Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың мәні мен міндеттері

Читайте также:
  1. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  2. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  3. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  4. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  5. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  6. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқығы
  7. ІІ. Статистика пәні және міндеттері
  8. Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастыру
  9. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру

Адамдар кез-келген ұйымның басты ресурсы болып табылады. Адамдар болмаса ұйым әрекет ете алмайды және көздеген мақсаттарына да жете алмайды. Сондықтан қызметкерлерді басқару барлық ұйымдар үшін маңызды мәнге ие болып отыр. Кәсіпорындағы еңбекті дұрыс ұйымдастыру – бұл еңбекті барынша жоғары пайдалана отырып ең төменгі еңбек шығындарымен өнім өндіруді қамтамасыз ету. Жұмыстардың жалпы көлемінің түрлері бойынша бөлінуі, ал түріне қарай орындаушылар арасында бөлінуі жұмысшылардың мамандануына әкеледі, дағдылардың жиналуына, біліктіліктің артуына, олай болса, еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді. Еңбектің дұрыс бөлінуі және шоғырлануы сапасына қарай әр түрліеңбек түрлері арасындағы сандық пропорционалдықты, жұмысшылардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жекелеген орындаушылардың толық жүктелуіне және олардың жұмыс уақытын ұтымды қолдануына ықпал етеді, еңбектің мазмұндылығын арттырады.

Еңбектің ұтымды бөлінуі және шоғырлануына қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады: орындаушылардың анық өзара байланысын қамтамасыз ету, жұмыстарды білікті және үздіксіз жүргізу, жекелеген орындаушылардың жұмыс күнін толық жүктеу, өнім өндірісіне барынша аз шығын жұмсау. Бұл жерде еңбек шығындарын жиынтық түрде қарастырады, яғни негізгі цехтармен қатар, қосалқы-көмекші цехтардың да еңбек шығындарын ескереді.

Еңбекті ұйымдастыру нысандары техникамен, технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен тығыз байланысты және олармен қатар жетілдіріліп отырылуы қажет.

Ұтымды бөлінген және шоғырланған еңбектен ең жоғарғы эффект алу үшін арнаулы бір ұйымдық-техникалық алғы шарттар қажет, және ең алдымен, еңбек процесін ұтымды ұйымдастыру қажет болады.

Еңбек процесі – бұл белгілі бір өндірістік тапсырманы орындау мақсатында жүзеге асатын әрекеттер жиынтығы.

Еңбек өнімділігі көбінесе еңбек процесін ұйымдастыруға, орындаушы жұмыс жасайтын жағдайларға тәуелді болады. Мұндай жағдайлар дегенде жұмыс орнын ұйымдастырудың ұтымдылығы мен анықтылығын; оны барлық қажеттіліктермен (шикізатпен, энергиямен және т.б.) қамтамасыз етуді; еңбек процесін дұрыс ұйымдастыруды; жұмыс пен демалыстың ұтымды режимдерін белгілеуді; кезекті жұмысты дұрыс ұйымдастыруды; қолайлы өндірістік қолайлы жағдайды қалыптастыруды; еңбек тәртібін нығайтуды түсінеді.

Құрал-жабдықтармен жабдықталған және белгілі бір жұмыстарды орындау үшін бір жұмысшымен немесе жұмысшылар тобымен қолданылатын өндірістік ауданның шектеулі учаскесін жұмыс орны деп атайды.

Жұмыс орны стационарлық, маршруттық, жылжымалы бола алады. Қызмет көрсету сипаты бойынша жұмыс орындары аппараттық, машина-қолдық және қолдық болады; қызмет көрсетілетін қондырғылар саны бойынша – бір агрегатты және көп агрегатты; мамандану дәрежесі бойынша – маманданған және универсал; шоғырлану дәрежесі бойынша – жеке және бригадалық.

Мұнай өндірісіндегі негізгі жұмыс орны ұңғылардың жұмысы мен жағдайына жауап беретін жұмысшыларға бекітілген ұңғылар тобы орналасқан аумақ болып табылады. Әрбір ұңғыда өндірістік операциялардың арнаулы бір түрлері орындалады. Олардың қатарына технологиялық режимді реттеу, әртүрлі жөндеу түрлері, ұңғы бойынша зерттеу жұмыстары және т.б. жатады. Осылайша, мұнай өндірісіндегі жұмыс орны – универсал, мұнда жұмыс орындарының мамандануы орын алмайды.

Бұрғылаудағы негізгі жұмыс орны – бұрғылау аумағы және оның маңындағы учаскелер де – универсал.

Жұмыс орнын ұйымдастыру оның материалдық жабдықталуын тұрақты жетілдіруді, материалдық құралдарды кеңістікте мақсатты бағытта орналастыруды білдіреді. Жұмыстың қолайлылығы мен қауіпсіздігі, құралдардың қалқанда ұтымды орналасуы назардан тыс қалмауы үшін, ал бақылаудың артық салмақ әкелмеуі үшін; тәртіпті сақтау үшін; санитарлық-гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайларын (ауаның қалыпты температурасы, оның тазалығы, жарықпен қамтамасыз етілуі және т.б.) қамтамасыз ету үшін қажет.

Жұмыс орнын жоспарлау адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс және артық қозғалыстар толық жойылып, еңбектің қиындығы төмендейтін еңбек процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуі қажет. Жабдықтардың дұрыс орналасуы, еңбек заттары мен қабырғалардың түсі нервтік қиындықты жоюға ықпал етуі тиіс. Жабдықтың орналасуы оның қызмет көрсетуіне ыңғайлы болып, жұмысшы қозғалысының ең қысқа маршруттарын қарастыруы қажет.

Еңбек процесін ұйымдастырғанда ұтымды еңбек әдістері мен тәсілдерін өңдеуге, мысалы, еңбек тәсілдерін орындау ретіне, еңбек процесі мен жабдық жұмысының синхронизациясына баса назар аудару керек.

Осылайша, мұнай өндірісінде ұңғыларға қызмет көрсетуді ұтымды ұйымдастыру үшін ұңғыдан ұңғыға көшу, яғни ұңғыларды белгілі бір маршрутпен жүріп өту талап етіледі. Ұңғыларды жүріп өту маршруты қызмет көрсетудің равномер-тьын және ұңғы жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет. Ұңғыларды жүріп өтудің айналма және бұталы маршруттары орын алады (сурет 1).

Айналма маршрутты ұңғылардың орналасуының тығыз сеткасында қолданып, ұңғылар тобын ең қысқа маршрутпен біріктіреді. Сиретілген ұңғылар сеткасында бұталы жүріп өту маршруты қолданылады.

Сурет

 

Маршруттарды өңдеу зауыттардағы және көліктегі аспапшы, электрик, кезекші слесарь және басқа да жұмысшылардың жұмысын ұйымдастыру үшін қажет.

Жұмыстардың аса ұтымды құрамын таңдау және олардың ең аз шығындармен орындалуын қамтамасыз ету үшін жұмыс орнындағы олардың орындалу ретін таңдау үлкен мәнге ие.

Қарастырылып отырған өнеркәсіп салаларындағы жұмыс күнінің ұзақтығы еңбек жағдайларына, орындалатын процестердің күрделілігіне және мұнай сапасына байланысты кезегіне 6 және 7 сағатты құрайды. Кеніштерде, көлік пен зауыттарда жұмыс өндірістік процестің ерекшеліктеріне байланысты үздіксіз жүргізіледі. Өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін кезеутік жұмыс ұйымдастырылады: алты сағаттық жұмыс күнінде тәулігіне төрт кезек және жеті сағаттық жұмыс күнінде 8 сағаттан үш кезек. Кезек уақытында артық жұмыс жасау қосымша демалыс күндерімен өтеледі.

Жұмыс пен демалысты дұрыс ұйымдастырғанда және кезектестіргенде ғана өнімділігі жоғары жұмысқа қол жеткізіледі. Бұл үшін жұмысшылардың жұмыс қабілетін, денсаулығын сақтауды және олардың жан-жақты даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін кезек кестесі жасалады. Кестелерді құрастырғанда заңмен белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығын, өндіріс ерекшеліктерін, сондай-ақ бос уақытты пайдалануға қолайлы жағдайлар жасау ескеріледі.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 145 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав