді деп келтіреді. Оқыту бағдарламасының келесі бір түрі нақты оқиғаны үлгілеу және талдаудың бағдарламасын болжайды. Мұндай бағдарламалар көбіне еңбек және кәсіби оқытуда барынша тиімді, өйткені олар түрлі жағдайларда, оның ішінде қиын бір қарама-қайшылықтары жайлы айтуға да болмайды. Және де теориялық болжамдар мен сынақтық мәліметтер мұнда маңызды білімдік әсер боларын көрсетеді. Байқауымызша біздің ғасырымыздың өзінде-ақ бірінші сыныптар компьютерді қолданары хақ. Бұл бағыттағы зерттеушілік жұмыстың барынша болашағы бар. Оқу құралы ретінде ЭЕМ-ді қолданудың маңызды бағыты ЭЕМ көмегімен мектепте оқылатын обьектілер меп құбылыстарды үлгілеу болып табылады. Қазіргі ЭЕМ-дер түрлі құбылыстар мен процесстерді үлгілеу үшін ауқымды мүмкіндік береді. Электронды есептеуіш техниканың басты ерекшелігі ең алдымен нақты есептеу деңгейінде модельді ақпаратты жарату мүмкіндігі болып отыр. Нақтылығы ЭЕМ жадының ауқымды жеңілдігімен және бағдарламалау тәсілдерінің математикалық жетістігімен қамтамасыз етіледі, оның әмбебаптығы - кез келген динамикалық жүйеде изоморфты сай келерлік бағдарламада есептеуіш машиналардың үлкен қабілеттілігі. ЭЕМ-нің оқу процессінде ЭЕМ сынып тақтасын, плакатты, кино және диапроекторларды табиғи сынықтарды алмастырмауы қажет. Мұндай алмастырулар оқытудың басқа құралдарын қолданумен салыстыру бойынша барынша мәнді қосымша әсер бергенде дұрыс мақсатты болады. Мұндайда ЭЕМ мен оқытудың басқа да құралдары бірін-бірі өзара алмастырулары да қажет.

Компьютердің оқу барысындағы рөлі көбіне оқу бағдарламасының типіне қарай айқындалады. Олардың бірқатары ептілік пен дағдыны тиянақтау үшін арналған кездерде де шешім қабылдау дағдысы мен ептілігін қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Соңғы кездерде мұндай бағдарламалар саны өсті. Тағы да бірі ойын түрінде құрылатын оқу бағдарламаларын құруды бөліп көрсетуте болады. Олар оқу мотивациясын арттыруға қолдау көрсетеді (бірақ тағы бір айта кететіні, жарыстық мотивтер танымдық мотивтерден басым түсіп кетеді, бұның педагогикалық қолдау табуы екіталай). Ойын ынтаны, қызығушылықты және шығармашылық ойды үдетіп ынталандырады, өз мүдделерін жалпы мақсаттарға бағындыруга көмектеседі, бірлесіп әрекет ету ептілігін қалыптастырады. Сонымен қатар ойын айқын бір оқу пәнінің шеңберінен шығуға мүмкіндік береді, оқушыларға аралас саладағы білім мен тәжірибелік әрекеттердің мүмкіндігін береді. Ойындар оқушыларда есепті шешудің мүмкін боларлық стратегиясы мен білімнің құрылуына жетістікті түрде қолданылуы да мүмкін. Оқушы еркін түрде дұрыс болсын, қате болсын шешім қабылдайды. Мұндай оқыту оқушылар үшін барынша тартымды және көбіне ұнайды, көбі бүкіл оқуды ойын түрінде өткізуді қалайды. Есептеуіш техниканың негіздерін оқуға кірісе отырып, оқушылар жиі түрде мұнда ойын қолданылады ма деген сұрақта қояды. Ойындық бағдарламаларды дұрыс бағалай отырып, онымен көп қызығып кетудің кері әсерін де ескерген жөн. Қызығып беріліп кету оқушылардың еріктік қасиетіне де кері әсер етуі мүмкін: ілім мен еңбек оның сезімдік әрекетіне негізделмейді.

Еңбекке деген дайындық еріктік күшті ең ақыры аз қызықтыратын, бірақ қажетті әрекетті болжайды. ЭЕМ көмегімен жүргізілетін үлгілердің негізгі жетістіктерінің бірі оның икемділігі мен түрлілігінде болып отыр, өйткені қолданушы олардың тәртібін басқара алады, үлгі жұмысына белсенді араласып және де өзі де оны құруға араласа алады. Егер ЭЕМ-ді қолданушы мұғалім болса, онда ол оқу компьютерлік үлгісін (ОКҮ) көрсетіп жария ету мақсатында қолдана алады және оның алдында педагогикалық шығармашылық үшін ауқымды кеңістік ашылады. Үлгіні көрсете отырып, ол өз қалауы бойынша қандай да бір жүйелікте жұмыс тәртібін тандай алады, қажет болған жағдайда көрсететін элементтерін қайталап бір мезгілде сыныппен де сүхбаттаса алады. Егер ЭЕМ-ді қолданушы оқушы болса, онда ОКҮ зерттеу обьектісі болып келеді. Бір жағынан ОКҮ таза түрдегі суреттік, бейнелік құрал болып та келеді, зерттелетін материалдың көрнекілігін арттыра түседі. Оқушының ОКҮ-мен жұмыс істеуі бірнеше минутқа немесе бүкіл сабақ барысына созылуы да мүмкін. Бірақ бұл және басқа да жағдайларда мұғалімнің оқу әрекетін үйымдистыру бойынша айқын бір нұсқауы қажет, екінші жағдайда сонымен қатар лабораториялық немесе тәжірибелік жұмысты баяндайтын баспа құралдары да қажет. ОКҮ-нің оқу барысында бұл үлгілерді жетістікті қолдануға - қолдау болатын қасиеттерін бөліп көрелік:

1. Ақпараттылығы. Бұл қасиетінде қолданушыға ақпарат объектісін зерттеу үшін қажетті және тереңдігі мен сипаты жағынан осы оқу әрекетінің дидактикалық мақсатымен айқындалатындай қажетті ақпаратты беруі деп түсінеміз.

2. Көрнекілігі. Ақпараттық және көрнекілік қасиеттерінің бірдей еместігі айқын, олардың екеуі де бір-бірімен тығыз байланысты. Үлгімен жұмыс барысында алынатын ақпарат сезім үшін қолайлы түрде болуы қажет. Бұл ақпаратты тиімді колемдегі бөлшектерге бөлу мен оны жеткізудің қамтамасыз ету әртүрлі ақпарат берудегі (мәтін, формула, графика, сурет және т.б) мәнді элементін бөлумен де қамтамасыз етіледі.

3. Динамикалылығы. Қазіргі ЭЕМ-дер компьютер экранында тек қана жылжымайтын суреттер ғана емес, сонымен қатар түрлі құбылыс, яғни жылжуы мен дамуын бейнелей отырып, оны бақылауға мүмкіндік береді.

4. Ашықтығы. Қолданушының үлгі өлшемдері мен үлгілеу бағдарламасының тәртібін түрлендіруге мүмкіндік береді.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 138 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав