Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  2. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  3. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  4. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  5. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  6. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  7. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  8. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  9. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  10. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

5-бап. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне;

3) мемлекеттiк және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға;

4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа;

5) бiрыңғай денсаулық сақтау стандарттары бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне;

6) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткiзу бөлiгiндегi кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi.

6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің денсаулық сақтау

саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді;

5) медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

6) осы Заңда белгіленген, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді;

7) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялануының тәртібін бекітеді;

8) халықтың тығыздығы мен елді мекендердің шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;

9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің, аттестаттаудың және сәйкестікті растаудың тәртібін айқындайды;

10) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;

11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды;

12) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетуді сатып алудың тәртібін айқындайды;

13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанын бекітеді;

14) бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібін айқындайды;

15) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесі мен шарттарын айқындайды.

16) денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді;

5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

6) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды;

8) техникалық регламенттерді қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекітеді;

9) денсаулық сақтау стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

11) медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

12) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

13) медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалаудың ережесін бекітеді және олардың жарнамасына рұқсаттар берудің тәртібін айқындайды;

14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгі штаттарын және штат нормативтерін; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

15) денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу, емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі және психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіреді;

17) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды;

18) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды, оның ішінде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың тәртібін айқындайды;

19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

20) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде дәрілік заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

22) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

23) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды береді және лицензиялауға қатысады;

24) конкурстық негізде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

25) конкурстық негізде денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырады;

26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тарифтерін қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдістемесін айқындайды;

27) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

28) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен қызметтер сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы бекітеді.

29) техникалық регламенттерді әзірлейді.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав