Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет №22

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1.Пластикалық алмасу.Ақуыз биосинтезі.

Пластикалық алмасу - анаболиттік реакциялардың жалпы жиынтығы.

Нәтижесінде жасушаға сырттан түсетін заттардан жасуша ішілік заттар түзіледі. Пластикалық алмасу әсіресе организмнің өсуі кезінде қарқынды жүреді. Пластикалық алмасу процесінің жер бетіндегі тіршілік үшін ең маңыздылары фотосинтез және нәруыз биосинтезі болып табылады. Нәруыз биосинтезі- нәруыз биосинтезі барлық тірі жасушаларда жүреді. Әсіресе органоидтар құрылысына қажетті нәруыздар түзіліп жатқан жас жасушаларда,табиғаты нәруыз гормондар мен ферменттер синтезделетін секреттік жасушаларда нәруыз биосинтезі қарқынды жүреді. Нәруыз биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және нәруыздардың қызметі бірігеді.ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар — рибосомалардың жәрдемімен нәруыз синтезделеді.Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар |нәруыз деп есептеледі.

Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті нәруыз - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.

Нәруыз биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ нәруыз. Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты нәруызда нақтылы көрсетіп, іске асырады».

Нәруыз биосинтез- матрицалық синтез қағидасымен жүретін күрделі реакциялар тізбегі. Нәруыз биосинтезі жасушаның әртүрлі бөліктерінде жүретін бірнеше сатыдан тұрады; Транскрипция және Трансляция.

2.Табиғи сұрыптау-эволюцияның қозғаушы күші,тіршілік үшін күрес және олардың түрлері.

Табиғи сұрыпталу -деп нәтижесінде белгілі орта жағдайларында ең тиімді белгілерге ие даралар тіршілігін сақтай алып, артынан ұрпақ қалдыру үрдісін айтамыз. Табиғатта өздігінен таңдамалы түрде бір даралар тіршілігін жойса, екінші біреулері көбейіп, әрі қарай дамиды. Бұл құбылысты дарвин табиғи сұрыпталу, немесе аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы, деп атады. Табиғи сұрыпталу- бірнеше ғасырларды қамтып, үздіксіз жүріп жатқан әрекет. Бұл әрекетке қажетті материал- ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалап көбейе түсетін шағын өзгерістер. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тіршілік ортасында сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі.Эволюцияның бағыттаушы факторіне табиғи сұрыптау жатады. Табиғи сұрыптау нәтижесінде пайдалы, тиімді белгілерге ие даралар тірі қалып, артынан ұрпақ қалдыруы және пайдалы белгілері жоқ басқа даралардың тіршілік ете алмауынан, ұрпақ қалдыра алмауы, жойылып кету үрдісі. Бұл тіршілік үшін күрестің нәтижесі. Нәтижесінде қалыптасқан сыртқы орта жағдайына неғұрлым бейім түрлер, дарақтар сұрыпталады.

Тіршілік үшін күрес- дегенімізағза мен оны қоршаған ортаның арасындағы әр түрлі биотикалық (тірі табиғат) және абиотикалық (өлі табиғат) факторларімен өзара күрделі қарым-қатнастардың жиынтығы. Тіршілік үшін күрес тура мағынадағы «күрес» емес. Негізінен, бұл ағзаның тіршілігін сақтап қалу стартегиясы. Тіршілік үшін күресте белгілер жиынтығын ұрпағына бере алған және қоршаған орта жағдайына ең жақсы бейімделген даралар жеңеді. Ч.Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 түрін анықтады:

1.Түраралық күрес. - жыртқыштық, паразиттік, бәсекелестік жағдайда өтетін бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес.

2.Түршілік күрес- бір түрге жататын даралардың арасындағы қорек, орын, жарық, ылғал үшін күрес.

3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес- (бейімделу) әсіресе ылғал мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, жазы ыстық, қысы суық жерлерде айқын байқалады.

3. Дені сау (гемофилик емес), қаны АВ тобына жататын еркек дені сау, қаны О тобына жататын әйелге үйленген. Әйелдің әкесі гемофилик. Осы некеден туған балалардың фенотипі туралы не айтуға болады?

Берілгені Р ♂ х ♀
- дені сау Г
-әйел (2 қ.т.) (3 қ.т.)
  (2 қ.т.) гетерозиготалы (3 қ.т.)гетерозиготалы

№23Билет

1.Миркоағзалардың селекциясы және гендік инженерия, биотехнология.

Микроағзалардың селекциясы- сұрыптаудың қарқынды түрде дамып келе жатқан саласы. Мұндай негізгі бағыт- рентген немесе ультракүлгін сәулелермен және химиялық мутагендермен әсер ету арқылы жоғары өнімді мутант микроағзаларды алу.

Гендік инженерия дегеніміз геномның жасанды жолмен өзгертілуі. Бұл әдіспен бір ағзаның геномына басқа түрге жататын ағзаның гендерін енгізуге болады. Осы жолмен ішек таяқшасы бактериясының генотипіне адам геннін енгізіп, инсулин гормоны алынады.

Биотехнология - тірі ағзалар мен олардың биологиялық әрекеттері адам өз пайдасына өндірісте пайдалануы. Биотехнология сұрыптауда жаңа мүмкіншіліктер береді. Оның басты бағыттары; микробиологиялық синтез, гендік және жасушалық инженерия.

2.Тыныс алу және фотосинтез,хемосинтез.

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады. Фотосинтез- күн сәулесі энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдыратын күрделі процесс. Фотосинтез процесі өсімдіктердің хлоропластарында өтеді, яғни хлорофилі бар өсімдік жасушалары күн сәулесі энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді. ХЕМОСИНТЕЗ (хемо… және грек.synthesіs — тізбек) бактериялардың бейорганикалық қосылыстарды тотықтыру есебінен көмірқышқыл газды (СО) сіңіруге негізделген қоректену типі. Хемосинтезге жарықтың қажеті жоқ. Хемоминтез процесін 1887 жылы Ресей микробиологы С.Н. Виноградский (1856 — 1953) ашты. Осы күнгі эволюциялық тұрғыдан қарағанда, Хемосинтез фотосинтезге дейін пайда болған көмірқышқыл газын ассимиляциялау жолы деп есептеледі. Хемосинтездегіш бактериялардың басым көпшілігі бейорганикалық ортада тіршілік етеді. Кейбір бактериялар қарапайым органикалық қосылыстарды (метан, метил спирті) сутек көзі ретінде пайдаланып, сол ортада тіршілік етеді.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав