Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көптілділік және қостілділік мәселелері.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Елдің егемендігінің басты сипаттарының бірі – мемлекеттік тіл болғандықтан, Қазақстан Республикасының әр азаматының мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі еліміздің болашағын айқындауға маңызды ықпал жасайтындығы сөзсіз. Тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

Тілдерді оқытудың әдістемесі сөздер мен синтаксистік конструкцияларды қолдану ережелер жүйесін қамтамасыз ететін лексикалық қор мен грамматикаға негізделе отырып, тілдің ішкі құрылымдық сипатын белгілейді. Ал тілдің іс жүзіндегі қолданылуы сөйлеушілердің әлеуметтік сипаттамасымен және тілдік қарым-қатынас жағдайында болып жатқан шарттармен реттеледі. Сондықтан да тілді оқытуда лингвистикалық ережелер, нұсқаулар, ұсыныстармен қатар түрлі сыртқы факторлар да ескерілуі тиіс. Әлеуметтік лингвистикалық ақпарат мемлекеттің тілдік саясатын құрайтын мәселелер мен шараларды қарастыруда да аса маңызды.

Көпұлтты ел жағдайындағы тілдік саясат түрлі этностардың қалыпты жағдайда бірлесіп өмір сүруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоғамда ұлтаралық төзімділікті қалыптастыруға және интеграциялық процестердің дамуына мүмкіндік береді. Халықтар арасындағы саяси, мәдени және әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын тілдің коммуникативтік қызметі де күшейе түседі, ол, әрине қостілділік мәселесіне әкеліп соғады.Қостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпұлтты тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. [1: 345] Қазақстан Республикасындағы тіл жағдаяты мынадай белгілермен сипатталады: көптілділік, туыстас тілдер және туыстас емес тілдердің қостілділігі. Қостілділік – екі гетерогенді социумның қарым-қатынасқа түсуі кезінде екі тілді қолдануы, кейде оқу процесіндегі мақсатқа байланысты қостілділік:

а) тарихи тұрғыдан алғанда әр түрлі тілді тұрғындарының бір-біріне тарихи әсерінің нәтижесінде;

ә) қолданылу аясының өсуі немесе тарылуына және қостілділер санының нәтижесі бойынша;

б) лингвистикалық құбылыстарға қарағанда интерференция, интеркаляция құбылыстарының пайда болуы.

Қостілділік – бір этнос өкілдерінің екі тілді қатар қолдануы. Қостілділік – екі тілдік жүйенің байланысы. Қостілділді адамға екі тілдің бірі ана тілі болып саналады, ал екінші тіл – ана тілі емес (неродной).

Қостілділді адамның екінші тілде сөйлеу кезінде бірінші тілдің әсерінен нормадан ауытқуын интерференция десе, ал оның бірінші тілде сөйлеу кезінде тілдің әсерінен қате жіберуін интеркаляция дейді.

Қостілділділік компоненттерінің арасында құрылыстық айырмашылықтар неғұрлым көп болса, билингтің сөйлеу кезінде соғұрлым интерференция мен интеркаляция құбылысы көп болуы мүмкін, немесе керісінше.

Қостілді қазақтардың тілінде интеркаляция мына төмендегі жағдайда кездеседі:

1) қазақ тілінде баламасы бола тұра орыс тілі бөлшектерінің қолданылуы;

2) орыс тілінде сөйлегенде, қазақ сөздерін орысша айту;

3) қазақ тілінде сөйлегенде, екі тілдің сөздерін қатар қолдану;

4) сөзбе-сөз аударудың әсерінен интеркаляцияның жасырын қолдануы.

Қазақ және орыс тілдерін меңгеруіне қарай қостілді қазақтарды 4 топқа бөлуге болады:

1) орыс тілімен салыстырғанда, ана тілін жақсы мергенгендер. Бұл – көпшілік қостілді қазақтарға тән;

2) қазақ тіліне қарағанда орыс тілін өте жақсы меңгергендер. Бұл құбылыс қала жастарының арасында кездеседі;

3) екі тілде интерференттік дәрежеде сөйлеп, жазатындар, яғни екі тілдің бөлшектерін араластырып сөйлеу;

4) екі тілде өте жоғары, интерферентсіз дәрежеде сөйлейтіндер (мұғалімдер, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, қостілді жазушылар және т.б.) [2, 43, 46б.]

Сонымен, тіл мен қоғамынаң байланысы – екіжақты байланыс. Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты, қоғам – тілдің өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін керек. Мемлекет - әлеуметтік жанды организм. Оның жаны – тілінде. Ана тілін шұбарлау - әлеуметтік дерт. Мемлекеттің кез келген азаматы сол мемлекеттің көркеюіне, өсіп-өркендеуіне, өрениетті елдер қатарына қосылуына аянбай қызмет етуі жолында аянбай қызмет ету керек. Осы бағытта мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару тілі дәрежесіне көтеру арқылы қызметтің барлық саласын мемлекеттік тілге көшіру жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді ана тілі және өзге этнос өкілдеріне екінші тіл ретінде оқытып меңгертудің әдіснамалық, философиялық, психологиялық, дидактикалық негіздері ескерілуі тиіс.

Билингвизм — қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімініңәлеуметтік саласы. Әсіресе екі тілді қатар пайдаланатын өнер қайраткерлерінің шығармашылығына ерекше назар аударатын ғылыми бағыт. Әуезов те сондай тұлғалардың санатына жатады. Ол «Абай» трагедиясын орыс және қазақ тілінде бір мезгілде жазды. «Қасеннің құбылыстары», «Қынаптан қылыш», «Бекет», «Райхан», «Қалқаман-Мамыр» т. б. шығармаларын өзі орыс тіліне аударды. Әдеби мақалалары мен зерттеулерін, публицистикалық очерктерін екі тілде бірдей жазды. Қостілді жазушыларды құрмет тұтқан: «Бауыржан Момышұлының қазақ тілін өте жақсы білсе де, орыс тілінде одан да тамаша жазады» деп баға берген. Әуезовтің өзі түркі тектес тілдердің барлығында да еркін сөйлейтін болған. Бұл оның әдебиет пен мәдениеттік даму жолы мен өзара байланысын терең біліп, бағалауына ықпал жасаған.

§ Жасанды билингвизм - егде жаста екінші тілді бір тілдік ортада

немесе екі тілдік ортада ұйрену мәтижесінде қос тілді бірдей жетік меңгеру.

Диглоссия (гр. ' dі' - екімәрте + glossa - тіл) - ұғымын және терминін Ч.А. Фергюсон енгізген, Дж. Фишман, А.В. Исаченко жәнеБ.А. Успенский зерттеулерінде жалғасын тапкан. Қажеттілікке орайтілдерді бөлудің функциялық қасиеттеріндегі және бір тілдің өмір сұру формаларындағы қостілділіктің теңдес-тірілмеген тұрі. Диглоссия тілді таңдау сөйлеушілердің этнотілдік тәуелділігіне емес, қатынас жасау жағдайына (ситуацияға) байланысты болды. Мысалы, Бағдад қаласында христиан арабтар өз діндестерінін, арасында «христиандық» делінетін араб диалектісін пайдаланады, ал аралас жұртшылық ішінде жалпы бағдадтық диалектіні (мүсылмандық диалектісі») пайдаланады.

 

Лекция




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 115 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав