Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттің аймақтық саясаты

Читайте также:
  1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
  2. Жекешелендіру саясаты: Табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі-дұрыс осы
  3. КУРС САЯСАТЫ
  4. Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері.
  5. Мемлекеттің территориялық бірлігінің заңдық дербестігін қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылым формасы – бұл ...
  6. Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі субъектілеріне келесісылары кіреді A) жалпы мемлекеттің атынан қызмет жаятын барлық мекемелер
  7. Р жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттік саясаты
  8. Таза монополия жағдайдағы нарық баға белгілеу саясатында
  9. Фирманың қаржылық саясаты

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар. Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі мәні орталық билік органын тәуелді болу және «мемлекеттің асырауы тиіс» идеологиясынан арылу, Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-мәдени және ғылыми-технологиялық дамуына озық технологияларын пайдалану және тұрғынның өмір сүру деңгейіннің тұрақты өсімін қамтамасыз ету болады.
Аймақтық саясатты жүргізуде келесідей маңызды құралдар қолданылады. Жалпы мемлекеттік және аймақтық қызығушылықтарын сәйкестендіретін және байланыстырылуын қамтамассыз ететін Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерінің ұзақ мерзімді перспективадағы таралуы және аймақтардың даму әлеуметтік – экономиткалық дамуының кешенді болжамы.
- ірі масштабты аймақ аралық бағдарламаларда шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру;
- елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының алғы шарттары мен этаптарының кешенді болжалуы жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспар жүйесі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады.
Аймақтық саясаттың мәні: мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды түрлі аудан халықтың өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру аса маңызды. Осы мүдделер қазіргі жағдайларда ең қажетті шешімді қабылдауды қажет етіп отыр. Өйткені тұрғындар тығыздығы қалалық және ауылдық тұрғындардың ара-қатынасы, олардың кірістерінің бір жанға шапқандығы деңгейлері, ТБИ жұмыссыздығының саны және тағы басқа көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық әкімшілік аудандары бір-бірінен өзгеше.

 

17. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

Ø Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

Ø Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

Ø Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Ø Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

- жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;

- жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

- қазына – қор қысқарады,

- инвестицияға сұраныс қысқарады,

- өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда

 

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 397 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.723 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав