Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

Читайте также:
  1. B) Бірінші
  2. Анатомия, физиология, біріншілік және екіншілік элементтер
  3. Бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру
  4. Бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
  5. Бірінші реттік продуценттерге не жатады
  6. Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі
  7. ДМ-нің бірінші кезеңі
  8. Еңбек тәртібінің түсінігі
  9. Жабық» деген хабар бойынша ғимарат тәртібі ауамен қамтамасыз етіледі:таза ауаны жаңартуға

1. Борышкер өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа ол жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл ішінде төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді (борышкер банкрот деп танылған күнгі мөлшерде) капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жастан асқан жағдайда, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес айқындалатын соманың төленуі банкроттың тиісті міндеттемесін тоқтатады.
3. Бірінші кезектегі кредиторлардың банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылмай қалған, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеледі.
4. Кредиторлардың еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптарының сомасын айқындау кезінде, осы баптың 5 және
6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу қозғалған кезге түзілген берешек бірінші кезек құрамында ескеріледі.
5. Өздерімен еңбек қатынастары бiр жылдан басталатын банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезең iшiнде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi бiр жылдың алдындағы күнтiзбелiк он екi айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен бірiншi кезек құрамында ескерiледi. Талаптардың қалған сомалары бесінші кезек құрамында ескерiледi.
6. Қызметкердiң жалақысын көтеру нәтижесiнде пайда болған, бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезеңде есептелген еңбекақы және өтемақы төлеу жөнiндегi кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi.

Бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптың сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады.
3. Кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай алуға келіскен кезде оның талаптарын өтеу осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен жүргізіледі.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 162 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав