Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек төлемін ұйымдастыру

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. Аржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
  3. Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
  4. Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.
  5. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 1 страница
  6. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 2 страница
  7. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 3 страница
  8. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 4 страница
  9. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 5 страница
  10. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 6 страница

Еңбек төлемінің негізі оның саны мен сапасына сәйкес тарифтік жүйе болып табылады. Ол еңбек сапасы мен жұмысшының біліктілігіне, еңбек сипаты мен еңбек жағдайларына тәуелді жалақы деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі нормативтерден тұрады. Тарифтік жүйе үш элементтен тұрады: тариф сеткасы, тариф ставкасы және тарифтік-біліктілік анықтамалары.

Тариф ставкасы уақыт бірлігіндегі жұмысшы төлемінің абсолюттік деңгейін көрсетеді. Мұндай бірлікке сағат жатқызылады. Үкіметпен белгіленетін тариф ставкасы жұмысшылар жалақысын олардың біліктілігіне тәуелді жүктеуге негіз болады. Тариф ставкалары сала бойынша ерекшеленеді, олар еңбек жағдайы мен сипатына тәуелді болып келеді.

Басқа да салалардағы секілді, мұнай мен газ өнеркәсібінде қалыпты еңбек жағдайларындағы ставкалар, ыстық, ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс төлемдерінің ставкалары, сонымен қатар ерекше зиянды және аса ауыр жағдайлардағы еңбек төлемінің ставкалары қабылданған. Екінші топ жұмысшыларының ставкалары біріншісіне қарағанда жоғары, ал үшінші топ ставкалары – екіншісіне қарағанда жоғары болады.

Тариф сеткасы – жұмысшылардың жалақы деңгейін реттеуші, ол орындалатын жұмыстың күрделілігіне сәйкес еңбек төлемін жіктеу ге, жұмысшы біліктілігіне сәйкес еңбек төлемінде дұрыс ара-қатынас қалыптастыруға негіз болады. Тариф сеткасы белгілі бір разрядтар санынан және оларға сәйкес тарифтік коэффициенттерден тұрады. Коэффициент төменгі разряд жұмысшысының жұмысы келесісімен салыстырғанда қаншалықты жеңіл екендігін көрсетеді.

Мұнай және газ өнеркәсібінде коэффициенттер диапазоны 1-ден (1-ші разряд) 1,865-ке (4-ші разряд) дейінгі алты разрядтық сетка қабылданған. Тарифтік коэффициенттер прогрессивті түрде артып отырады. Бұл біліктілікті арттыруға деген қызығушылықты арттырады.

Тарифтік-біліктілік анықтамасы жұмысшы разрядын анықтауға негіз болады. Мұнда салада орындалатын жұмыстардың барлық түрлері тариф сеткасының разрядтары бойынша бөлінген. Тарифтік анықтамалар көмегімен саладағы жұмыстар мен жұмысшыларды тарификациялау жүзеге асады, оларда әрбір разряд жұмысшысы меңгеруі тиіс жұмыстар, білімдер мен қабілеттер тізімі көрсетіледі.

Еңбек төлемінің екі негізгі түрі бар – кесімді және мерзімді. Олар жалақыны есептеу тәртібін анықтайды. Өндірісте жұмсалатын еңбек жұмыс уақыты шығындарымен және еңбек өнімінің санымен өлшенуі мүмкін.

Еңбек төлемінің кесімді жүйесінде жұмысшы еңбегі шығарылған өнім санына тәуелді келісімді бағамен төленеді.

Ал еңбек төлемінің мерзімді жүйесінде жұмысшы еңбегі жұмысшы біліктілігіне және жұмсалған уақыт санына сәйкес төленеді.

Еңбек төлемі жүйесінің әрқайсысы өз кезегінде бірнеше нысандарға бөлінеді. Осылайша, еңбек төлемінің кесімді жүйесі тікелей кесімді, кесімді-сый ақылы, кесімді-прогрессивтік, жанама және аккордтық болып бөлінеді. Осы аталған еңбек төлемі жүйелерінің әрқайсысы оны есептеу тәсілдеріне тәуелді жеке және ұжымдық болуы мүмкін.

Тікелей кесімді еңбек төлемінде жұмысшылар жалақысын есептеудің негізі бағалау, яғни өнім бірлігіне (жұмыс көлеміне) төлем төлеу болып табылады. Бағалауды анықтау тәсілі мөлшер түріне тәуелді болады. Егер жұмыстар өнім мөлшері негізінде мөлшерленетін болса, онда бағалау күндізгі тариф ставкасын өнім мөлшеріне Нөнім бөлу арқылы анықталады:

 

Бағалау = Кезектегі тариф ставкасы

Нөнім

Тікелей кесімді төлем жұмысшылардың барлық өнімінің мөлшерді орындау дәрежесіне тәуелсіз тұрақты баға бойынша төленуімен сипатталады.

Кесімді-сый ақылы еңбек төлемі жүйесінде жұмысшы жалақысы екі бөліктен тұрады: белгіленген тұрақты баға бойынша шығарылған өнім санына төлемнен және сандық немесе сапалық көрсеткіштерді жақсартқаны үшін сый ақыдан.

Кесімді-прогрессивтік төлемде жұмысшы өнімі бастапқы мөлшер шегінде тікелей кесімді бағамен төленеді.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынында негізінен ұжымдық кесімді-сый ақылы (ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу үшін) және кесімді-прогрессивтік (мұнай өндірісі бойынша бригадалар үшін) төлем жүйелері қолданылады.

Мысалы, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ мұнай-газ өндіру кәсіпорынындағы еңбек төлемін ұйымдастырғанда негізгі еңбек ақы ретінде еңбек төлемінің мерзімді жүйесі белгіленеді.Басшылардың, қызметкерлердің, мамандар мен жұмысшылардың еңбек төлемінің мөлшері жеке еңбек шартымен анықталатын айлық жалақы негізінде белгіленеді.

Кейбір құжаттарда еңбек төлемінің қоры деп аталатын жалақы қоры жұмыс берушімен және жұмысшымен ұжымдық және еңбек шарттары негізінде анықталған және жұмысшының жеке жалақысын қалыптастыратын еңбек төлемінің жағдайларын, кепілдіктер мен өтемдерді бейнелейді.

Жалақы қорына мыналар енгізіледі:

1. ұйымда қабылданған еңбек төлемінің нысаны мен жүйесіне тәуелсіз жұмысшылардың орындаған жұмысына төленетін жалақы немесе тариф ставкасы, қызметтік жалақы бойынша нақты жұмсалған уақыт;

2. ауыр физикалық жұмыстардағы және зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстардағы жұмыс тәртібімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтем ақылар, түнгі уақыттағы жұмысқа қосымша төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс төлемдері, мерзімінен тыс жұмыс төлемдері;

3. ынталандырушы сипаттағы төлемдер:тариф ставкасы мен қызметтік жалақыға үстем ақы (жұмыс стажына, кәсіби шеберлігіне), өндірістік нәтижелерге сый ақылар, төлем көзіне тәуелсіз бір жолғы сый ақылар;

4. жасалмаған уақытқа төлемдер: жыл сайынғы және қосымша еңбек демалыстарын төлеу, пайдаланылмаған демалысқа ақшалай өтем, еңбек демалысында емделуге бір жолғы жәрдем ақы (еңбек демалысына материалдық көмек), жұмысшының кінәсінсіз бос тұрып қалулардың төлемі;

5. лауазымдарды қатар атқаруға немесе өзінің негізгі жұмысынан босатылмай уақытша жоқ жұмысшының міндеттемелерін орындауға қосымша төлем срмасы;

6. еңбек жағдайымен байланысты еңбек қабілетін жоғалтып алу немесе еңбек міндеттемелерін орындаумен байланысты денсаулығына басқа да зиян келу жағдайында бұрынғы жалақы мен жаңа жұмыстағы жалақы арасындағы қосымша ақы сомасы;

7. білім беру ұйымдарында оқитын, ұйымда өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан және жұмыс орындары мен лауазымдарға орналастырылған студенттер (оқушылар) еңбегінің төлемі;

8. азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарт бойынша жұмыстар (қызметтер) атқаратын ұйым жұмысшыларының тізімдік құрамында жоқ тұлғалар еңбегінің төлемі.

Жалақы қорында ескерілмейтін төлемдер мен шығындар:

1. жұмыстан шығарылғанда жеке еңбек шартын бұзу нәтижесінде жұмысшыларға төленетін өтем ақы сомасы;

2. осы ұйымда жұмыс жасамайтын тұлғаларға (зейнеткерлерге, мүгедектерге, қайтыс болған жұмысшылардың жанұясына) көрсетілетін материалдық көмек;

3. жұмысшының орындаған жұмысына байланысты емес жағдайларға бір жолғы тәртіппен осы жұмысшыға көрсетілетін материалдық көмек: үйлену тойына, бала туылғанда, ақылы медициналық операция жасауға;

4. жұмысшыларды оқытумен байланысты шығындар: оқу демалыстарының төлемі, білім алу үшін жұмыс берушімен (ұйыммен) оқу орындарына жіберілген студенттер мен оқушыларға стипендиялар;

5. сырқаттанумен, кәсіби аурулармен, жүктілікпен және босанумен байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жұмыс берушінің қаражаттары есебінен төленетін әлеуметтік жәрдем ақылар, сонымен қатар бала асырап алған әйелдерге (ер азаматтарға) әлеуметтік жәрдем ақылар.

Өндіріс ерекшеліктеріне байланысты жұмыс режиміндегі қалыпты жағдайлардан айырмашылықтар келесі тәртіппен өтеледі:

1. түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты бір жарым есе мөлшерде төленеді (кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі болып есептеледі).

2. Қоғам бойынша бұйрыққа сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа төлем сағаттық (күндізгі) тариф ставкасының екі есе мөлшерінде төленеді.

Жұмысшының немесе қызметкердің қалауы бойынша мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақшалай өтем ақы төленбей, оған басқа демалыс күнін берумен алмастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа төлем дара мөлшерде төленеді. Мерзімінен тыс жұмыс төлемі бір жарым есе мөлшерде төленеді.

Өнім шығару мөлшерін орындағанда немесе жұмысшының кінәсінсіз ақауы бар өнім дайындағанда – төлем нақты орындалған жұмысқа жүргізіледі.

Жұмыс берушімен жұмысшылар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жалақыға ынталандырушы қосымша ақының төмендегі түрлері белгіленеді:

1. қосымша ақы мен үстеме ақыларды есепке алмағанда нақты жасалған уақытқа айлық жалақының 30 %-на дейінгі мөлшерде ағымдық сый ақы беру. Мереке күндеріндегі жұмысқа және мерзімінен тыс жұмысқа ағымдық сый ақы дара тариф ставкасына есептеледі.

2. Бас директормен шығарылған бұйрыққа сәйкес ерекше маңызды өндірістік тапсырмаларды орындағаны үшін бір жолғы марапаттау.

3. жұмыс берушіде қалатын таза табыстың қолма-қолдығы жағдайында жыл қорытындысы бойынша жалпы жұмыс нәтижелеріне директорлар Кеңесінің шешімімен төленетін сый ақы.

«Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ғы жалақыны ұйымдастыру жұмыстарында Бірыңғай тариф сеткасы негізге ала отырып негізгі жалақыны қалыптастыру әдісін таңдаумаңызды болып табылады.

Нарық талаптарына сәйкес жалақына ұйымдастыру келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

1. еңбексіз келген ақша қаражаттарын алу мүмкіндіктерін қоспағанда әрбір жұмысшының өз еңбегңнңғ тиімділік резервтерін анықтау және пайдалануға деген қызығушылығын арттыру;

2. еңбек төлеміндегі теңгермешілік жағдайларды болдырмау, жалақының жеке және ұжымдық еңбек нәтижелеріне тікелей тәуелділігіне қол жеткізу;

3. орындалатын жұмыстардың күрделілігін, еңбек жағдайларын ескере отырып, әртүрлі категориядағы және кәсіби-біліктілік топтарындағы жұмысшылардың еңбек төлеміндегі ара қатынасты оптимизациялау.

Қазіргі заманғы жағдайда кәсіпорындағы жалақыны оның негізгі элементінсіз дұрыс ұйымдастыру мүмкін емес – нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда еңбек шығындарының көлемі мен оның төлем мөлшері арасындағы сәйкестікті белгілеуге мүмкіндік беретін еңбекті мөлшерлеу.

Жаңа жағдайларда еңбекті мөлшерлеуді жетілдіру бойынша жұмыстар жоғарғы дәрежеде мөлшерлер сапасын арттыруға, және ең алдымен барлық еңбек түрлері үшін (қол еңбегң, механикаландырылған, машина еңбегі) және жұмысшылардың барлық топтары үшін (жұмысшылар, мамандар, басшылар) олардың тең бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.

Жұмысшылар еңбегін мөлшерлеуді жақсарту оның жағдайын цехтар, учаскелер және басқа да ұйымдық бөлімшелер бойынша, жұмыс түрлері мен мамандықтар бойынша жан-жақты талдау негізінде жүзеге асады. Бұл жерде мөлшерді орындау деңгейін, жұмыс күнінің суретін, өлшемдер хронометражын талдау мәліметтеріне сүйену қажет болады.

Мамандар мен қызметкерлердің, сонымен қатар жұмысшылардың жекелеген категорияларының еңбегін мөлшерлеуді жақсарту олардың жүктемесін талдау, басқару құрылымын жетілдіру және қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу негізінде жүзеге асуы тиіс.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 131 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав