Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

БҰДСЖ негізгі принциптері

Читайте также:
  1. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
  3. ББК төрағасы Негізгі пәндер департаментінің директоры
  4. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  5. Бухгалтерлік есеп принциптері
  6. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  7. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  8. Дәріс. Негізгі дидактикалық қағидаларды қазақ тілі сабағында іске асыру
  9. Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарғысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында өз бейнесін тапты.

Ел басының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында БҰДСЖ енгізу үдерісін 2013 жылға дейін аяқтау бойынша тапсырмалар берілді.

БҰДСЖ енгізу бойынша 2011 жылғы міндеттер мыналар: емделушінің еркін таңдау құқығы негізінде стационарлық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру, бәсекеге қабілетті ортаны дамыту, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, стационардың медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақыны төлеуді дамыту және амбулаториялық-емханалық секторда ынталандыру механизмдерін енгізу.

Психиатриялық, жұқпалы және туберкулез ауруларынан басқа, ауруларды емдеу кезінде стационарлық және стационар алмастыратын көмек шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті, оның аймақтық департаменттерін қоса алғанда, тұлғасында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (ТМККК) Бірыңғай төлеушісі құрылды. Бұл ретте ТМККК қызметтері үшін тікелей төлем МҚАТК АД мен акредиттелген денсаулық сақтау ұйымының арасында жасалатын ТМККК қызметтерін ұсынуға мемлекеттік тапсырыс шартының негізінде соңғы нәтижелерге байланысты медициналық қызметтерді толықтай бақылау жолымен жүзеге асырылады.

 

БҰДСЖ енгізу мүмкіндік береді:

 

- емделушінің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау қағидасын енгізу жолымен медициналық ұйымдар арасында бәсекеге қабілетті ортаны құруға;

 

- сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге медициналық ұйымдардың (медициналық қызметтердің жеткізушісі ретінде) уәжін жоғарлатуға;

 

- емделушінің сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтерді алу құқығын қамтамасыз етуге;

 

- медициналық қызметтердің сапасын басқарудың тиімді халықаралық стандарттарын енгізуге (диагностика хаттамаларын және шығындарды өтеудің бірыңғай әдісімен емдеуді және науқасты клиникалық жүргізуді енгізу, медициналық ұйымдардың аккредиттеуін жүргізу);

 

- соңғы нәтижеге бағытталған медициналық қызметкерлерге сараланған еңбекақыны төлеуді енгізуге;

 

- медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің айқындылығын арттыруға;

 

- мемлекет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға;

 

- басым бағыттар бойынша клиникалық нұсқауларды және хаттаманы әзірлеу және енгізуге;

 

- өңірлерде ЖММК трансфертін енгізуге;

 

- талаптарды өзгерту және электрондық технологияларды енгізу жолымен стационарда құжат айналымының деңгейін төмендетуге;

 

- оқыту есебінен (топтық, жобалық оқыту, жұмыс орындарында оқыту, көшбасшыларда оқыту) қызметкерлер құрамы жұмысының тиімділігін арттыруға;

 

- әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың штатын енгізуге.

 

Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастар бәсекеге қабілетті медициналық ұйымдарды дамытуға мүмкіндік береді. Алайда, сол уақытта бәсекеге түсе алмайтын ұйымдар қайта құрылады, жаңартылатын болады және т.б.

 

Сонымен қатар 2011 жылы «Медициналық қызметкерлерге ақы төлеу ережелерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.05.2011 жылғы № 310 бұйрығына сәйкес соңғы нәтижеге байланысты медициналық қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу үшін жағдайлар жасалды және бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарына жан басына шаққандағы нормативтің қосымша компонентіне төлем төлеу шараларына мониторинг жүргізу басталды.

 

Жан басына шаққандағы кешенді норматив – амбулаториялық көмектегі барлық қажеттіліктерді есепке ала отырып, әрбір тұрғынға қаржыландыруды тең бөлу әдісі.

 

Бұл кешеннің басымдылықтары мыналардан тұрады:

 

- қызметтерді көрсету спектрін және деңгейін стандарттаудан;

 

-жарым-жарты қорды ұстау арқылы барлық амбулаториялық секторды қаржыландырудан;

 

- БМСК ұйымдарында ресурстарды сақтаудан;

 

- БМСК, КДЕ және КДО ұйымдарында технологияларды дамытуды ынталандырудан;

 

- ақша емделушінің «соңынан ереді»;

 

- АЕҰ секторында бәскеге қабілетті ортаны дамытудан;

 

- АЕҰ секторында көрсетілетін көмектің сапасын жоғарлатудан.

 

Осылайша, 2015 жылға дейін денсаулық сақтауды қаржыландырудың және медициналық қызметтерге ақы төлеудің қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті жүйесі, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін денсаулық сақтауды уақытылы және тиімді басқару жүйесі құрылатын болады.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 158 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав