Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мүліктік масса

Читайте также:
  1. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  2. А) аргипеи В) парадарайа. С) аримаспа. Д) массагеты. Е) исседоны
  3. Анатомо-физиологическое обоснование массажа соединительной ткани
  4. АНАТОМО-ФИЗИОЛОГИЧЕСКОЕ ОБОСНОВАНИЕ МАССАЖА, МЕХАНИЗМ ЕГО ДЕЙСТВИЯ НА ОРГАНИЗМ ЧЕЛОВЕКА
  5. Баночный массаж.
  6. Бап. Мүліктік массаны бөлудің кезектілігі
  7. Биомасса, или живое вещество биосферы. Закономерности распространения биомассы в биосфере, ее изменения под влиянием деятельности человека.
  8. Виды массажа
  9. ВЛИЯНИЕ МАССАЖА НА ВНУТРЕННИЕ ОРГАНЫ

1. Мүліктік массаның құрамына:
1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.
2. Мүліктік массаға банкрот – дара кәсіпкердің, толық серіктестіктер қатысушыларының жеке мүлкі, толық және коммандиттік серіктестіктерінің бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес оларға өндіріп алуды қолдану мүмкін болатын өндірістік кооперативтің мүлкі бөлек кіреді және ескеріледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігі көзделген жағдайларда бұл жауапкершіліктің мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Банкроттықты басқарушы осындай тұлғаларға борышкердің барлық кредиторларының мүдделері үшін талаптар қоюға міндетті. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерi үшін мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Мүліктік массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендiру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап құқығы, сондай-ақ көрсетілген акцияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Банкроттықты басқарушы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне береді;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде көзделген, шығарындыларды азайту, сертификатталған шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту, парниктiк газдарды сiңiру квоталары бiрлiктерi;
6) осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепіл мүлкі;
7) уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы енгiзiлмейдi.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 47 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав