Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспары. Ценовой мультипликатор – соотношение между ценой продажи и каким-либо показателем по предприятию-аналогу

Читайте также:
  1. Бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
  2. Дәріс (лекция), зертханалық және зертханалық сабақтар жоспары
  3. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
  4. Дәріс жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары
  8. Йым статистикасы» пәнінен кәсіби тәжірибенің тақырыптық жоспары
  9. Лекциялар мен практикалық сабақтар жоспары

Ценовой мультипликатор – соотношение между ценой продажи и каким-либо показателем по предприятию-аналогу. Он отражает соотношение между рыночной ценой предприятия и каким либо его показателем, характеризующем результаты его производственной либо финансовой деятельности. Мультипликаторы можно разделить на две основные группы – натуральные и финансовые.

К натуральным мультипликаторам относятся такие, в знаменателе которых стоит один из натуральных (измеряемых в штуках, тоннах и т.д.) показателей. К натуральным показателям относятся: «Цена/Мощность, в тоннах за год»; «Цена/Производство, в тоннах за год»; «Цена/Объем продаж в штуках».

К финансовым мультипликаторам относятся такие, в знаменателе которых стоит один из денежных показателей. Финансовые мультипликаторы, в свою очередь, делятся еще на две группы – моментные и интервальные. К моментным мультипликаторам относятся: «Цена/Балансовая стоимость»; «Цена/Чистая стоимость активов»; «Цена/Дивидендные выплаты».

К интервальным мультипликаторам относятся: «Цена/Прибыль»; «Цена/Денежный поток»; «Цена/Выручка».

Ценовые мультипликаторы являются основным инструментом определения рыночной стоимости предприятия в сравнительном подходе. Ценовые мультипликаторы рассчитываются по всем отобранным предприятиям-аналогам. Для расчета любого ценового мультипликатора необходимо выполнить ряд обязательных действий:

1. Определить какая величина будет использована в качестве числителя в мультипликаторе.

2. Вычислить необходимые финансовые и натуральные показатели. Выбранные показатели будут использованы в качестве знаменателя. При этом следует следить за соответствием числителя и знаменателя с точки зрения масштаба (на одну акцию либо на предприятие в целом).

Метод отраслевых коэффициентов – метод оценки стоимости предприятия (бизнеса) при сравнительном подходе. Согласно М.о.к. пр-тие оценивают на базе собств. материального капитала и премии за гудвилл, кот-рая равна величине месячной премии до налогообложения (как правило, с учетом оклада владельца). Метод базируется на использовании определ. соотношений между ценой продажи фирмы и соответств. финанс. показателями. Отраслевые коэффициенты рассчитывают на основе статистич. наблюдений за ценой продажи фирм и важнейшими их производственно-финанс. характеристиками.

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1 дәріс. Басқару теориясының ғылым ретінде қалыптасып дамуы.

 

Жоспары

1. Басқару теориясының маңызы.

1. Басқарудың білім беру жүйесіндегі рөлі мен орны.

1. Болашаққа арналған іс-қимылдардың мақсаты тиімді болуы үшін жас ұрпақ жаңаша тәрбиеленуі қажет. Жаңаша тәрбиелеу деп отырғанымыз - «Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру принциптерін толығырақ жүзеге асыру, оқудың тиімділігін арттыруға, жастарды дербес өмір сүріп, еңбек етуге даярлауды түбегейлі жақсарту».

Мектептерге жүктеліп отырған осындай жауапты міндеттердің орындалуы мұғалімнің жеке басына, оның жалпы білім мен сабақтан тыс түрлі көпшілік қоғамдық жұмыстарды және жеке окушылармен жүргізілетін жұмыстарды да ұйымдастыра алуына байланысты.

Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз оның дене жағынан өсіп жетілуі, жан дүниесінің байып, рухани есуі, қабілеті мен дарынының анықталып кең өрістеуі. Бір сөзбен айтқанда, дене және ой еңбегінің қай түріне әзірлікте жоғарғы моральдық қасиетінің қалыптасуы.

Жалпы білім басқармасы - мектептің элементінің бір-бірімен байланыстығын және бір-бірімен тәуелділігін педагогикалық жүйе ретінде қарайды.

Жалпы білім басқармасы - мектептің барлық оқу мезгілінде оқушыларды жүйелік негіз тәсілі, мақсаттық кұрылу әдістемесі, комплекстік бағдарламасының дайындау үлгі әдісі бірінші ашылды. Құрылған әдістеме мақсаты негізгі білімді -тәрбиелік есептің ұйымдық әдістемелік әдіс шешуі ғана емес, ұйымдық органдардың және оқытушының қызметі мен орны орай көрсетіледі. Тексеріс - бұл оқу мекемесінің маңызды функциясы басқару іс-әрекеті және тексеру жүйесін болса, оқу-тәрбиелік процесте есеп және талдау жағдайы және оны оқушының оқу және тәрбиелеу мақсаты келісімдігі, оқу мекемесі іс-әрекеті оқушыларды тәрбиелеу болып табылады.

Мектепті басқару іс-әрекет процесінде оқушының міндетін мақсатты түрде анық мазмұнын анықтау керек. Оқу - тәрбиелеу процесінің жоспары:

1. Оқу-тәрбиелеу процесінің ұйымы мен қамтамасыз етілуі;

2. Оқу-тәрбиелеу процесінің бақылауы;

3. Мектептердің әдістемелік жұмысының ұйымы;

4. Квалификациясының өсуі;

5. Оқушылармен және оларды ата-аналарымен жекеше жұмыс.

Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға катысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процссінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.

Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс (функция) ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «Жеке орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі-ақ ойнай алады, ал оркестрге дирижер керек».

Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір-біріне белгілі бір қарым-қатынасы жатады.

Сондықтан да басқаруды оқып білу - бұл ең алдымен өндіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын қалыптастыратын заңдарды анықтау болып табылады. Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.

Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады.

Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық кұндылықтарды өндіретін салаларды басқару обьективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудын осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.

Педагогикалық мекемелерді басқару ісі барлық экономикалык байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін кұрайтын қоғамдык, баска да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

Басқарудың бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өнлірістік күштердің орналасуы жатады. Аймақты басқару обьектісі ретінде мемлекет пен ұлттык экономиканың (аймақ мемлекет сыңайлы болады), аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.

Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей - экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика - бұл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (жалпы ұлттык өнім, жалпы ішкі өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.) айналысады.

Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халык шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін кұрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.

Қоғамдық аукымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағатгандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.

Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл турасында жалпы ұғымға айналып кеткен К. Маркстің

«Мәдениет - саналы түрде бағыт алмай, стихиялы дамитын болса ол бос кеңістік қана болып қалады» деген сөзі шындыққа келеді.

Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, ондірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін кұрайтынын түйіндеп айтуға болады. Оның көп қырлы сипаты болады, әрі «басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәтіне жатады».

Әдебиеттер: [1, 2; 3]




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 93 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав