Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны

Читайте также:
  1. Басқарудың ұйымдық құрылымы
  2. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  3. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  4. Дәрістің қысқаша мазмұны
  5. Дәрістің мазмұны
  6. Диплом жұмысыныңқұрылымы және оның қысқаша мазмұны
  7. Дінтанулық білім мазмұны қай салаға жатады?
  8. Жеке еңбек шарты мен ұжымдық еңбек шарты және оның мазмұны
  9. Жоспарлаудың мазмұны
  10. зіндік жұмыстардың тақырыптары мен мазмұны.

Ең алдымен шиеленіс ұғымын анықтап алған жөн. Ойға келетін бірінші жол бұл танымалы әдебиеттерді қарастыру. Шиеленіс дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардын (тұлға немесе топтар) арасында әрқайсысы өз көзқарасын немесе мақсаттарын жақтап және басқалардың осылайша әрекет етуіне жол бермеушілігі.

Шиеленіс – бұл (латын тілінен аударғанда conflictus - қақтығыс), тараптардың, көзқарастардың, күштердің қақтығысы.

Шиеленістен әр уақытта айналып өтіп, туындаған сәтте жою қажет құбылысы деген ой-пікір қалыптасқан. Бұл сипаттама пікір Уорд, Веблен, Росс, Смолл, Левин секілді ғылыми басқару әкімшілік мектебінің өкілдері болып табылатын және Вебер бойынша бюрократия концепциясын жақтаушы авторлардың еңбектерінде кездеседі. Ұйымның тиімді қызмет етуі міндеттерді, ережелерді, лауазымды тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды анықтау және тиімді ұйымдастырушылық құрылымды жасау деңгейіне байланысты деп есептелінген. Бұл механизмдер шиеленістің пайда болуына ықпал ететін жағдайларды жою және туындаған мәселелерді шешу үшін қолданылуы мүмкін.

Неміс әлеуметтанушысы философ- идеалист Т.Зиммель шиеленісті пікір-талас ретінде қарастырып, психологиялық құбылыс және әлеуметтанудың бір формасы ретінде қарастырды. «Адамдар қарым-қатынастары» мектебінің өкілдері де шиеленістен айналып өту әдісін жақтады. Олар топ басшылардың арасында келіспеушіліктердің пайда болу мүмкін деп есептегенімен, шиеленісті ұйымның тиімсіз әрекет ету және нашар басқару белгісі ретінде қарастырды. Олардың ойынша, ұйымдағы бірқалыпты қарым-қатынастар шиеленісті алдын-алуға ықпал етеді.

Американдық социолог Льюис Козер критикалық социологияның өкілі болып табылады. 1950-ші жылдардағы құрылымды – функционалды анализдің белсенді критигі қоғам түсінігінде ғылыми парадигманың өзгеруіне әсерін тигізді.

Козер 1956 жылы шыққан әлеуметтік функциялары кітабында мыналарды белгілейді:

1. Қоғамға қоғамның психологиялық қанағаттанбаушылығы және осының салдарынан индивид пен топтың арасында келіспеушілік туындайды;

2. Шиеленіс кез келген қоғамда болса да, бірақ әлеуметтік құрылымның түріне тәуелді болып келеді. Осыған байланысты қоғамның түрлері ажыратылады: жабық және ашық.

3. Козер нормативті регуляцияның деңгейінің сәйкестігіне байланысты шиеленістің әр түрлі түрлерін сыныптайды.

Барлық ұғымдар секілді шиеленіске де бірқатар анықтамалары мен түсініктемелер берілген. Шиеленістің пайда болуына кей жағдайда сәтсіз сөз пікір т.б.ұсақ мәселелер жеткілікті, яғни инцидент туындап шиеленіс дамиды. Шиеленістің мүмкіншілігі адам өмірінің өзінде белгіленген. Шиеленістің себептері қоғамдық өмір мен адамның өзінің рухани жетілмеушілігінің аномалиясының негізінде жатыр. Шиеленісті тудыратын себептер қатарына әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани себептерді жатқызамыз. Шиеленістің пада болуына адамдардың психофизиологиялық және биологиялық ерекшеліктері жатады.

Адамдар шиеленісті агрессия, қауіп, келіспеушілік, соғыс т.б. байланыстырады. Кейбір жағдайларда шиеленісті сауаттылық танытып шешіледі, ол кейде жағымсыз салдарға әкеліп, жеңімпазы жоқ, тек жеңілгендер ғана болатын шиеленістер кездеседі.

Бүгінгі таңдағы пікірлер бойынша тиімді басқару жүйесі қызмет ететін ұйымда шиеленістердің мүмкіншілігін жоққа шығармай, тіпті бұл құбылыс қажет деп есептелінеді. Әрине, шиеленіс оң ықпалын тигізе бермейді. Шиеленістердің бір бөлігі қолдан өрбітіліп, тұлғалардың кәсіби біліктілігінің төмен деңгейін жасыру үшін қолданылады. Бұл сипаттағы шиеленіс коммерциялық әрекетке аса зиян болып табылады.

Сонымен, шиеленіс дегеніміз – бұл бір-бірлерінің арасында туындаған проблеманы шешу үшін, әрқайсысы өзінің шешімін тықпалау мақсатымен, бір-біріне қысым көрсету, яғни адамдар арсындағы қарама-қайшылық.

Шиеленіс философиясы – бұл егер де адамның қарсыласына «кедергі жасауға» тырысушылығы жоғары болғаны соншалықты, оны әуелі өзінің шығыстары тоқтата алмайды. Өте күрделі жағдайда әрқашан жағымды шешім іздеу қажет емес. Бұндай шешу жолдары адамды қолайсыз жағдайға түсіріп, мақсатсыз нәтижеге алып келуі мүмкін. Ол кезде «нақты жағдайды, іс-әрекеттерді және ойды өзгертетін», нақты жұмыс істейтін шешімді іздеу қажет. Шиеленіске, проблемаға деген оң көзқарас пайдалы болуы мүмкін: ол өз ойыңды өзгертіп, нақты шешімді табуға көмектеседі.

Этикалық нормалар мен шиеленісті шешу ережелерін сақтау, өркениетті қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.

Жеке психологиялық ерекшеліктер шиеленісті шешу барысында маңызды рөл атқарады. Бірге істейтін жұмысшылармен деген қатынастың түзелуі, өмірлік ережелер де сондай-ақ рөл атқарады. Әр адамда өзінің адамгершілік деңгейі болу керек және сол деңгейден түспеу керек. Бұндай деңгейді жоғалту, өзіндік сенімділікті жоғалту деген мағынаны білдіреді. Ал оларсыз іскерлік өмірде және бизнесте алға жылжу өте қиын.

Конфликтология – бұл адамдар арсындағы қатынасты реттеу және қарама-қайшылықтың эскалациясын (күшеюін) болдырмау мақсатымен, күрделі жағдайларда адамдардың іс-әрекеттерін басқару туралы ғылым.

Қарама-қайшылықтың дамуының бірнеше сатыларын атап өтсе болады:

- Келіспеушілік – бір сұраққа байланысты пікірлердің айырмашылығы.

- Дау-жан-жал - проблеманың және оның шешілуіне байланысты әр түрлі көзқарасты талқылау.

- Қауырттылық - шешімді қабылдауға ықпал ету мақсатында қысым жасалуын сезіну.

- Байқаусыздық - бір жақ екінші жақтың мүдделерін анықтауы;

- Қақтығысулар - байқаусыздықтан туындайтын ұсақ қақтығусулар.

- Қақтығыс - маңызды проблемалар мен олардың шешу әдістеріне байланысты нақты қарсы тұру.

- Шиеленістер - бұл бір топтың тек өзінің көзқарастары мен мақсаттарының қабылдануы және қарсы топтың сондай іс-әрекетіне бөгет жасау, яғни бір немесе бірнеше жақтардың арасындағы келіспеушілік.

- Ұрыс - бұл шешілмеген проблемалардан басқа, бір-бірлерінің арасында туындайтын жеке қарама-қайшылық, яғни жеке ренжітулермен байланысты шиеленістер.

- Дұшпандылық - ұрыстың салдары сияқты бір-біріне деген жеке

шыдамсыздық.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав