Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сумен қамтамасыз ету жобасының графикалық бөлімін қарастыру.

Читайте также:
  1. Lt;сұрақ>Word. Бiр мезетте бiрнеше графикалық элементтердi қалай белгiлеуге болады?
  2. Бағдарламаның оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі
  3. Жабық» деген хабар бойынша ғимарат тәртібі ауамен қамтамасыз етіледі:таза ауаны жаңартуға
  4. Кәдімгі жағдайда сумен әрекет-н металдар*Ba,Li
  5. Мемлекеттің территориялық бірлігінің заңдық дербестігін қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылым формасы – бұл ...
  6. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
  7. Пән бойынша оқу процесін қамтамасыз ететін техникалық құралдар.
  8. Реттік консумент – 2-реттік консумент.
  9. Сегізкөздің латеральді бөлімінің буындық бетін атаңыз:құлақ тәрізді буын беті

Жобаның графикалық бөлімін қарастыру су құбырлары мен канализация жүйелері орналастырылған бас жоспардан бастайды. Кейін қабаттары мен вертикальді кесінділіердің жоспарларын қарайды.

1. Бас жоспарда көңіл аударады:

- Су құбырларын кіргізу және канализацияны шығарудың жалпы сызбасына.

- Су құбырлары мен канализациялық жүйелердің бір келкі орналасуына.

Жеке жобаларда немесе типтік жобаларда қосымша қарастыру қажет:

- Су құбыры мен канализацияның аулалық жүйесінің профилін,бұл жүйелердің тереңдігін көру үшін қажет.

- Су көздері мен су құбырларының құрылғыларының орналасуын.

Әдетте су құбырларының құбырларын грунттың қату сызығынан төмен орналастырады,ал канализациялық құбырларды – жоғары орналастырады (өйткені іркінді сулардың температурасы жоғары болады).

Кейін су көздерінің, су тазалағыш және басқа да құрылғылардың орналасуына баға береді, санитарлық аумақтардың,жасылдандырудың және су құбыры құрылғарының жан жақты қоршалғанының бар болуымен орналасуын тексереді.

2. Қабаттық жоспарларды көңіл аударады:

А. Суық және ыстық судың ажыратылу желісі және ауыз суммен техникалық су құбырларының қосылыстарының болмауына;

Б. Суды 65 градустан жоғары температураға дейін ысыту үшін жергілікті құрылғылардың болуы;

В. Қажеттілігі бойынша суық және ыстық су нүктелерінің болуы (техналогиялық құрылғылар жуғыштар,жуыну раковиналары, шайылу крандары және т.б)

Г. Су бөлетін нүктелерде ыстық және суық сулардың крандарының болуы;

Д. Ыстық заттарда басқа бөлмелерде ауыз су фонтандарының болуы.

Қарастыруды ғимараттқа су құбырларының ыстық су көздерінің еңгізілуінен бастайды. Кейін, судың ағу бағыты бойынша қабаттық жоспарда бөліну желілерін тексереді. Бұл жағдайда қосымша соғылған тағамдық обьектіліерде (яғни басқа мақсатта қолданылатын ғимаратқа тағамдық обьектінің қосымша салынуы) ыстық судың көздері мен су құбырлары жеке кіргізілуі қажет. Бас ғимаратпен тағамдық обьектінің су құбыр желіліері ешқандай байланыста болмауы қажет.

Вертикальді кесінділерде су құбырларының стояктарының жүргізілу орындарын қарастырады. Қабат аралық жоспарымен вертикальді кесіндіні бір уақытта қарастыру су құбыры желілірінің бөлінуінің түсінуге көмектеседі.

Тағамдық өндірістердегі, әсіресе жоғары жылу бөлінетін цехтарда судың келуін жасырын жасау қажет (суық су құбырларының конденсат пайда болатын жерлерінде). Су құбырлары мен канализациялардың жобасындағы графикалық бөлімін қарастырғанда су құбырларының жалпы схемасын қолданған ыңғайлы,өйткені сызбада барлық бөліну желілері көрсетілген.

4.Қорытындысында құрылғылардың спецификациясын тексеру қажет. Олар ҚР ДСМ-мен сумен қамтамасыз ету жүйесінде қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалынуы қажет.

V. ТАҒАМДЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ КАНАЛИЗАЦИЯ ЖОБАЛАРЫН ҚАРАСТЫРУ РЕТІ

Бірінші барлық қажетті құжаттардың болуын тексереді.

1. Түсініктеме қағазында көніл аударады:

А. Іркінді сулардың шығарылу жүйесінің қабылданған түрін

В. Іркінді сулардың шығын есебіне

В. Іркінді сулардың мінездемесіне (ластану түріне байланысты)

Г. Қабылданған тазарту тәсілдерімен тазарту құрылғыларының жиынтығы

Д. Құбырлармен құрылғылардың қолданылған материялдарына (спецификация)

2. Жобаның графикалық бөлімінде қарастыруды бастайды:

А. Бас жобадан,бұл жерде көніл аударады:

- су құбырларын кіргізу мен канализацияны шығарудың жалпы схемасына

- су құбырлары мен канализация желілерінің қатынасты орналасуына

- аулалық желінің профиліне (яғни су құбырымен канализация құбырларының орналасу тереңдігі)

- тазарту құрылғыларының орналасуына,санитарлық бөлу аймақтарына

- көрінетін канализациялық құдықтардың орналасуына.

Кейін қарастырады:

Б. Қабаттық жоспарда көңіл аударады:

- ғимараттың едендеріне

- іркінді суларды жинауға арналған латоктардың, траптардың және басқа да құрылғылардың болуына

- ластану түріне байланысты іркінді суларды қабылдауға арналған канализация жүйесіне

- іркінді суларды механикалық тазалау үшін қондырғылардың болуы және олардың орналастыруына

- іркінді сұйықтықтар шығатын орындарда қалдықты қабылдайтын қабылдағыштардың бар болуын тексеру.

В. Вертикалды кесінділерде тексереді

- канализациялық желінің қай жерден өтетінін, іркінді сулардың сипаттамасының ревизиялары мен коробтардың болуын

- қажеттілігі бойынша аулалық тесіктердің болуын, олардың мөлшерінің және воронкалардың болуын

- өндірістік және басқада тағамдық обьектілердің төбелерінің астында ілінген канализациялық құбырлардың болуын

Тағам обьектілерінің канализациялық жобаларын қарастырғанда басты көңіл аударатын моменттер осылар.

VI. ТАҒАМ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЖЕЛДЕТУ ЖОБАСЫН ҚАРАСТЫРУ РЕТІ

Техникалық жоба деңгейіндегі түсініктеме қағазында желдету жобасын қабылдағанда келесі мәліметтер берілуі қажет:

1. Қысқаша түрде техналогиялық процесс туралы жазылған технологиялық құрылғылардың тізімдері.

2. Әрбір бөлменің кубтық өлшемі мен онда жұмыс істейтін жұмысшылардың саны (немесе бөлме ауданы мен биіктігі)

3. Мүмкіндігі бойынша бөлінетін заттардың сандары мен сипаттамасы

4. Қабылданған желдетудің принциптері

5. Жылулық қуаттылық пен бөлек бөлмедегі ауа алмасудың жиілігін көрсету арқылы есептеу

6. Шығарылатын ауаның көлемі жазылған жергілікті сорғыштардың тізімдері

7. Ауаны алу мен шығару орындары және олардың орналастырылуы.

8. Ауаны тазалауға арналған құрылғылар мен қабылданған тәсілдер

9. Желдету жүйесінің дірілі мен шуын жою шаралары

10. Желдету жүйелерін электро және жылу энергиясымен,сондай- ақ сумен қамтамасыз етілуі.

 

11. Графикалық материалдар болу қажет: ауа жолдары бар жергілікті желдетуді қажет ететін техникалық құрылғылардың орналасуына байланысты бөлме жоспарын, сондай- ақ өндіргіштігі көрсетілген қабылданған желдету құрылғысының спецификациясын

Жұмыс жобасын келістіргенде алдын ала қарастырылуы қажет:

1. Желдету құрылғыларының детальді өнделген сызбасы,құрамы:

2. А. Бөлмелердің желдету құрылғылары мен жоспарының кесінділері

Б. Жеке желдету құрылғыларының детальдары мен сызбасы

В. Желдету құрылғыларының сызбасы.

2. Техникалық жоба көлеміндегі желдету бойынша басты есептеулер.

Барлық белгіленген материалдар (графикалық та,есептелген де) ағымдағы нормативтік құжаттарға сәйкес тексерілулері қажет; Желдетудің өзін есептеуде және шығындарды есептеуде берілгендердің дұрыс болуын бақылау және жобаның графикалық бөлімін тексеру.

Бұл жағдайда ауаның барлық басты параметірлірін тексеріліп СНиП, СН көрсетілгендей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав