Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы .

Читайте также:
  1. Аутэкология - особьтар экологиясы.
  2. Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер
  3. Популяциялар мен бірлестіктер экологиясы
  4. Тақырып: Қалқанша маңы безінің аурулары
  5. Тақырып: Ұйым, өнімнің сапасын бақылаудың техникалық әдістері мен түрлері
  6. Тақырып: Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру
  7. Тақырып: Ақаулығы бар тұлғаларға көмек ету және оларды қолдау
  8. Тақырып: Ақаулығы бар тұлғаларды еңбек етуге кәсіби бағдар беру.
  9. Тақырып: Ерте балалық шақтағы аутизм
  10. Тақырып: Есту қабілеті бұзылған балалар

Нижней палатой является Бундестаг.

Российская юридическая наука считает Бундестаг ФРГ одной из палат германского парламента. Эта точка зрения не разделяется большинством немецких юристов.

Немецкие юристы считают, что только бундестаг можно именовать парламентом в классическом смысле слова. Так как только он представляет народ как единое целое. Немецкие юристы не включают Бундестаг в парламент, а бундесрат считают отдельным органом.

 

Порядок формирования Бундестага.

Состоит из депутатов избираемых на основе всеобщих, равных, прямых, свободных выборов при тайном голосовании на 4 года. Число депутатов 656. При выборах депутатов Бундестага применяется смешанная избирательная система, её именуют так: персонализированная пропорциональная избирательная система (50% избираются по пропорциональной системе, 50% по мажоритарной.)

Избиратель отдаёт 1 голос за конкретного кандидата, а 2ой голос за партийный список земли, на которой он проживает.

В Германии установлен 5% барьер для прохождения в Бундестаг для партий.

ФРГ – это пароламентарная республика, где основную роль в гос жизни играет паралмент и ответсвенное перед ним правительства.

 

Бундестаг именуют немцы органом представительства земель.

В настоящее время Бундесрат состоит из 69 членов. Бундесрат не является выборным органом. Он состоит из членов правительств земель германии. Правительство земель делегирует Бундесрат в своих членах в следующих пропорциях: любая земля мин может отправить 3 члена. Земли с населением больше 2 000 000 отправляет 3 членов. Земля с населением 6 млн имеет право отправит 5 членов. Земля с населением более 7 млн может отправить 6 членов.

 

Члены Бундесрата обладают императивным мандатом. Они связанны волей пославшего их правительства земли и могут быть в любой момент отозваны из Бундесрата правительством своей земли. Кром6е этого представительи от каждой земли в бундесрате должны подавать голоса солидарно, т.е члены бунде

 

Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы.

Жоспары:

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:

a) Биоценоз

b) Биогеоценоз

c) Экожүйе

2. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.

3. Экологиялық пирамида және оның типтері.

4. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.

5. Экологиялық сукцессиялар.

 

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.

 

 

Биоценоздағы әртүрлі түрлердің биотикалық қарым-қатынасқа түсуі олардың бірлестіктегі негізгі тіршілік жағдайларын, қорек табуын және жаңа кеңістікті меңгерулерін анықтайды. Тікелей немес жанама түраралық қарым-қатынастардың мәні бойынша түрлер биоценозда белгілі орынға ие болады. В.Н.Беклемишовтың (1970) классификациясы бойынша биоценоздағы түраралық биотикалық қарым-қатынастар 4 түрге бөлінеді:

1) трофикалық байланыстар - бір түр басқа түрмен қоректенгенде қалыптасады.

2) топикалық байланыстар – бір түрдің мекен теу ортасының физикалық немесе химиялық жағдайларының басқа түрдің тіршілік әрекеті нәтижесімен өзгеруі. Бұл байланыс әрқилы. Бір түрмен басқа түр үшін ортаның жасалуы.

3) форикалық байланыстар – бір түрдің басқа түрдің таралуына қатысуы. Тасымалдаушы ролін жануарлар орындайды. Жануарлармен өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын тасымалдауы зоохория деп аталады. Жануарлармен басқа ұзақ жануарларды тасымалдауы форезия деп аталады.

4) фабрикалық байланыстар – бір түрдің баспана құру үшін басқа түрдің шығару өнімдерін, өлі қалдықтарын немесе тірі особьтарын пайдалануы.

Әрбір нақты түр таралуында барлық түраралық байланыстарды жасап үлгермейтін болғандықтан, физикалық ортаның өзіне жайлы жеріне орналасады. Соған байланысты түрдің таралуында екі түрлі оптимум болады;

1. физиологиялық оптимум - түр үшін барлық абиотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында өсу мен көбею темпінің жылдам болу мүмкіндігі.

2. синэкологиялық оптимум - түр үшін барлық биотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында көбеюдің табысты болу мүмкіндігі.

Екі түр бірге тұрып, бір-біріне нейтралды, жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Соған байланысты қарым-қатынастар келесі түрлерге бөлінеді:

1) Жыртқыш-жемтік - биологиялық қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар.

2) Симбиоз - ұзақ, өзара тиімді байланыстар.

Бұршақ тұқымдастарының тамырындағы түйнек бактериялар, саңырауқұлақтар микоризасы, теңіз жануарларының жарық беретін фотобактериялары, т.б.

3) Комменсализм- біреуі басқасына мекен- жаймен тамақ береді, бірақ ешқандай тиімді емес: мысалы, медуза қоңырауы астындағы ставрида шабақтары, қи қоңыздары денесіндегі кенелер.

4) Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі.

5) Паразитизм – бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тірішілік ету.

6) Мутуализм - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету.

7) Амменсализм- организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрі.

8) Нейтрализм – екі түр тәуелсіз және бір-біріне ешқандай әсері жоқ.

Биоценоздағы қоректік тізбектің маңызы.Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жағынан үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына көп байланысты. Биоценозда барлық тіршілік иелері қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және ажырау нәтижесінде белгілі қоректік буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа (3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- адам. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейден тұрады:

I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер

II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – 1-ші ретті консументтер

III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- 2-ші ретті консументтер.

IV- ірі жыртқыштар.

V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер.

Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек

 

4-трофтық деңгей

Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.

Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.

Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар).

Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады.

Экологиялық қуыс дегеніміз биоценоздің жалпы жүйесінде түрдің алатын орны, оның биоценоздық байланыстарының және абиотикалық факторларға талаптарының жиынтығы. Ч.Элтонның (1934) анықтамасы бойынша, экологиялық қуыс дегеніміз – «бұл түрдің тірі ортадағы алатын орны, қорекке және жауына қатынасы». Экологиялық қуыс концепциясының дамуына Ч.Элтоннан басқа Г.Хатчинсон, Ю.Одум деген ғалымдар үлес қосқан.

Бірлестіктегі түрдің тіршілік етуінде көптеген факторлар үйлесімді болғанымен алатын қуысыедағы қоректену сипаты олардың қоректі қалай тауып жеуімен анықталады. Сонымен, жасыл өсімдік биоценоздың құрылуына қатыса отырып, бірнеше экологиялық қуыстың өмір сүруін жүзеге асырады. Бұл қуыстар әрбір түрдің жапырағымен, гүлімен, тамырымен және басқа мүшелерімен қоректенуіне байланысты қалыптасады.

Қоректік ресурстардың қатынасында түрлердің мамандануы бәсекелестікті азайтып, бірлестік құрылымының тұрақтылығын жоғарлатады.

Г.Ф.Гаузе ережесі бойынша екі түр бір экологиялық қуыста бірге тіршілік ете алмайды. Түрдің мамандануында қоректену, кеңістікті пайдалану және уақыт белсенділігі бойынша жағдайлары жағымды немесе жағымсыз болғанда, экологиялық қуысы кеңею немесе тарылуы мүмкін.Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.

Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп

Экожүйенің негізгі қасиеттері:

1) зат айналымына қатысу қабілеттілігі;

2) сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;

3) биологиялық көбеюі.

Экожүйенің деңгейлері:

1) микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым, су тамшысы

2) мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б.

3) макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т.б.

4) глобальдық экожүйе- биосфера

 

 

 

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген.

Биогеоценоз екі блоктан тұрады:

1) «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция);

2) «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.

 

Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады.

Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)

Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады.

Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.

Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.

Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек.

 

Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады.

2. Зат және энергия ағымы. В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтежесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элеметтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі.Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып,

биоценоздағы биогенді айналымынды жүзеге асырады.Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтежесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф,көмір,мұнай,газ,жаңғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп,зат а йналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.

Биогенді айналымның негізгі көзі жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болып, фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады. Мәселен, атмосферадағы барлық оттегі тірі организмдер арқылы (тыныс алу т.б.) 2000, көмір қышқыл газы 300, ал су 2 000 000 жылда бір рет өтіп отыратыны дәлелденген.

Жоғарыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі – автотрофты (жасыл өсімдіктер) организмдер сіңіретін күн радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының, зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады. Ал, зат айналымы тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отаратыны белгілі. Мысалы, күн энергиясының 30 % атмосферада сейілсе,

20 % атмосфера қабатында сіңіріледі де, ал 50 % құрылық және мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек қана күн энергиясының 0,1-0,2 % ғана биосфера шегіндегі жасыл өсімдіктер үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп отырады. Оның жартысы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалып, ал қалған бөлігі қоректік тізбектің желісін түседі.

Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің (азық) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екнішісіне дейін толық өңделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч.Элтон зерттеп өзінің есімімен «Элтон пирамидасы» деп атаған.

 

3. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:

1) Саны бойынша- сандық пирамида организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.

2) Салмағы бойынша – биомасса пирамидасы- жалпы құрғақ салмақты немесе «өнімділікті» анықтайды.

3) Энергия мөлшері бойынша – энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.

§ Экологиялық пирамида

 

 

 

Төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін белгілі заңдылықпен азаяды, оны “пирамида ережесі» деп атайды.

Экологиялық пирамидалар ережесі

Егер энергияны, өндірілген өнімдерді, биомасса немесе организмдер санын әрбір трофикалық деңгейде үшбұрыш масштабында бейнелесек, онда олардың орналасуында пирамида түріне ие болады.

Энергияның пирамида ережесі: энергия саны организмде болатын әрбір келесі трофикалық деңгейде келесісіне қарағанда мәні аз болып келеді.

 

4. Экожүйе тұрақтылығы мен динамикасы.

Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан дәне сап жағынан да үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына да көп байланысты. Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.

 

5. Экологиялық сукцессия.

Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс:

1). Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.

2). Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқанда процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады.

3). Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы)-энергия ағымы бірлігіне шыққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы боп табылады.

Өзгерістердің жүру жылдамдылығы мен тепе-тең күйге жету үшін қажет уақыт әртүрлі экожүйелер және экожүйенің жекелеген белгілері үшін әртүрлі болады. Жалпы биомассаның өзгеру қисық сызығының пішіні әдетте дөңес болса, жалпы бастапқы өнімнің өзгеруі қисық сызығы ойық болады. Орман экожүйесіндегі де лабораториялық микрокосм жағдайында да бастапқы таза өнім қауымдастықтың дамуын алғашқы кезеңдерінде өскенімен, соңғы кезеңдерде кемиді.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Марфенин Н.Н. Устойчивое развитие человечества. Учебник.-М: Изд. МГУ, 2006.-624 с.

2. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет.

4. С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие. Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.

5. Сабырбаева Х.С., Чигаркин А.В. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті. 2004.-112 бет.

6. А.Б. Бигалиев. Проблемы окружающей среды с сохранения биологического разнообразия. Алматы: 2005 г.

7. Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.

8. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.-Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-90 бет.

9. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.

10. А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Глобальная экология: Учебное пособие Москва, 2003. 288 с.

11. А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.

12. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

13. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

14. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

15. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

16. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы.-Алматы: «Ғылым»,2003.-216 бет.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. А.А. Демеген, Е.Т. Жаңбыршин, А.Д. Делиев. Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың оңтайлы жолдары (оқу-әдістемелік құрал). Ақтау, 2005 ж.

2. Бондаренко Л.Г., Крячина О.В. Книга для чтения по экологии. Петропавловск, 2003.

3. Б.М. Маркин, Л.Г. Наумова. Популярный экологический словарь. Под. ред. А.М. Гилярова.-м.: Устойчивый мир, 1999. 304 с.

4. В.А. Черников; И.Г. Грингоф, В.Т. Елщев и др. Агроэкология (Методология, технология, экономика)-М.: Колос, 2004-400 с.

5. Коробкин В.И., Передельский А.В. Экология. Конспект лекций (зачет и экзамен) Ростов-на-Дону, 2004.

6. Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экология Алматы, 2000 г.

7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау Алматы, 2002 ж.

8. Лосев А.В., Проводкин Г.Г. Социальная экология: Учеб. пособ. Для вузов. Под. ред. В.И. Жукова.-М.: 1998. 312 с.

9. Мамедов Н.М., Суравечина И.Т. Экология: Уч. пособие для 9-11 классов.-М.: «Школа-Гресс», 1996-464 с.

10. С.И. Колесников Экология (сдаем экзамен). Ростов-на-Дону, «Феникс»,2003.

11. Экологиялық энциклопедия А.Ж. Ақбасов, Е.Ү. Жамалбеков, Т. Қалыбеков және т.б. Алматы 2007 ж.-303 бет.

12. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру Тұжырымдамасы. Алматы: Қазақ университеті. 2003.-64 бет.

13. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

14. Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық.-Алматы: 2006.-480 бет.

15. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

16. Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек.-М.: 2000.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 163 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Общая характеристика ОЗ ФРГ| Факт, процесс и результат

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.023 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав