Читайте также: |
|
1.Модеификациялық өзгергіштік және оның статистикалық заңдылықтары.
Тек фенотипке әсер етеді, генотиппен байланысы жоқ. Тұқым қуаламайды. Ағзаның сыртқы ортағаи бейімделуі үшін маңызы зор. Модификациялық өзгергіштіктің негізінде белгінің өзі емес, белгінің қалыптасуы шегінің тұқым қуалауы жатыр. Сыртқы ортаның жағдайынан байланысты белгі әр түрлі дәрежеде қалыптасады. Белгінің өзгергіштік шегі реакция мөлшері деп аталады. Реакция мөлшері генге байланысты, ал сыртқы орта осы белгінің өзгергіштік шегінің көлемінде белгінің қагшалықты дамитынына әсер етеді. Реакция мөлшері барлық гендерде бірдей болмайды. Модификациялық өзгерістердің барлығы тұқым қуаламайды. Өйткені генотип өзгермейді, тек организмнің модификациялық өзгергіштікке бейімділігі яғни реакция мөлшері ғана тұқым қуалайды. Белгінің өзгергіштігін анықтау үшін көптеген дараларды зерттеу қажет. Бұл үшін вариация қатарын құрып, белгінің орташа көрсеткіші анықталды. Белгі орташа дәреже қалыптасқан даралардың саны ең көп кездеседі. Белгі қаншалықты орташа көрсеткіштен аутқитын болса, оны таситын даралар саны да аз болады.
2.Қоршаған ортаның химиялық жолымен ластану салдарынан туындалған экологиялық проблемалар,олардың медициналық маңызы.
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:• Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды • Пайда болу кезіне байланысты: а) өндірістік,ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), обьектілі (өнеркәсіп орны) шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), рансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) • әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті. • Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері, әлемдік мұхит, тұшы су, жер асты сулары,өзен сулары және т.б. • әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде т.б. • әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.) • әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері) • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты 100-1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон) Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты 3 параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
3. Дені сау (гемофилик емес), қаны АВ тобына жататын еркек дені сау, қаны О тобына жататын әйелге үйленген. Әйелдің әкесі гемофилик. Осы некеден туған балалардың фенотипі туралы не айтуға болады?
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 56 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |