Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Имараттар мен құрылыстарды қайта салу

Читайте также:
  1. C) жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса
  2. Бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және мүлiктi қайтару
  3. Лекция. Ғимараттар мен құрылыстарды қайта салу

– бұл олардың қызметтік міндетін жекелей немесе толықтай өзгерту мақсатында қайта салу, тиімді жұмыс жасайтын құрылғылар орнату, құрылыс аймағын заманауи нормалық талаптарға сәйкес жақсатрту.

Ол өндірістік мекемелер немесе қалаа аудандары, тұрғын үй массивтері, тұрмыстық-әлеуметтік кешендер мен мәдени мекемелер жалпы реконструкциясының бір бөлігі болып табылады.

Ғимараттар мен құрылстарды реконструкциялау өндірісті техникалық қайта жабдықтау кезінде де орын алады, бірақ бұл кезде құрылыс-дәнекерлеу жұмыстарына кететін шығын жалпы қаржы салымының 10 пайызынан аспау керек.

Қайта салуға ғимараттарды қайта жобалау, биіктігін көтеру, бекіту, кей жерін бұзу және ауыстыру, үстіне қосып салу, жанынан қосу және ғимарат фасадын жақсарту жұмыстары кіреді.

Реконструкцияның қалалардың сәулеттік сипатын жақсартуда, оларға жеке сымбат беруінде ролі аз емес.

Реконструкция кешенді сипатта болу керек, қаланың, ауданның, кәсіпшіліктің даму болашағының ұзақтығын есепке алуы қажет. Келешегі ойластырылған жоспарсыз, көзқарастың дұрыс болмауы, тек қана осы күнгі қажеттілікті қанағаттандыру азғана уақыт өтісімен тағы реконструкцияны талап етіп, бұрынғы реконструкция нәтижелерін сүріп тастауға әкелуі мүмкін.

Әдетте азаматтық, тұрмыс және өндіріс ғимараттарында реконструкция жасау жоғары тарлық жағдайында жүргізіледі, бұл тиімді машиналар мен механизмдерді қолдану мүмкіншілігін төмендетеді, материалдар мен өнімдерді сақтау орындарын ұйымдастыруды қиындатады. Ірі габаритті конструкцияны жеткізудің өзі жол тарлығы әсерінен қиындайды.

Күрделі қиындықтар жүккөтергіш механизмдерді тиімді орналастыру орнын анықтау кезінде пайда болады, кей жағдайда крандарды қолдану қажет болады.. Аталған жағдайлар үшін әртүрлі ұсыныстар ойластырылып, байырғы құрылыс материалдарымен бірге жаңа жеңіл, мықтылығы жоғары материалдарды табысты қолданылу ұсынылуда.

Реконструкция ғимараттар мен құрылыстардың көтеруші элементтерін күшейту мен эксплуатациялық көрсеткіштерін қалпына келтірумен байланысты. Бұл жұмыстар жаңа құрылысқа қарастырылған конструктивті шешімнен бөлек жеке көзқарасты талап етеді.

Салмақты қиындықтар өндірістік ғимараттарды кәсіпшіліктің жұмыс жағдайы минимумын жасауға байланысты реконструкциялау процессі кезінде шығады. Өнімнің азаюынан келген болатын шығын мен реконструкцияға кететін шығын тең болады, бірақ кейде құрылыс монтаждау жұмыстарына кететін капиталдық салымдар кәсіпшіліктің қайта техникалық жабдықталуына кететін шығыннан асып түседі.

Сондықтан шығынды минимумге жеткізетін күшейту, бұзу, құрылғы дәнекерлеудің арнайы әдістерін қолдану қажет.

Ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО, құрылыс-монтаждау жобалау ұйымдары ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауда көп тәжірибе жинақтады. Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты нұсқаулар мен ұсыныстар, момнографиялар жарыққа шықты.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав