Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Басқарудың ұйымдық құрылымы

Читайте также:
  1. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  2. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
  3. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  4. Атом құрылымы және Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі
  5. Басқарудың психологиялық тәсілдері
  6. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  7. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  8. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
  9. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.

Кәсіпорындағы өндірісті басқару процесі басқару аппаратына ұйымдастырылған жұмысшылар ұжымымен жүзеге асырылады. Басқару аппаратының маңызды сипаттамасы оның құрылымы болып табылады. Әрбір кәсіпорын үшін басқару аппаратының құрылымы мен саны былайша топтастыруға болатын көптеген факторларға тәуелді болады:

• техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық процестер мен жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен басқаруды автоматтандыру деңгейі);

• ұйымдық - экономикалық (функцияларды орталықтандыру дәрежесі, басқарушы жүйенің әртүрлі сатылары мен звенолары арасындағы байланыстар сипаты);

• сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және өткізу жүйесі, климаттық және табиғи жағдайлар);

• ұйымдық – құқықтық қатынастар (ЖШС, АҚ).

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл басқару функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан тұрады.

Басқару звеносы – бұл белгілі бір басқару функциясын (жоспарлау, есепке алу, реттеу және т.б.), оның бір бөлігін немесе бірнеше функциялардың жиынтығын орындайтын дербес құрылымдық бөлімше.

Басқару сатысы – бұл басқару деңгейі, белгілі бір деңгей звеноларының біртұтастығы, басқару иерархиясы (кәсіпорынды басқару, цехты басқару, өндірістік учаскелерді басқару және т.б.).

Басқарудың ұйымдық құрылымын құру негізінде бағынудың сызықтық құрылымы мен басқару функцияларынан тұратын өндірістік – аумақтық принцип жатыр.

Өндірістік – аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді.

Бағынудың сызықтық құрылымы әрбір өндірістік бөлімше (басқарма, цех, қондырғы, учаске) басында осы бөлімшенің барлық жұмысшылары бағынатын басшы тұратынын білдіреді. Әрбір жұмысшы тек бір басшыға бағынады. Басқарудың мұндай құрылымында дара басшылық принципі сақталып, басқарудың екі жақтылығы болмайды.

Басқарудың жекелеген функцияларын орындау үшін әрбір басқару сатысы бірнеше звенолардан құралады. Олардың саны басқару деңгейіне, қандай да бір функцияны орындау бойынша жұмыстар көлемі мен сипатына тәуелді болады. Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.

Басқарудың төменгі деңгейі өндірістік процесті жүзеге асырады. Оған объектінің жағдайы туралы барлық ақпараттар келіп түседі, ол ақпараттарды өңдеуді және тікелей сызықтық басқаруды жүзеге асырады.

Ортаңғы деңгей жұмыстар ағымын бағыттайды және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Мұнда өндіріс пен оған қызмет көрсетуді жедел басқару үлкен мәнге ие, бірақ бұл жерде аз көлемде болса да сызықтық басқару функциялары сақталады. Цех бастығына ақпарат барынша кеңейтілген түрде, көбінесе берілген параметрлерден ауытқулар түрінде келіп түседі.

Цех басшысының аппараты бастапқы құжаттамаларды өңдейді және оны аса кеңейтілген түрде жоғарғы деңгейге ұсынады (тәуләктәк өнім өндірісі, өндірістік қуаттар, материалдық – техникалық құралдардың шығындары, шикізат пен өнімнің сапасы және т.б. туралы рапорттар).

Жоғарғы деңгей техникалық – экономикалық жоспарлауды, жедел басқаруды, бухгалтерлік есепті, еңбекті ұйымдастыруды, техниканы жетілдіруді және т.б. жүзеге асырады. Ол барлық жұмысқа басшылық етеді, өндірістің барлық элементтерінің алдын – ала дайындығын қамтамасыз етеді және бақылайды. Директорлар Кеңесімен және басқармамен ұсынылған кәсіпорынның жоғарғы басшылығы функциялардың былайша бөлінуінен тұрады: директорлар кеңесі жалпы саясатты өңдейді, ал басқарма оны жүзеге асырады. Директорлар кеңесі ұйымдастырушы және бағыттаушы звено ретінде орын алады, ал қабылданатын шешімдер жедел қызметтің негізі болып саналады. Директорлар кеңесі әртүрлі деңгейлердегі әртектес басқару қызметтерінің қызметін өзара үйлестіреді және кәсіпорынға басшылық етуде біртұтас сызықты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Функциялардың орындалуы жекелеген басқару деңгейлерінің басшыларымен құрылған арнайы бөлімшелерге (функционалды бөлімдерге) жүктеледі. Басқару аппаратының бөлімдері белгілі міндеттермен қатаң түрде айналысады, олар звено басшысына шешімдер дайындайды және басқаруға құқығы жоқ. Осылайша, кәсіпорынды басқару құрылымы сызықтық – штабтық сипатқа ие.

 

Ұйымдық құрылым

 

Кәсіпорындардағы сатылар мен звенолар саны әртүрлі және оның түріне, мөлшеріне, өндірістік құрылымына, аумақтық орналасуына тәуелді болады.

Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастырудың ортақ принциптеріне мыналар жатады:

• рынок қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы, кәсіпорын мақсаттарына жету;

• басқаруды орталықтандыру мен децентрализациялаудың ұтымды ара-қатынасын қамтамасыз ету;

• жұмыстарды басқару деңгейлері мен орындаушылар бойынша бөлістірудің біркелкілігі;

• басқару жүйесін қажетті ақпараттармен уақытылы қамтамасыз ету;

• кәсіпорындағы басқару жүйесін жеңілдету;

• кәсіпорынды басқару тиімділігін арттыруға тұрақты ұмтылу.

 

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 178 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав