Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетідіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда, тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық-басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.

Орталықтан басшылық етуден гөрі, пайда табатын орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың правосы мен жауапкершілігін ұлғайту-АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды.

Друкер «феодалдық принцип» деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де «жоғары басшының қызметін орындай алады».

Друкердің пікірінше, ұйымдастырудың федералдық принципі:

1. жоғарғы басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;

2. жергілікті жердегі «жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын» түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін «жергілікті деңгейде» ойдағыдай орындауға ықпал етеді;

3. еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;

4. сабақтас проблемаларды шешіп, «кең профильді» басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.

Компанияның табыстылығын арттырудың жаңа жолдарын қарастыруда ғылыми зерттеулер мен ізденістерді тиімді етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа нәтижелердің енгізілуіне байланысты іскер компаниялардың бәсекелесу қабілеттілігін де, олардың «өміршеңдігін» және «болашақтағы беймәлімді» игеруін де байланыстырады.

Н.С. Целищевтіңпікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады:

1-ші топқа корпорация мен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі, фирмаға берілгенділігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беру.

2-ші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдардың фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.

3-ші топқа- фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 3 негізгі күшке басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.

4-ші топқа- әр түрлі фирмалармен іскер әріптестермен, соның ішінде, ең алдымен, өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.

Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар жатады: еңбекті ұйымдастыру; өндіріс процесін басқару және бақылау; топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру; жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционилизмнің қоспасы деп түсіну қажет.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 112 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав