Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндірістік процестердің мәні және түрлері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Обнаружение допинга грозит спортсмену суровыми наказаниями, вплоть до полного отлучения от спорта. При первом выявлении запрещенных средств (за исключением симпатомиметических препаратов, таких как эфедрин и его производные) он дисквалифицируется на 2 года, при повторном – пожизненно. В случае приема симпатомиметиков в первый раз – дисквалификация на 6 месяцев, во второй на 2 года, в третий – пожизненно. При этом наказанию подвергается также тренер и врач, наблюдавший за спортсменом.

Применение в качестве допинга каких-либо средств, официально отнесенных к наркотическим, влечет соответствующие административные и уголовные наказания. В настоящее время в законодательные органы страны внесены предложения о введении уголовного наказания за прием анаболических стероидов без медицинских показаний, или склонение к их приему.

 

Ндірістік процесті ұйымдастыру және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік құрылымы

ндірістік процестердің мәні және түрлері

Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Барлық өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы.

Еңбек процесі еңбектен, еңбек заттары мен еңбек құралдарынан тұрады. Еңбек процесінің нәтижесі еңбек өнімі болып табылады, яғни адамның мақсатты бағытта еңбек құралы көмегімен еңбек затын өзгеріске ұшыратуы.

Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.

Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі процесс -бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге асатын процестер көмекші процестер деп аталады.

Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, оған материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану кезеңі мен ұзақтығын, өндірісті ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдастыру дегенде еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығын түсінеміз.

Жұмысшының өндірістік процесті жүзеге асыруға қатысу сипаты бойынша келесі процесс түрлерін ажыратады: қол, механикаландырылған қол, машиналық - қол, машиналық, автоматтандырылған, аппараттық.

Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың) қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.

Механикаландырылған қол процестеріқандай да бір механикаландырылған инструменттің көмегімен қандай да бір энергия көзін қолдану арқылы тікелей жұмысшымен орындалады, мысалы, гайкаларды бұрау, тесіктерді бұрғымен тесу, резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және басқалар.

Машиналық - қолпроцестері жұмысшының тікелей қатысуымен машинамен орындалады; мысалы көтергіш тракторда жұмыс жасау және басқалар.

Машиналықпроцестер жабдықтың жұмыс бөлігімен жұмысшының қатысуынсыз жүзеге асады; мысалы, жер асты жөндеуде немесе бұрғылау процесінде құбырларды ұңғыдан көтеру және т.б.

Автоматтандырылғанпроцестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады; мысалы, қашауды ұңғы забойына автоматты түрде беру, парафинді тазалау үшін қырғышты автоматты түрде беру және басқалар.

Аппараттық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде орын алады, және де еңбек заты технологиялық режимнің қатаң белгіленген көрсеткіштерінде өзгеріске ұшырайды. Мұнда жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттар жұмысын бақылайды және оларда жүріп жатқан процестерді бекітілген тәртіпке сәйкес реттеп отырады. Мұнай өндірісінде бұған мұнайды электрлік тұссыздандырғыш қондырғыда (ЭЛОУ) диэмульсациялау мысал бола алады, ал кейбір мұнай базаларында майларды өндіру процесі аппараттық болып табылады; бұрғылауда – балшық зауытындағы жуу сұйықтарын өндіру; мұнай өңдеу және мұнай-химиялық процестер де аппараттық процестерге жатады.

Мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік процестер механикалық және физикалық-химиялық процестерге бөлінеді.

Механикалық процестер – бұл механикалық күштердің әсерімен еңбек затының формасы, мөлшері, жағдайы мен орналасуы қандай да бір өзгеріске ұшырайтын процестер. Оларға шикізатты немесе өнімді басқа физикалық жағдайға өңдеу немесе қайта өңдеу, форма қалыптастыру, жинақтау, өндіру процестері, тасымалдау, сақтау және мұнай өндірісіндегі секілді т.б. процестер жатады. Бұрғылау процесі де механикалық процестерге жатады.

Физикалық-химиялық процестерге материалдардың физикалық-механикалық және механикалық қасиеттері, олардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайтын процестер жатады (химиялық, жылу, диффузиялық, еріту, электрохимиялық және басқа да процестер).

Сонымен қатар, еңбек заттарының орнын ауыстыру бойынша транспорттықпроцестерді және олармен байланысты тиеу-түсіру процестерін; дайындалған еңбек заттарының белгіленген стандартқа немесе техникалық жағдайларға сәйкестігін сынау және тексеру бойынша бақылаупроцестерін; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүру жағдайлары мен параметрлерін зерттеу бойынша зерттеужұмыстарын; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау бойынша геологиялық барлау процестерін ажырату қажет.

Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтығы бойынша үздіксіз және үзілісті процестерді ажыратады.

Үзілістіпроцестер процестердің кезеңділігімен және қайталануымен сипатталады. Оларға, мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау жатады.

Үздіксіз өндірістік процестерде кезеңділік белгісі болмайды, технологиялық процесс үздіксіз жүреді, процестің үзілстілігі мен қалпына келтірілуі оның технологиялық ұзақтығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегі секілді, жабдық жұмысының жөндеу аралық мерзімінің ұзақтығымен анықталады.

Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы.

Процестің кеңістікте орналасуы дегенде операциялардың жұмыс орындары бойынша орналасуын түсінеді. Процестің уақыт ағымында орналасуы – бұл өндірістік процестің ұзақтығын анықтайтын өндірістік процестің әртүрлі операцияларының орындалуының уақыт ағымында үйлесу дәрежесі.

Процестің кеңістік пен уақыт ағымында орналасуы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Егер, мысалы, өндірістік процес бес операциядан тұрса және олардың барлығы өз жұмыс орындарында бір уақытта орындалса, онда процесс уақыт ағымында толықтай үйлестірілген және кеңістікте бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай үйлестірілген және уақыт ағымында бөлістірілген (бұл жағдайда уақыт әйлесімі орын алмайды). Процестің кеңістікте орналасуының әрбір түріне оның уақыт ағымында орындалуының белгілі бір тәртібі сәйкес келеді және де ол операциялардың үйлесу түрімен және еңбек затының бір жұмыс орнынан келесісіне берілу тәртібімен анықталады.

Операциялардың үйлесуінің үш түрі бар: кезекті, параллель және параллель- кезекті.

Кезекті үйлесу әрбір келесі операцияның алдыңғысы аяқталғаннан кейін орындалуын білдіреді. Мысалы,мұнара құрылысында оған қатысты барлық процестерді қатаң ретпен бірінен соң бірін орындау қажет. Әйтпесе өндірістік міндетті (мысалы, мұнара құрылысы) шешуге жұмсалатын уақыт аса ұзақ болады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында операциялардың кезекті үйлесуі қолданылмайды.

Операциялардың кезекті үйлесуі жағдайында процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Ткез төмендегі формуламен анықталады:

 

m

Ткез=Σtшт,

 

мұнда, tшт – операцияның әрқайсысының ұзақтығы;

т – операциялар саны.

Операциялардыңпараллельүйлесуі олардың уақыт ағымында толықтай үйлесуімен сипатталады. Мұндай үйлесу әрбір операцияның бір жұмыс орнындағы бірдей ұзақтығы мен орындалу мүмкіндігінде ғана мүмкін болады. Тәжірибе жүзінде мұны жүзеге асыру қиын болғандықтан үйлестірудің бұл түрін қолдану шектеулі болады.

Операциялардыңпараллель-кезекті (аралас) үйлесуі – мұнай және газ өнеркәсібіндегі операцияларды үйлестірудің ең кең тараған түрі. Мұнда операциялардың бір бөлігі кезекті, ал бір бөлігі параллель орындалады. Операциялардыңпараллель-кезекті (аралас) үйлесуінде процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Тар келесі формуламен анықталады:

 

m

Тар=Σtшт – Σtпер,

 

мұнда, tпер – әр аттас операцияларды жабудың жалпы уақыты.

Барлық өндірістік процесс өзара әрекеттесуші әртүрлі еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығын білдіреді және ұтымды үйлестіруді талап етеді.

 


Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2020 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав