Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акциздер;

Пояснительная записка к годовой бухгалтерской отчетности должна содержать существенную информацию об организации, ее финансовом положении, сопоставимости данных за отчетный и предшествующий ему годы, существенных статьях бухгалтерской отчетности, способах ведения бухгалтерского учета и методах (оценки производственных запасов, их заготовления и использования, начисления амортизации по основным средствам, нематериальным активам, вариантов учета выручки от реализации, осуществленных и планируемых различных инвестиционных проектов по разработке новых видов продукции, улучшению ее качества). Она характеризует деятельность предприятия, для чего в ней даются:

· основные показатели деятельности и факторы, повлиявшие в отчетном году на хозяйственные и финансовые результаты предприятия;

· решения по итогам рассмотрения годовой бухгалтерской отчетности и распределения прибыли, остающейся в распоряжении предприятия.

В пояснительной записке следует сообщать о фактах неприменения правил бухгалтерского учета в случаях, когда они не позволяют достоверно отразить имущественное состояние и финансовые результаты деятельности организации, с соответствующим обоснованием (в противном случае неприменение правил рассматривается как уклонение от их выполнения и признается нарушением законодательства РФ о бухгалтерском учете).

В данном документе также организация объявляет изменения в своей учетной политике на следующий отчетный год.

Кроме того, здесь раскрывается каждая существенная корректировка вместе с указанием ее причин в случае несопоставимости данных предшествовавшего и отчетного периодов.

В пояснительной записке также необходимо отразить данные о доходах, расходах и обязательствах, выявленных после даты составления годовой бухгалтерской отчетности до ее представления и существенно влияющих на оценку имущественного и финансового положения предприятия, включая принятие решения о распределении прибыли.

Кроме того, пояснительная записка должна включать основные технико-экономические показатели текущей, инвестиционной и финансовой деятельности организации.

В пояснительной записке должно быть отведено место стратегии развития организации, ее научно-техническому потенциалу, состоянию профессионального уровня персонала и мерам по повышению его квалификации.

 

 

Акциздер;

Баж салығы;

Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама салықты сатушы емес, сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.

Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар:

Жалпы

2)Арнайы болып бөлінеді.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер және т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға жұмсалады.

Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді:

1) Жалпы мемлекеттік

2) Жергілікті.

5. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісіҚазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады.

19. Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

- демалыс уақыттарына ақы төлеу;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

28. Жұмыссыздық түсінігі
Анықтама бойынша жұмыссыздық — халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Сезондық
• Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.
Жұмыссыздықпен күрес
Қазір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн

27. Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді«Қазақсатан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жүйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.
5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы

Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады.

Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:

ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;

мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

несие беру;

депозит қабылдау;

төлем жүйесін ұйымдастыру;

валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

төлем балансын құрастыру.

Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі:

Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:

Банктер;

Сақтандыру ұйымдары;

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;

Жинақтаушы зейнетақы корлары.

Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.

22. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

30. БҰДЖ негізгі қағидаттары:
медициналық ұйымды және дәрігерді еркін таңдау;
медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің айқындылығы;
бәсекеге қабілеттілік;
ақырғы нәтиже үшін ақы төлеу

3. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)[1]

1946 жылы құрылған.

Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.

Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.

Мекен-тұрағы — Швейцария,

12. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет заңнамамен белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
әр түрлі бейін мамандарының қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастыру;
көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтердiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесiн айқындау;
медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
жеке тұлғаларға халықтық медицинамен (емшілікпен) айналысуға куәлік беру;
медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу;
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, сондай-ақ басшылардың орынбасарларының кәсіби құзыреттiлiгiн аттестаттау;
республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялау;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
медициналық қызметтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға рұқсаттар беру;
денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу жөніндегі ереженің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануды бақылау;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргізуді бақылау;
медициналық қызметтің жарнамасын бақылау;
медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау;
халықтық медицина (емшілік) қызметін көрсетуді бақылау;
медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде дәрілік заттарды тағайындауды бақылау;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканы оңтайлы пайдалануды бақылау;
көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мәселелерi бойынша азаматтардың шағымдарын қарау.

20. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбею

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік.

Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.

Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.

9. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: 1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. 2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі. 3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді. 4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы: 1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады. 2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады. 3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады. Жандану фазасының сипаттамасы: 1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді. 2. Инвестициялар өседі. 3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды. 5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3. Тауарлардың бағасы өседі. 4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі. 5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша несие саясаты Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. 2. Фискальдық саясат Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. 3. Жалақы мен тарифтер саясаты Жалақыны өсіру. Жалақыны төмендету. 4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. Мақсат: Шаруашылық белсенділігін ынталандыру Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады

17. Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздықтың түрлері:

- еркін – қызметкер өзінің таңдауына не жағдайына байланысты жұмыс орнынан бас тартуы;

- мұқтаж – жалақының төмен болуына байланысты қызметкерджің жұмыстан бас тартуы;

- фрикциондық – қызметкерді жасына, мамандығына, т.б. байланысты орнынан ауыстыру;

- кейбір салалалрдың маусымдық болуына байланысты;

- жасырын – жалған жұмыспен қамтылғандық, яғни өндірістік дағдарыс кезінде қызметкерлерді жұмыстан шығармай, ақы төленбейтін демалысқа шығарады.

Бұдан басқа жұмыссыздық қысқа (бір айдан аз уақыт), орта (бір жылдан аз уақыт), ұзақ (бір жылдан көп) мерзімді және циклдық болып бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та орта есеппен қысқа мерзімді жұмыссыздықтың уақыты 5 аптадан аспайды, ал ұзақ мерзімді 6 айдан асады. Ұзақ мерзімдікке циклдық, құрылымдық ал қысқа мерзімдікке маусымдық, фрикциондық жатады. Жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін себептің бірі ЖҰӨ көрсеткішінің төмендеуі.

Жұмыссыздық әлеуметтік- негативтик процестерді күшейтеді, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіреді. Американдық ғалым М.Харвей Бренер 1970ж. АҚШ-тың халқы туралы көрсеткіштерді талдау кезінде мына жағдайға назар аударған. 30жыл сайын жұмыссыздық 1% -ке өсіп отырсаонда ол «әлеуметтік патология» көрсеткіштерін былай өсіреді:

- өзін-өзі өлтіру 4,1% -ке;

- кісі өлтіруді 5,7%-ке;

- түрмеге жабылып сотталғандар санын 4% -ке;

- психикалық ауруға шалдыққан адамдар санын 4%-ке өсіреді.

Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формасына нақты қауіп тудырады.

10. Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Инфляцияның пайда болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы.

Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді.

Түрлері: Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.

Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары[өңдеу]

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.[1]

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі.

тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі,

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға рқылы реттеледі.

3. Экономикалық Қатынас, Халықаралық экономикалық қатынастар – әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Э. қ-дың аса маңызды нысандары – халықар. сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықар. несие, халықар. валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықар. ғыл.-тех. және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзар іс-қимылда болады. Халықар. сауда Э. қ-дың жетекші нысаны болып табылады.

ХЭК –тың негізгі формаларына жататындар:

a. Халықаралық сауда;

b. Капитал қозғалысы;

c. Жұмысше күші миграциясы;

d. Халықаралық өндірісті кооперациялау;

e. Ғылыми –техникалық айырбас;

f. Валюта –несие айырбасы

29. Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі.

2009-04-29:

ЕЛОРДАДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР

²Болашақ госпиталі²

Орталық Азияда тіпті Шығыс Еуропа елдерінде баламасы жоқ бұл медициналық кластер клиникалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған идеялары негізінде егемен еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда көшбасшы қызметін атқарып, халықаралық медицина стандарттарына сәйкес “Болашақ госпитальдеріне” айналуы керек. Халық сұранысы мен ұрпақ мүддесі жолындағы осы игілікті мақсатқа жету үшін өткен жылы Үкімет қаулысымен “Ұлттық медициналық холдинг” құрылып, оған кластер құрамындағы клиникалардың жұмысын басқару міндеті жүктелген болатын.

Республика денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бір бөлігі бола отырып, холдинг елордада салынған 6 инновациялық медицина мекемелерін басқаруға алды. Бұл клиникалардың жұмысын үйлестіре отырып холдинг тек қазақстандықтарға ғана сапалы медициналық қызмет көрсетіп қоймай, сонымен бірге алыс-жақын шетелдердің де сұранысын қанағат­тандырмақ. Әрине, алға қойған мақсат аса жауапты. Дегенмен,“Болашақ госпиталі” негізіндегі міндеттер осындай мақсаттарды орындауды қажет етеді.

Еліміздің озық клиникаларының жұмысын үйлестіретін холдинг тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетумен қатар, ауруханалық басқарудың халықаралық стандарттарын тәжірибеге енгізбек. “Ауруханалық басқару жүйесін жетілдіру” бағдарламасы сонымен бірге ғылыми және білім беру салаларын да дамытуды мақсат тұтады. Бұл ретте АҚШ-тың және Батыс Еуропаның же­текші академиялық орта­лықтарының тәжі­рибесі кеңінен тартылады. Білік­тілігі жоғары кадр­ларсыз денсаулық сақтау саласының қандай моделі болса да тиімділік бермейді. Сон­дықтан холдинг құ­рамына кіретін Орталықтар еліміздің медициналық кадрларын даярлау және қайта даярлау мақсатында ғылыми және практикалық базаға айнала отырып, университеттік кли­никалар дәрежесіне көтеріледі. Студенттер осы кли­никалардағы озық тех­нология және жаңа меди­ци­налық құралдармен жұ­мыс істей отырып, инно­вациялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Қорыта айтқанда, “Бола­шақ госпиталі” негізінде жүзеге асырылатын бұл бағдарлама қазақстандық медицинаның серпінді жобасы болып табылады.

26. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Кодексте белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санита­риялық-эпидемиологиялық қадағалау;
2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;
6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттар талап­тарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
7) дәрілік заттардың және мемлекеттік ден­саулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

25. макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]

Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің көптеген үлгілері болады.

Ф.Кенэнің (1694—1771 жылдары) «Экономикалық кестесі». Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс процесі мен қоғамдық жиынтық өнім айналымына жалпы талдау жүргізген. Ол барлық қоғамды үш тапқа бөледі: фермерлер табы — бұл өсімтал тап (ауыл шаруашылығына барынша қатынасатындар); иемденуші, меншік иелері табы (дворяндар, дін басшылары, чиновниктер, король өзінің көмекшілерімен); өнімсіз тап (ауыл шаруашылығымен айналыспайтындар, меншік иелеріне жатпайтындар).

Ф.Кенэ саяси экономия тарихында тұңғыш рет жиынтық қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісі мен айналыс процесіне талдау жүргізген.Ол елдегі өндірілген дайын өнім айырбас арқылы қалай бөлінетінін және осының нәтижесінде өндірістің үзілмей қайталап жалғасып жүріп отыруының шарттары қалай жасалатынын көрсетеді.

Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесінің" шарты бойынша ұдайы өндіріс процесі бес актіден тұрады

7. Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2 Біріншіден, ұлттық экономика ауқымында мемлекет үшін, елдің тіршілігі мен қиындықтарға төзімділігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды мақсаттар іске асырылады. Бүл тұрғыда елдің азаматтарын тіршілік ету үшін ең қажетті нәрсемен (тамақпен, тұрғын үймен, электр энергиясымен және т.б.), халықтың ұдайы өндірісі үшін қажет қызметтермен (денсаулық сақтаумен, білім берумен) тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету міндеті қойылады. Ұлттық экономика осы міндеттерді экономикалық жүйенің тұрпаты мен экономиканың үлгісі қандай болуына қарамастан әр уақытта шешуге тиіс. Осы деңгейдегі мақсаттарға аумақтың тұтастығын сақтау, сенімді қорғаныс әлеуетінің және әлемде сындарлы саяси беделдің болуы жатады. Елдің тағдыры үшін осы мақсаттар өте маңызды болады.

Екіншіден, елдің экономикалық мақсаттарына жету үшін, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Ел әлемдік экономиканың көшбасшысына жақындап, алғы шепке (жайғасым қатары бойынша) шығу үшін айқын даму стратегиясын (ең жақсы нұсқа - «қарқынды даму стратегиясын») әзірлеп іске асыруға, елдің экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін өрістеп, экономиканы келешекті бағыттарға сәйкес қайта құруға, отандық тауар өндіруші үшін қолайлы жағдай жасап, оны сыртқы бәсекеден қорғауға тиіс. 2006 жылы Қазақстанда бүкіл қоғамды мемлекеттің, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілікке жетуге бағыттайтын «Қазақстанның әлемнің барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» қабылданды. 2008 жылы өткен Дүниежүзілік экономикалық форум есебінің қорытындысы бойынша елдің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингінің төмендегені атап өтілді. Қазақстан 2007 жылы 61 орында болса, 2009 жылы 134 елдің арасынан 66-орынмен қанағаттанды.

Үшіншіден, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - проблемасы ұлттық экономиканың елеулі проблемасы. Экономикалық қауіпсіздіктің құрамдасының қатарына ғылыми-технологиялық, азық-түлік, әскери-өнеркәсіп, қаржы қауіпсіздігін және т.б. жеке атауға болады, бұл атап өтілген құрамдастарға кездейсоқ немесе саналы түрде басымдық берілген жағдайда, олардың сыртқы келеңсіз факторларға тым тәуелді болудың деңгейіне жол бермеуді білдіреді.

14 Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).[

1.Әлеуметтік қорғау – бұл қолайсыз жағдайларда (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбек ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қаматамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқатттың белгілі бір деңгейін қаматамасыз етуге арналған.

11.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығына

2015 жылға дейін денсаулық сақ­­тау сала­сында негізгі басым­дық медицинаның про­филак­тика­лық және әлеуметтік бағдарды кү­шейту болады.

Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғын­да­ры үшін қолжетімділігін қам­та­ма­сыз ету үшін мемлекет көлік меди­ци­на­сын, оның ішінде санитария­лық авиацияны дамытуды қол­дады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ден­саулық сақтау мәселе­лерінде бүкіл қоғам­ның келісімге қол жеткізу жолымен қазақ­стан­дықтардың денсаулығын нығайту­ға және халықтың өмір сүру ұз­ақтығын арттыра оты­рып, жал­пы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ау­руларды төмендете отырып, ден­сау­лық сақтау сала­сы­ның бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптасты­руға ықпал ететін болады.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру. Бағдарлама мақсатын жүзеге асыруда мынадай міндеттерді орындау қажет: халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомоствоаралық өзара іс- қимылды күшейту арқылы сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

Әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамыта отырып, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын, азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру;

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері:

2011-2015

Бірінші кезең: 2011-2012

Екінші кезең: 2013-2014

Үшінші кезең: 2015

2013 жылға қарай Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылады.

2015 жылға қарай:

- халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

- ана өлім- жітімін 1,5 есеге дейін төмендету;

- нәрестелер өлім- жітімін 1,5 есеге төмендету;

- жалпы өлім- жітімді 15% дейін төмендету;

18. Жұмыссыздықтың 3 негізгі себебі бар [1, б. 199]:

1) жұмысты жоғалту (жұмыстан шығару);

2) жұмыстан өз еркімен кету;

3) еңбек нарығында бірінші пайда болу

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың қаңтарында жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

4.Интеграция(лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестіңдайындық кезеңі.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Требования, предъявляемые в бухгалтерской отчетности| Внешняя политика

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.041 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав