Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау

Читайте также:
  1. Арнайы уәкiлеттi органдардың өзара ic-қимыл жасау және қызметiн үйлестiру тәртiбi
  2. Жаттығу 5. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі нені білдіреді? Оның тиімділігі қандай?
  3. Интермодальды тасымалдауларда көліктің өзара әрекеттесу ерекшеліктері
  4. Йымдастырудағы жауапкершілік
  5. Йымдастырудағы жауапкершілік
  6. Мемлекет функциясы» түсінігінің басты міндеті:C) қоғамның тиімді тіршілік әрекетін қамту
  7. НДІРІСТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
  8. НІМДІЛІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ӨЛШЕМІ РЕТІНДЕ
  9. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.

Ұйымдастыру туралы ұғым әлемдік мағынада, көбінесе мазмұны белгілі бір қиындықпен сипатталатын ұйымдастырудың әр түрлі теорияларын қарастырғанда қолданылады.

Менеджментті жалпы жөнге қоюда тиімді пайдалану ұйымдастырудың негізгі элементтерін: табыстау, жауапкершілікпен өкілеттілікті ең жайлы үйлестіруді көздейді.

Ұйымдастыру - бұл оның мақсаттарына бірге жету үшін адамдарға тиімді жұмыс істеуге мумкіндік беретін кәсіпорынның құрылымын құру процесі.

Ұйым кұрылымының іргелі аспектісі - жоғары өндірісті жұмыс істеушілердің төменгі деңгейімен байланыстыратын және міндеттерді бөлу мен үйлестіру мүмкіндігін камтамасыз ететін өкілеттіктердің қарым-қатынастары.

Термин ретінде қолданылатын табыстау (делегирование) басқару теориясында олардың (міндеттердің) орыңдалуы үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайтын тұлғаға міндеттер мен өкілеттіктерді беруді білдіреді.

Ол барлық ұйымдастырудың мақсаттарына жету үшін орындалуға тиісті қызметкерлер арасындағы көптеген міндеттерді басшылықтың көмегімен бөлетін құрал болып табылады. Егер елеулі міндет басқа адамға тапсырылмаса, басшылық оны өзі орындауға мәжбүр. Бұл көптеген жағдайларда мүмкін емес.

Менеджмент классиктерінің бірі Мэри Паркер Фоллет басқарудың мәні «жұмысты басқалардың орындауына жете» білуден тұратыну өте маңызды деп байқаған болатын. Сондықтан табыстау (делегирование) сөзі шын мағынасында адамды басшыға айналдыратын акт болып табылады.

Табыстауды қалайша тиімді жүзеге асыруды терең түсіну үшін осымен байланысты жауапкершілік тұжырымдамасы (концепциясы) мен ұйымдастырушылық өкілетгіктерді түсіну керек.

Табыстау дегеніміз:

- тапсырма, билік, жауапкершілік беру;

- біреудің алдына мақсат қою және сонымен бір уақытта
оған қорытынды сапасына жауапкершілік, мақсатқа жету
үшін құралдар ұсыну;

- басқару жүйесінде міндеттерді ұзақ уақытқа бөлу үшін
негіз;

- басқарушыны артық жұмыстан құтқару;

- басқарылу ушін қосымша жұмысты зорлап міңдеттемеу.
Табыстау ережелері:

- атқару мен талап етілетін іс-әрекет деңгейін анық айқындау;

- нәтижелер туралы есеп уақытын анықтау;

- табысталатын билікке қатысты ұтымды хабардар ету;

- бағыныштыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

- бағыныштыларға тапсырылатын тапсырмаларды тандау-
ға мүмкіндік беру.

Қолданылатын тетіктер шегінде үйлестіру тапсырылған өкілеттіктер жүйесі болып табылады. Яғни, табыстау жәрдемімен бастықтың бағыныштыларға өз жұмысының біразын тапсыра алуға жәрдемдесетін кұралы болып шығады.

Өкілеттіктерді сәтті табыстау жауапкершілік, өкілеттілік және есеп берушілік жүйесіндегі тепе-теңдікті талап етеді.

Жауапкершілікті табыстау бағыныштыларға белгілі бір мәселелерді шешуге арналған құқықты немесе белгілі бір шешімді қабылдау құқығын беруді білдіреді. (Менеджер осы мәселені зерттеуді және оны шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырады. Осындай бұйрық бере отырып, ол бағыныштысына мәселені шешу жауапкершілігін табыстайды).

Өкілеттіктерді табыстау бағыныштыларға шешім қабылдау мен қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруда билік беруді білдіреді.

Есеп беру деген сөз бағынышты өз жұмысының нәтижесі үшін жауапкершілік көтеруге тиісті екендігін: егер нәтиже жақсы болса мақтау алатынын, егер нашар болса, бетіне басылатынын білдіреді.

Өкілеттіктерді табыстау мынадай болады:

- толық - бағынышты жұмысты орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды. Бастық бұл жұмысқа тартылмайды;

шектеулі - бағынышты жұмысты бастықпен бірлесіп орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды;

- нөлдік - бағынышты жұмысты орындайды, бірақ ол үшін жауалкершілікті бастық көтереді;

- керісінше табыстау - бағынышты жұмысты бастыққа қарай ауыстырады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 79 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав