Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мотивацияның мазмұндық теориялары

Читайте также:
  1. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
  2. Мемлекеттiң пайда болуының негiзгi теориялары.
  3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
  4. Ойлаудың психологиялық теорияларына тоқталыңыз
  5. Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары

Себепкерлік (мотивация) теориясының барлық жиынтығы шартты түрде екі категорияға бөлінеді: мағыналы және процессуалды. Себепкерліктің мағыналы теориясы адамдарды басқаша емес, дәл солай іс-әрекет жасауына мәжбүр ететін ішкі ынтасын (қажеттілік деп аталатын) ұқсастыруға (теңдестірілу) негізделеді.

Себепкерліктің процессуальды теориясы ең алдымен адамдар әсерді қабыл алу мен танымды ескере отырып, өздерін қалай ұстайтындығына негізделеді. Негізгі процессуальды теориялар - күту теориясы, әділеттілік теориясы және Портер-Лоулердің себептеме үлгісі. Бұл теорияның мәнін түсіну үшін ең алдымен қажеттілік және сыйақы сияқты түсініктердің мағынасын игеру керек.

Қажеттілік - сұраныс басқаратын жасырын себептерді бейнелеу. Сондықтан қажеттілік пен сұраныс - бірдей нәрсе емес.

Қажеттілік сұранысқа қалай ықпал ететінін түсіну бизнесте қажетті және міндетті қажет. Қазіргі заманғы менеджментке қызығушылық сұраныс басқаратын қажетгілік құрылымдарына деген зор және шынайы қызығушылық тән. Кәсіпкерліктің табысқа жетуінің сыры да осында.

Барлық көптеген қажеттіліктерді бастапқы және екінші реттегі дәл жіктеуге болады. Бастапқы қажеттіліктер табиғаты жағынан физиологиялық, әдетте туа бітті болады. Тамаққа, суға деген қажеттілік, тыныс алуға, ұйықтауға қажеттілік және т.б. мысал бола алады. Екінші реттегі кажеттіліктер жаратылуы бойынша психологиялық. Мысалы, табысқа, сыйластыққа, бауыр басып үйренісуге, билікке деген қажеттілік және біреуге немесе бір нәрсеге қатысты қатарында болу, тиістілік қажеттілігі. Бастапқы қажеттіліктерге генетикалық жағынан негіз қаланған, ал қайталама әдетте тәжірибе арқылы сіңеді, білінеді. Адам қажеттілікті сезінсе, сол сезім оны алға жетелейді. Қажеттілік адамды соны қанағаттандыруға шақыратын болғандықтан, менеджерлер адамдарға ұйымның мақсаттарына жетуге жетелейтін мінез-құлық түрі арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатынын сезінуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасауы тиіс.

Екінші ұғым - сыйақы. Адам өзі үшін не қылды деп санағанның бәрі соңдай. Ішкі және сыртқы жақ сыйақылары болады.

Ішкі сыйақыны жұмыстың өзі береді, Мысалы, бұл - нәтижеге жету сезімі, орындалған жұмыстың мағыналылығы мен елеулілігі, өзін-өзі құрметтеу сезімі.

Сыртқы жақ сыйақысы жұмыстың өзінен емес, ұйымнан беріледі. Сыртқы жақ сыйақысына мысалдар - еңбекақы, қызмет бойынша жоғарылау, мақтау және өзгелердің мойындауы.

Бұл теориялар адамдарды, әсіресе жұмыстың көлемі мен мағынасын анықтағанда, іс-әрекетке жұмылдыруға түрткі болатын кажеттіліктерді айқындауға тырысады.

Себепкерліктің қазіргі заманғы тұжырымдамасы негізінде Абрахам Маслоудың, Фредерик Герцбергтің және Дэвид Мак Клелландтың идеялары мен жұмысы жатыр. Соңғысы кәсіпкерлік іс-әрекеттің, адамдардағы кәсіпкерлік қасиетгерді тестілеу мен дамыту әдістерін жасап шығарды. Бір нәрсеге қатысты болуға деген тілектері бар адамдар таныстар ортасында болуға құмар, достық қатынастар орнатуға басқаларға көмектесуге кепіл. Басшы олардың тілектерін қанағаттандыруы, көп уақыт бөлуге және жеке топпен оқтын-оқтын жинап тұруы тиіс.

Себепкерліктің үшінші үлгісі гигиеналық факторлар мен себепкерлікке негізделген Герцбергтің қос факторлы үлгісі. Гиеналық факторлар жұмыс атқарылатын қоршаған ортаға байланысты. Осы теорияға сәйкес гигиеналық факторлар жоқ немесе жеткіліксіз деңгейде болғанда адамның жұмысқа қана-ғаттанбау сезімін тудырады. Бұған қарағанда себеп-сылтаудың болмауы немесе барабар болмауы жұмысқа қанағаттанбауға ұшыратпайды. Себепкерліктің болуы қанағаттану сезімін тудырады және енбеккерлерді қызметтің тиімділігін арттыруға жетелейді.

Герцбергтің теориясын тиімді пайдалану үшін гигиеналық, әсіресе, себепкер боларлық факторлардың тізбесін жасау қажет және қызметкерлерге өзінің қалаулары бойынша белгілеуіне мүмкіндік беру керек.

Себепкерліктің мағыналы теориясы қажетгіліктерге және солармен байланысты адамдардың мінез-құлқын айқындайтын факторларға негізделеді.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 113 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав