Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Білім беру жүйелерін басқарудың қызметтері

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  5. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
  6. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  7. аржы қызметтері:Бөлу: Бақылау: Есеп.
  8. Баға түсінігі және бағаның атқаратын қызметтері
  9. бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
  10. Басқарудың ұйымдық құрылымы

1. Басқарудың ұйымдастырудың ұстанымдары.

2. Басқарудың стилдері,құрылымдары.

Басқару стильдері, кәсіпорындар мен ұйымдар басқару аппараты, арнаулы аспектілер, жобалау, ұйымдастыру, түзетім, бақылау мен бағалау функциялары. Құрылымының қағидалары.

Басқару мәселелерімен табысты айналысу үшін өндіріс ұйымдастырушысына кең көлемді білім мен ойлау қабілет қажет. Ол қоғам мен табиғаттың даму зандылықтарын біліп, өндірістің техника мен технологиясын, оның экономикасын, ұйымдастырылуы мен жоспарлануын, сонымен қатар басқару психологиясының негізін үйрену керек. Осылармен қатар оған құқық, әлеуметтану және ақпарат саласында да білімдер қажет.

Басқару- бұл өндіріс процесінде неғұрлым төмен шығындар мен табысты нәтижелерге жету мақсатында адамдар ұжымының қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етудің үздіксіз процесі.

Басқарушылар өз білімдері мен тәжірибелерін қолдана отырып басқарады. Білімдер қажетті стратегияны анықтап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді, ал интуиция дәл басқару мен бақылауға негіз болады. Сондықтан басқару тек ғылым ғана емес, ягни білімдер жүйесі, сонымен қатарөнер болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар басқару аппаратының барлық жұмыскерлері өз еңбегі процесінде орындайтын қызметтеріне байланысты үш категорияға бөлінеді: басқарушылар (сызықтық және функционалдық); мамандар; техникалық атқарушылар.

Басқарушылар - бұл бірлестіктердін бас директорлары, кәсіпорындар директорлары, цех басшылары, бригадирлер, функционалды бөлімдер басшылары. Мамандар - бұл, инженер, техник, экономистер. Техникалык атқарушылар - есепке алушылар, хатшылар.есептеу машиналарыныңоператорлары және тағы да басқалары. Аппараттың барлық жұмыскерлер еңбегінің мазмұны басқарудың келесі жалпы қызметтері жататын толық басқару циклының орындалуы болып табылады:

- Болжамдау және жоспарлау;

- Жұмысты ұйымдастыру;

- Координация мен реттеу;

- Белсендік пен ынталандыру;

- Бақылау, есепке алу жен сараптама.

Осы қызметтерді орындау басқару аппараты жұмыскерлерінің еңбегінің мазмұныны құрайды. Осы қызметтерді іске асыруда ерекше рөлге басқарушылар ие болады, себебі олардың білімдері, ептілігі және іс-әрекеті түбегейлі түрде ұжым еңбегініц нәтижелеріне әсер етеді.

Басқарушы еңбегі негізінен ойлау сипатына ие. Осы еңбектің нәтижелері болып басқарушының шешімдері мен іс-әрекеттері табылады. Басқарушы еңбегінің мақсаты-тиімді соңғы нәтижелерге жетуге бағытталган үжымның бірігу критерийін ұйымдастыру.

Басқару стильдері. Ғылыми-техникалық прогресс өндірісті басқару процесстерінің тұрақты қиындауына әкеледі. Басқарушылық шешімдер қоғамдық өмірдің барлық жақтарына әсер ететіндіктен неғұрлым жауапкершілікті болуда. Басқарудағы қателіктер әлеуметтік сала, экономика, экологияда келеңсіз зардаптарға әкеледі. Осылайша, шаруашылық басқарушы елдің халык шаруашылығы жүйесіндегі барлық деңгейде басқару тиімділігінің артуындағы басты рольді ойнауга шақырылған. Басқарушы еңбегінің тиімділігі көбінесе оның басқару стилінен тәуелді болады. Басқару стилі - бұл нақты басқарушымен тәжірибелік қызметте қолданылатын әдістер, тәсілдер мен формалардын тұрақты жүйесі. Басқарудағы жалпы және жеке дара немесе дербес стильдері болады. Басқарудың жалпы стилі барлық коғамдық процестерге ғылыми ыңғайдан, жоғарғы талаптылықтан, басқарудағы бюрокраизм мен формализмге шыдамсыздықтан көрінеді. Нақтылай ол басқарушымен басқарудың казіргі принциптерін, басқару теорияларынын негізгі ережелерін, басқару бойынша стандартарды тәжірибеде қолдануынан көрінуі мүмкін. Дербес стиль басқарушының мінез-құлқы, темперамент, білімі, тәжірибесі, қабілеттіліктері сияқты жеке қасиеттерінен тәуелді. Әрбір нақты басқарушыға бір ғана стиль тән болу мүмкін емес. Нақты жағдайда белгілі үйлесімділіктегі түрлі стильдер колданылады Жеке сапаларға байланысты басқарушылардың үш типі бөліп көрсетіледі: автократ, демократ, либериал, ал басқарудың дербес стилі сәйкесінше-автократтылық, демократтылық, либералды болып бөлінеді.Басқарудың демократиялық стилі демократ-басқарушы басқару мәселесінің нұсқаушысы ретінде әрекет етіп, үжымды белсенді бағыттайтын рөлде ойнаумен сипатталадй. Шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде ол негұрлым қиын және кезекті мәселелер бойынша бағынушыларымен ақылдасады, оларда белсенділік пен ынтаны дамытады, жауапкершілікті талап ететін жұмысты тапсырады, олардың Пенитенциар дәрежесінің өсуіне мүмкіндік жасайды. Демократ-басқарушы сендіру мен ынталандыру тәсілдерін таңдайды. Басқарманың демократтылық стилі жағдайында үжымдағы әр түрлі мәселелер бойынша пікірлермен кең және еркін алмасу және солардың негізінде шешім қабылдау үшін жағдайлар жасалады. Мұндай үжымдарды көқарастардың ортақтығы, конфликті жағдайлардың болмауы және басқарушы беделінің жоғарылығы байқалады. Бірақ жағдай дереу дерективті араласуды талап еткенде, демократтық стильді қолдана алмаймыз. Басқарудың либералды стилі либерал-басқарушы бағынушылардың өндірістік қызметінде белсенді қатыспауымен сипатталады. Ол олардың алдына мәселе койып. Жұмыстың негізі бағыттарын көрсетеді, қажетті материал, қүжаттармен камтамасыз етіп, жұмыскерлерге соңғы нәтижелерге жету үшін өз беттілікті береді. Оның ролі консультант, нұсқаушы, ұйымдастырушы, камтамасыз етуші және бақылаушы қызметтерімен сәйкес келеді. Басқарудың либералды стилі егер үжым шығармашылық жұмыста қабілеттілікке ең біліктілігі жоғары мамандардан тұрса ғана жақсы нәтижелер береді. Бұл стиль жұмыскерге дербес ыңғай түрінде қолданылуы мүмкін. Либерал-басқарушы үжымда өзіне басқарушы кызметін жүктейтін көмекшілер болғанда да неғұрлым табысты басқарады.

 

ұл жағдайда ұжымды орынбасарлар басқарып, шешім қабылдайды және конфликті жағдайларды шешеді. Басқарудың либералды стиліндегі басқарушылық қызметтердегі формалары емес лидер де (көсем, жетекші) өзіне алуы мүмкін. Бұл жағдайда басқарушы анархияны болдырмас үшін, жағымсыз әлеуметтік-психологиялы жагдайдың қалыптасып, тәртіптін әлсіреуін болдырмас үшін көсемнің "тұғырнамасын" анықтапгоған әсер ете білу қажет.

Алайда, бағынушылар басқаратын либерал-басқарушы конфликті жағдай болғанға дейін ғана оларға "жақсы адам" болып көрінеді. Бұл жағдайда бағынушылар билікті тындамай, еңбек тіртібінің бұзылуына әкеледі.

Осылайша, басқару стилі басқарушылармен жеке байланыс кезінде туындайды. Ол иілгіш, ынталы және бағынушылармен құпталуы керек.

Басқарушының басқару қызметінің тиімділігі оның қабілеттіліктерінен тәуелді болады. Психолог А.Н. Леонтьевтің анықтамасы бойынша, қабілеттіліктер - бұл кейбір қызметтің табысты орындалуына себеп болатын тұлға қасиеттерінің жиынтығы.

Қабілепілік теориясымен айналысатын психологтар түлғаның ерекшелікті (жеке) және жалпы қабілеттіліктерін бөліп карастырады. Бірақ басқарушы қызметінің табыстылығы оның тәжірибесінен де (білімі, дағдысы мен ептілігі), сонымен қатар тұлға қасиеттерінен де тәуелді.

Мықты басқарушыны басқару ептілігі мен басқарудың қолданатын әдістері мен тәсілдерінің түрлілігінің жоғары дәрежесі ерекшелейді. Басқару қызметіне жалпы кабілеттілік мықты басқарушыларға тән келесі басқару шегі мен ептілігін жорамалдайды:

Накты. кейде конфликті жағдайлармен байланысты шешімнің дайын нұсқасы болмайтын «стандартты емес» басқару мөселелерін шешу ептілігі. Шешімдер конфликтті шешуге бағытталуы тиіс;

Масштаб ойлау ептілігі. Басқарушы ойының кендігі оның лауазымды шешімен тығыз байланысты және қандай мәсслелерімен жұмыс істеп, өз лауазымына сәйкес қандай қате ориялармен ойлануымен анықталады.

Қадрларды функционалды орналастыруды жақсарту ептілігі. Мықты басқарушы бағынушылар қызметінің тиімділігін дұрыс бағалай алады. Ол әлсіз бағынушыларды қиын және маңызды мәселелерді шешуге тартып, «стандартты емес» жағдайларда үлесуіне көмектеседі.

Сұрау жүргізудің нәтижесінде басқарманың жоғарғы деңгейіне жылжуды анықтайтын үш басты.факторлар анықталды:

1.Жоғарғы басқару орнына тұруға өзіндік ықылас білдіру;

2. Адамдармен жұмыс істей білу ептлігі;

3.Тәуекелге баруға дайын болып, осы үшін өзіне
жауапкершілік алу.

Мықты басқарушы қасиеттерімен қатар әлсіз басқарушының сипатты белгілерін көрсетуге болады:

1. Үнемі болжанбаған жағдайларға кезігеді, себебі ол олардың тақағанын сезбей, оларға дайындалмайды;

2. Істі біліп, оны басқалардан жаке істейтініне сенімді болып, барлығына өзі істеуге тырысады;

3. Барлық жұмыстарға қатысқандықтан, ешқашан бос уақыты болмайды;

4. Бір қолында телефон, екіншісімен телеграммаға қол қойы, адамдарды қабылдайды - міне, оның жұмысының принциптері осындай;

 

5. Оның жазу столы үнемі қағаздарға толы;

6. 8-14 сағат бойы жұмыс істейді;

7. Өз портфелінде жұмыстан үйге, үйден жұмысқа оқылмаған қағаздарды тасиды;

8. Шешімді ертеңге қалдыруға тырысады, себебі мәселе өзі шешілуі мүмкін немесе оны басқа біреу шешуі шешеді;

9.Ешқашан бір нәрсені аяғына дейін шешпейді;

10.Барлығын ақ немее қара етіп көреді;

11.Түймедей нәрсені түйедей етуге бейім;

12. Орындалатын шешім қабылдаудың орнына, неғұрлым жақсы шешім табуға тырысады;

13. Иықтан қағып, елден қабылдау арқылы бағынушылар алдында жақсы басқарушы ретінде көрінгісі келеді;

14. Жауапкершіліктен қашу үшін, кез-келген мәмілеге дайын, өз қателіктерінен болған кінәні басқаларға жүктеуге бейім;

15. «Ашық есік» принципі бойынша жұмыс істейді: оның
кабинетіне кім болмасын, қашан және қандай мәселемен болса да
кіре береді;

16. Ұжымға сыйақы тағайындалса, ол тізімде бірінші;
17. Президиумда бірінші қатардан бұрын алады.

Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму денгейі әр бір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты -арнайы педагогикалық әдістерді колдана отырып жүйелі және мақсатты түрде оқушылардың мемлекеттік, шығармашылық ойлауын дамыту, нарықтық өмірге көз-қарасымен белсенділігін қалыптастыру өз бетінше экономикалык білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Істің нәтижелі болмағы ең алдымен мұғалімнің кәсіби даярлығы мен өлшенетіні ақиқат. Осыған орай жүргізілген зерттеулер бұл процестің өздігінше қалыптаспайтынын дәлелдеп отыр. Мұғалім даярлағын арттыру біздің зерттеуімізде екі аспектіде қаралып отыр. Олар арнаулы және педагогикалык аспектілер.

Арнаулы аспектілер - басқарудың ғылыми негізіне сүйенеді, ал педагогикалык аспектілер - оқу процессінің әдістемелік ерекшеліктеріне негізделген. Окушының дербес жұмысын басқаруды жүзеге асыру жөніндегі іс әрекет бұдан былай қарай басқару қызметі деп аталатын болады. Енді басқару компонентінің мазмұнын, олардың функционалдық міндетімен озара байланысын талдап көрейік. Мұғалімнің басқару қызметіне деген даярлығы басқарудың алдыңғы шартты мақсаты болып табылады.

Айқын мақсат коя білу - педагогикалык, шеберліктің маңызды компонентін құрайды.

Өйткені, мақсат басқару процесінің тұтастығы мен бірлігін камтамасыз етеді.

Басқарудың келесі бір компоненті педагогикалык, талдау деп аталады. Ол істің қал-ахуалын, дамуын терең зерттеп, нәтижесіне әділ бага беру осының негізінде оқу-тарбие процесін реттеп, оны бдан да жоғары сапалық деңгейге көтеруге бағытталған.

Жобалау - басқару компоненті, мақсатқа жетудің жолдарын мұғалімнің ғылымға негіздеп талдап алуы, жобалау негізінен моделдеу, болжам және бағдарлама жасау арқылы жасалады.

Ұйымдастыру - мұғалімнің алға қойған мақсаты мен бағдарламаны жүзеге асырута бағытгалған іс кимылы. Ол - екі түрде жүргізіледі: процесс ретінде (жүйе жасауға багытталган іс әрекет) және нәтиже ретінде (қүрылған жүйе) бірінші жағдайда -. мұғалім қызметі оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін шындауға бағытталар болса, екінші жағдайда мұғалім мен оқушы арасында өзара байланыстың тұракты жүйені құрайды (оку процесі).

Мұғалім қызметінің маңызды компонентінің бірі - бақылау деп аталады. Бақылау функциясына өлшеу және есепке алу кіреді.

Бақылау мен бағалау функциясы бір-бірімен тығыз байланыста. Баға - оқушы жетістігін, білімін-, дағдысымен шеберлік деңгейін айқындайтын көрсеткіш. Баға, сондай-ақ ынталандырушылық пен түзетушілік рөл де атқара алады.

Түзетім - басқарудың барлык элементтерін қамтиды. Ол бақылауға іс нәтижесін талдауға негізделген. Екінші жағынан түзетімді басқарудың микро циклы десе де болады. Оның мақсаты ауытқушылықтарды болдырмауға бағытталған.

Жалпы мұғалім қызметін «басқару процесін басқару» деп те айтуға болады. Психологтар бұл процесті рефлексті құбылысқа жаткызады. Себебі, тәжірибелі мұғалімдер өз шәкірттерінің ішкі жан-дүниесін, не ойлап отырғанын тез аңғарады.

Мұғалім сонымен қатар, мынандай кәсіби қасиеттерінін болуы тиіс: ұстамдылығы, сезімталдылығы, көрегендігі, білімдарлығы, шығармашылық міндеттерді шешу жолындағы табандылығы, ой-өрісінің ғылымилығы т.б. Сондай-ак, мұғалімнің басқару ісіне даярлығы басқарушылык, психологиялык және әдіскерлік аспектілерді де қамтиды. Облыстағы мектеп практикасын зерттеу, осыған орай жүргізілген эксперименталды тәжірибе жұмыстары мынаны көрсетіп отыр. Мұғалім даярлығын күшейту - бұл жоспарланған, жақсы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс. Ол мектеп, кафедра, оқу-әдістемелік кабинет, жоғарыдағы оку орындар басшыларының белсенді араласуын талап етеді. Жоғарыда баяндалған жайларды жинақтай келе мынандай қорытындылар жасауға болады:

Оқу сапасының жоғары болмағы ең алдымен мұғалімнің басқарушылық қызметінің деңгейімен өлшенеді;

Мұғалімнің, басқарушының қызметі даярлығы, жеке басынын білімі, қабілеті, икемділігі сияқты жақсы касиеттерінің жиыніыгын камтиды;

Мұғалімнің басқару қызметін менеджерлік санатқа жатқызуға болады, тұратын орнын, әрі оның түсінігін білу керек.

Әдебиеттер: [1; 2; 3]




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 105 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав