Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Читайте также:
  1. Дүниетаным туралы жалпы түсінік.
  2. Дәріс №4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  3. Кестелер жіне графиктер арқылы статистикалық мәліметтерді бейнелеудің ерекшеліктерін қалай сипаттауға болады?
  4. Психология ғылымының негізгі кезеңдері. 4 кезеңін сипаттаңыз.
  5. Статистикалық ақпарат жинаудың бағдарламалық әдістемелік мәселелерін сипаттаңыз.
  6. Сурет 1. Дүниетанымның жалпылау құрылымы
  7. Философияның логика бөліміне сипаттама беріңіз
  8. Ылыми дүниетаным қалыптастыру жолдары.
  9. Ылыми дүниетаным компоненттері.

Если вы решились произвести ремонт электроплиты самостоятельно, то в первую очередь вскрыв электроплиту обратите внимание, на целостность всех электрических цепей. Проверьте, нет ли оторванных, или подгоревших контактов. Если такое имеет место, то вам необходимо определить откуда оторвался провод, и после этого зачистить его, и прикрепить к соответствующей клемме. после чего можете для верности его еще и пропаять, ну это конечно же если у вас имеются необходимые для этого навыки и инструмент.

Если вам необходимо заменить одну из конфорок, то обязательно запомните, как подсоединена конфорка которую вы снимаете, а так же если есть рекомендации к подключению купленной вами конфорки, то следуйте им. В любом случае вы сможете подключить конфорку посмотрев как подключены остальные.

Если вам сложно определится в великом множестве контактов, то постарайтесь выявить закономерности в схемах подключения различных конфорок, после этого постарайтесь определить как подается питание к регулятору конфорки. Определить контуры протекания тока. После того как вы это сделаете, вам уже будет гораздо понятнее в чем может быть причина поломки, и каков принцип работы электроплиты.

Главное помните, что для работы любого электроприбора к нему должна подходить фаза, и ноль. Это же касается и конфорок.

Очень важно:

При проведении осмотра неисправной электроплиты, не забудьте отключить ее из розетки. Так как вы можете случайно попасть под напряжение, или же закоротить какую-то из цепей электроплиты.

Так же не пренебрегайте перепроверками по окончанию ремонта электроплиты.

И как говорится, всегда лучше семь раз отмерить, и один раз отрезать. Старайтесь учится на чужих ошибок, но и свои совершать не бойтесь. Только помните, что когда дело касается электрики, то одной ошибки может быть достаточно …

 

Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді. «Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген Платон.Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш етті.Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.

Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.

Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.

2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз байланысты.

Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.

Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі.

Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз.

Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім – керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірімен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс табуға шамасы жете бермейді.

Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы іс - әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда өзіне - өзінің терең сенімі болуы – оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін көрсетеді. Наным – адамның қиялдағы шындықтың болатынына сенім білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы. Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт – адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де бар. Ол – адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі.Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді. Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры.

Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты.

Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар.Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.

Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.

Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды.

Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың «балалық» дәуірінің дүниетанымы болып табылады, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді – бейнелеу көзқарасын білдіреді.

Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.

Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы білімдерінің жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек қана танылмаған құбылыстар бар. Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер антикалық дәуірде пайда болған, алайда жүйелі ғылым XVII ғасырдан бастап қана қалыптаса бастады, ол адамзаттың (ойлау) даму тарихына ерекше әсер етті.

Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.

Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.

Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.

Дүниетаным мен философияның өзара қарым – қатынасы қалай өрбіп отырады?

Біріншіден, дүниетаным аясына адамның айналадағы қоршаған ортаға танымдық қарым – қатынасының барлық тәжірибесі кіреді. Ал философия дүние құрылымының жалпы принциптері мен маңызды белгілерін зерттейді. Ол танымдық маңызы бар барлық сұрақтарға жауап іздейді. Өзінің мүмкіндігіне сүйеніп, тек жалпы дүниетанымдық маңызы бар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Осындай сұрақтың қатарына «әлем дегеніміз не?», «адам дегеніміз не?» деген сұрақтар жатады. Ал «жарықтың жылдамдығы қандай?», «судың құрылымы қандай?» деген жеке сұрақтарға физика, химия сияқты ғылымдар жауап береді.

Екіншіден, философияның ықпалымен дүниетаным ретке келіп, жинақталу мен теориялықтың жоғары сатысына көтеріледі. Сонымен қатар, ғылым тарихында болған ірі жетістіктер әлем туралы философиялық көзқарастардың өзгеріске ұшырауына әкеледі. Н.Коперниктің, Ч.Дарвиннің, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтары әлемнің философиялық үлгісіне әсер еткен жетістіктер болып табылады.

Үшіншіден, өзінің мағынасы жағынан терең, ауқымды дүниетаным философиялық көзқарастардың пайда болуына мүмкіндік жасайды.

Төртіншіден, философия дүниетанымның сипаты мен бағытын анықтайды. Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінің философиясы антропоцентристік болды, өйткені бұл ғасырларда адам мәселесі алдыңғы қатарға шықты.

Бесіншіден, дүниетаным мен философияны адам мәселесін әртүрлі тұрғыдан шешу қажеттігі және оның табиғаты мен болмысы туралы әртүрлі білімдерді біріктіреді, олар әртүрлі таным көздерінен алынады.

Философия жалпы және абстрактілі білім. Ол шындық қалай зерттеліп жатқандығына ерекше мән береді, оны барлық ғылымдардың негізі немесе ғылымның өзіндік санасы деуге болады. Көптеген өмірлік мәні бар сұрақтарға философия жауап береді.

 

2. Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығын көрсетіңіз Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса ²Ұлы мәртебелі Табиғат² неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әр-түрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? - деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.

Алайда, қайсыбір Дүнитанымды философияға жатқызуға болмайды, өйткені, соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractіo – латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әр-түрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағына береді).

Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.

Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байланысты болса керек.

Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с.

Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табиғаттың құбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсіндіріледі. Мифтер – адамзаттың “балалық тарихындағы“ туындылары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге өзінің ықпалын тигізе алатынына кәміл сенді. Сонымен олар жағалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.

Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, әлем, genesіs - грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos – грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.

Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?

Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretіsmos – грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).

Екінші ерекшелігі – мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.

Мифологиядағы тағы бір ерекшелік – ол адамның жан дүниесін, сезімдерін ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шығаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының кепілі болып табылады. Мысалы, грек мифологиясындағы кейіпкерлер ғашық сезіміне шомылса, ол Афродита - ғашықтық Құдайдың ісі,- деп түсінеді. Егер еске түсіру Құдайы – Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамға шабыт бітіп, ол өнерде шығармашылық туындыларын жасайды.

Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, адамның рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қоғам өмірі жөнінде, билік басында отырған адамдар, олардың отбасылары, өмір салты жөнінде неше түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын - халық, бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.

Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен қоғамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді.Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай – табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.

Сенім дегеніміз – белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі - ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді. (scіentіa - латын сөзі, білім, ғылым, techne- грек сөзі, өнер, жасай білу, шеберлік, cratos - грек сөзі, билік).Діни сенімнің қайнар көзі – адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді.Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan- грек сөзі, бәрі, theos - құдай, deus - латын сөзі, құдай).

Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде “табиғатты жарату² мәселесі құр босқа қалып қояды.

Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.

Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды (atheos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.

Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жағалай ортаны түсіну емес (ғылымның жетістіктері бұл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды), ол - оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым-қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Яғни дін қоғамдағы мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне жаратады (mores - латын сөзі, әдет-ғұрып). Сонымен қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma- латын сөзі, басшылықтың бастамы, тәртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адамның борышы, парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құндылықтар Құдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор әсерін тигізеді. Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол - өте қиын жол.

Сонымен қатар діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылықтардан басқа, соларға қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың: “Мен сендерге бейбіт емес, қылыш әкелдім²,- деген қағидасы бар. Ал ислам дініндегі “жихад², “газауат² деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат тарихында талай діни соғыстар болып өтті.

Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әр түрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога және т.б.).

Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.

Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік және т.б. ұғымдардың пайда болуы).

Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық, т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.

Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.

Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын туғызды.

Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауғанстан, Пәкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.

Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кем тар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.

Үшінші дүниежүзілік дін – Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos - грек сөзі, әдет-ғұрып, praktіcos - грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.

Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса (зияндық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауға тиіс.

Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген, гедонизм (gedone - грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс цивилизациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы үялайды.

Алайда мұндай “жердегі жұмақ˝ орнатуға бағышталған орасан зор ерлік және сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе 70 жылдан кейін қоғамды тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің мән-мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды.

Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшылықтарға толы цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана дін болуы қажет сияқты. Х1Х ғасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып орындауға тырысуда.

Екінші жағынан, ХХ ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі, көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді

3. Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз

Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр

Философия- ғылым әлде өнер ме?Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда, «Философия—ақыл –оймен қаланған тарихи дәуір»деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек. Философия пәні, оның мақсаты— қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын ғылыми тануға қолдану. Ғылыми таным логикасы— ғылыми теориалардың олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция, идеалдандыру сияқты әдістерінің логикалық аспектілеріне талдау жасайды.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 221 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав