Читайте также:
|
|
Басқару жүйесінің әрекет ету тиімділігі көбінесе ортаңғы және төменгі звеноларды – цехтар мен жекелеген өндірістік учаскелерді, технологиялық қондырғыларды, станцияларды басқаруды ұйымдастыруға тәуелді болады.
Басқарудың цехтық құрылымы ірі және орташа кәсіпорындарда кеңінен таралған және келесі негізгі элементтерден тұрады: басшы – цех бастығы – учаске бастығы. Басқарудың цехтық ұйымдық құрылымында функционалды басқару аппаратының айтарлықтай дифференциациялануы орын алады, яғни кәсіпорында әкімшілік – басқару қызметтерінің, бөлімшелер мен жекелеген лауазымдардың үлкен саны ұйымдастырылады.
Басқару функциясы дегенде басқару аппаратындағы еңбек бөлінісінен туындаған басқару қызметінің мақсатқа бағытталған нақты түрін түсінеді. Басқарудың келесі функцияларын ажыратады: кәсіпорын басшысы (компания президенті) жүзеге асыратын жалпы басшылық; өндірістік – техникалық басшылық – орынбасарлар (вице - президенттер); экономикалық басшылық – қаржылар бойынша вице – президент. Осы аталған басшылардың әрқайсысы өз міндеттерін жауапты орындауы үшін кәсіпорында бірнеше маманданған функционалды органдар жұмыс жасайды (схема №2).
Цехтар аппаратын құрудың негізгі принциптері жалпы кәсіпорын аппаратын құру принциптермен бірдей. Әрбір цехтың басында барлық өндірістік – шаруашылық қызметке тікелей жауап беретін басшы бөлім бастығы тұрады. Цех бастығы цехтағы өндірістік процесті ұйымдастырады. Оған осы цехтың жұмысшылар ұжымы бағынады. Бастық жұмысты өндірістің тұрақты жетілуін, техникалық – экономикалық көрсеткіштердің тұрақты жақсаруын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті болып саналады. Цех бастығының басшылығымен цех жұмысын талдау және жоспарлау жүргізіледі.
Цех бастығы кәсіпорын басшылығына бағынады. Кәсіпорынды басқару аппаратының бөлімдері цехты тек жұмыстарды жүргізудің ортақ принциптері мен әдістерін өңдеу және ұсыну жолымен ғана басқарады.Ал бұл диспетчерлік қызметке қатысты емес. Диспетчер өнімдерді дайындау, жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен тәртібі туралы тікелей нұсқаулар бере алады.
Цехтар құрылымы әртүрлі және ол цехта жүргізілетін өндірістік процестің сипатына да тәуелді болады.
Цех бастығының орынбасары – технолог (аға инженер) берілген технологиялық тәртіпті, қондырғылар жұмысын, өнім сапасын талдауды, технологиялық регламенттерді жетілдіруді қамтамасыз етеді, өндірістік қуат резервтерін, шикізаттарды ұтымды пайдалану және көмекші материалдарды, отынды, энергияны үнемдеу резервтерін іздейді, өндірістік нұсқауларды өңдейді және өндірістік – техникалық есептерді құрастырады.
Механик жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, цехтың жөндеу жұмыстарына басшылық етеді, шағын жөндеулер жүргізуді және жабдықтар жұмысын тұрақты бақылауды ұйымдастырады, цех жұмысшыларының орташа және күрделі жөндеулерге қатысуын қамтамасыз етеді. Экономист өндірістің ағымдық есебін жүргізеді, статистикалық есепті құрастырады, өндіріс көрсеткіштеріне техникалық – экономикалық талдау жүргізеді.
Бас есепші бөлімі жұмысшылар еңбегін ескереді, олардың еңбек ақысын есептейді.
Шаруашылық меңгерушісі цехты көмекші материалдармен, құрал – жабдықтармен, ыдыстармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етеді, цех ғимараттары мен жабдықтарын ағымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды басқарады.
Басқару аппаратының құрылымы жұмыстардың көлемімен және әр түрлілігімен анықталады. Бірақ олардың кез – келгенінде сызықтық басшылық функциялары, өндірістік қызметті ұйымдастыру, жоспарлау, есеп және бақылау орын алады.
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 11 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |