Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағымдық және жедел жоспарлау

Читайте также:
  1. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. V. Жедел іш аурулары
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан

 

Ағымдық жоспарлау –бұл, ең алдымен мақсаттарға жетуді жоспарлау. Сауатты тәсілде ол мақсатты бас жоспар және стратегиялық жоспарлау негізінде құрылады және стратегиялық жоспарлау нәтижесінде қабылданған концепцияға, потенциал құрылымына және басқару жүйесіне тәуелді болады. Сондықтан бағдарламалар мен шараларды ағымдық жоспарлау мүмкіндігінше үйлесімді жүзеге асуы қажет.

Ағымдық жоспарлаудың мақсаты – кәсіпорынның уақыт ағымындағы, сондай – ақ кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері бойынша үздіксіз, ырғақты, реттелген жұмысын қамтамасыз ету.

Ағымдық жоспарлаудың ең кең таралған түрі кәсіпорынның жылдық жоспары болып табылады.

Бұрын кәсіпорынның жылдық жоспарын өңдеудің негізі кәсіпорынның қолда бар өндірістік ресурстары (технологиялық, шикізат) бойынша құрылатын өнім өндіру жоспары болды. Қазіргі уақытта жылдық жоспар өнімді өткізу болжамдары негізінде, сонымен бірге нарықтың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерін талдау негізінде өңделеді.

Сонымен қатар, жылдық жоспарды өңдеу барысында негізге алынатын мәліметтер қатарына кәсіпорын қызметінің өткен кезеңдегі нәтижелері, бұрынғы жоспарларды орындау көрсеткіштері, өнімге деген нақты сұраныс жатады. Көптеген кәсіпорындарда мұндай ақпараттарды жинаумен және өңдеумен ақпараттық – аналитикалық бөлімдер айналысады.

Жылдық жоспар – кәсіпорынның жоспарлау қызметінің аса формальданған түрі. Оны өңдеу өңдеу мерзімдеріне, бөлімшелерге жеткізу тәртібіне, сондай – ақ құрылымы мен нақты көрсеткіштеріне қатысты белгілі бір қатаң тәртіптерге бағынады.

Кәсіпорынның жылдық жоспары жоспарланушы жыл басталғанға дейін (тәртіп бойынша, өткен жылдың қараша немесе желтоқсан айларында) жоспарлау – экономика бөлімімен құрылады. Жоспарлау – экономика бөлімі жоспарлау кезеңі келгенше жоспардың міндетті бөлімдерін құрылымдық бөлімшелерге жеткізеді және жоспардың орындалу барысына бақылау жүргізеді.

Кәсіпорынның жылдық жоспары барлық көрсеткіштердің маусымдық бөлінуінен тұрады.

Ірі кәсіпорындарда жылдық жоспар кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің (цехтардың, филиалдардың) алдын – ала есептеулері негізінде құрылады. Орташа және шағын кәсіпорындарда жылдық жоспар бүкіл кәсіпорын масштабында құрылады, ал бұдан соң әрбір бөлімше бойынша жылдық және маусымдық жоспарлар құрылады. Көптеген кәсіпорындарда жылдық жоспарларды құрастырмай маусымдық жоспарлармен шектеледі.

Жекелеген бөлімшелердің жоспарлары бүкіл кәсіпорынның жылдық жоспарына толықтай сәйкес келуі қажет.

Кәсіпорынның номиналды, нақты қуаты негізінде есептелген өнім өндірісінің жоспарланған көлемі сәйкес өнім түріне деген нарық қажеттіліктерімен салыстырылады. Нәтижесінде нарықта өткізілуі мүмкін өнім көлемінің қажетті және жеткілікті өсімшесі анықталады.

Жекелеген бөлімшелер мен учаскелердің өндірісін жоспарлаудағы маңызды сұрақтардың бірі – осы бөлімшелердің өндіріс көлемінің өлшеуішін таңдау. Мұндай өлшеуіштер натуралды (тонна, кубометр) және құндық көрсеткіштер болуы мүмкін.

Загрузка...

Жекелеген бөлімшелердің өндіріс жоспарлары тапсырмаларды айларға бөліп маусымға құрастырылады. Бөлімшелердің жоспарлары сомасы бойынша кәсіпорын жоспарынан эксперименттік жұмыстар, өзара қызметтер мөлшеріне, өз мұқтаждықтары үшін жұмыс көлеміне ерекшеленуі мүмкін.

Мұнай – газ өндіру басқармасындағы өнім өндіру және өткізу жоспарын орындаудың және оның барлық бөлімшелерінің ұйлесімді жұмысын қамтамасыз етудің негізгі шарты жедел бақылау болып саналады.

Инженерлік – техникалық қызметтер мұнай және газ өндіру операторларының жұмысына тәулік бойы жедел басшылық етеді және өндіріс процесінің барысын бақылайды. Инженерлік – техникалық қызмет көмегімен ұңғы жұмысына бақылау жүргізілетін арнайы құжаттама жүргізеді.

Аудандық инженерлік – техникалық қызметтер сменасының бастығы ұңғылар бойынша қажетті мәліметтерді смена журналына тіркеп отырады. Мұнда ұңғылар бойынша дебиттер, жұмыс тәртібінің бұзылуы, тұрып қалу себептері мен оның ұзақтығы көрсетіледі.

Кәсіпорынның әрбір бөлімшесімен өнімді ырғақты шығару негізінде кәсіпорынның бірыңғай өндірістік стратегиясы жатыр. Ырғақсыз жұмыс жасайтын кәсіпорындар өздерінің өндірістік қуаттарын толық пайдаланбайды. Бұл өндірістік тұрып қалулардан, жабдықтың қандай да бір уақыт аралығында толық жүктелмеуі немесе артығымен жүктелуінен, жұмыс орындарының қысқаруынан немесе шамадан тыс жұмыстардан көрініс табады.

Ал кесте бойынша жұмыс, керісінше, кәсіпорынның қалыпты өндірістік – шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді және ішкі резервтерді пайдалануға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастырады.

Жедел - өндірістік жоспарлаудың мазмұны мыналардан көрінеді:

• прогрессивтік күнтізбелік – жоспарлық нормативтерді өңдеу;

• өндіріс процесінде еңбек заттарының уақыт ағымындағы және кеңістіктегі қозғалысының жоспар – кестелерін өңдеу;

• өңделген жоспар – кестелерді цехтарға, учаскелерге және жұмыс орындарына жеткізу;

• берілген жоспар – кестелердің орындалуын бақылау;

• цехтардың, учаскелер мен жұмыс орындарының жұмысын ағымдық үйлестіру.

Жедел - өндірістік жоспарлау процесінде жоспарланушы уақыт кезеңдеріне тапсырмалар өңделіп, барлық бөлімшелер назарына жеткізіледі, яғни олардың қызметін күнтізбелік жоспарлау жүзеге асады. Сонымен қатар, жоспардың орындалу барысы жүйелі түрде бақыланады, бастапқы жоспардан ауытқулар ескеріледі және өндірісті жедел реттеу жүргізіледі.

Жедел - өндірістік жоспарлаудың екі түрі бар: цех аралық және цех ішіндегі.

Цех аралық жоспарлау мыналардан тұрады:

• жалпы кәсіпорынның көлемі, номенклатурасы және мерзімі бойынша өндірістік бағдарламаларын өңдеу;

• цехтардың өндірістік бағдарламаларды орындауын жоспарлау, реттеу және бақылау;

• негізгі цехтардың өзара жұмысын және олардың көмекші цехтармен, кәсіпорынның басқа да бөлімшелерімен байланысын үйлестіру.

Цех ішіндегі жоспарлау мыналарды қамтамасыз етеді:

• учаскелер мен жекелеген жұмыс орындары үшін өндірістік бағдарламаларды және жоспар – кестелерді өңдеу;

• бір айға және одан да қысқа уақыт мерзіміне жоспарлық тапсырмаларды құрастыру;

• жоспарлық тапсырмалардың орындалуын бақылау;

• байланысты учаскелер мен жұмыс орындарының жұмысын үйлестіру;

• көмекші қызметтердің негізгі өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын реттеу.

Жедел - өндірістік жоспарлаудың бөлінбес бөлігі жедел диспетчерлеу және тапсырмаларды орындау барысында өндірісті реттеу болып табылады. Диспетчерлік реттеу процесінде төмендегілер жүзеге асады:

• өндірістің жоспар – кестелерінің орындалуын үздіксіз бақылау;

• кәсіпорынның байланысты бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

• белгіленген жұмыс тәртібінен ауытқу салдарынан орын алатын зардаптарды жою.

Диспетчерлік аппараттың негізгі міндеті – жоспардың орындалуын бақылау. Аталған міндетті шешу үшін жедел бағдарлама немесе күнтізбелік жоспар – кесте түріндегі жоспарлық тапсырманы қолданады. Диспетчер өз жұмысын жүргізетін негізгі құжат – бұл дайын өнім шығару бойынша сменды - тәуліктік тапсырма. Кәсіпорындағы диспетчерлеу жоспарлау жүйесінің соңғы элементі ретінде өндірістің ырғақтылығын қамтамасыз етеді.

 


Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 74 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2018 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав