Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тест тапсырмалары.

Читайте также:
  1. ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ.

1. В чем сущность НЛП?

2. Назовите и кратко охарактеризуйте основные рабочие термины НЛП

3. Что такое ведающая (первичная) модальность?

4. Что такое якорь и как он используется?

5. Что такое рефрейминг и в чем его сущность?

6. Перечислите и кратко охарактеризуйте шесть ступеней рефрейминга.

 

 

ТАҚЫРЫП. ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ

НДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ: ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Өндіріс шығындары – тауар өндіру немесе қызмет көрсету процесінде қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалынатын шығыстар.

Шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Тұрақты шығындар FC – бұл өндіріс және өткізу көлеміне тәуелсіз болатын шығындар, оған әкімшілік басқару шығындары, ғимараттар мен құрал-жабдықтарға кеткен шығындар, арендалық төлемдер, сақтандыру жарналары, несие пайыздары және т.б. кіреді.

Айнымалы шығындар VC өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Оған жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады.

Тұрақты және айнымалы шығындардың жиынтығы жалпы немесе жиынтық шығындарды (ТС) құрайды:

TC=FC+VC.

Өнім бірлігін шығаруға жұмасалатын шығын орташа шығын АTС деп аталады. Бұл жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

АTС = ТС/Q.

Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барын­ша азайтуға тырысады.

Сәйкесінше орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындар есептеледі:

AFC=FC/Q; AVC=VC/Q; ATC=AFC+AVC.

Фирамның іс-әрекетін түсіну үшін шекті (маржиналды) шығындар МС, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығын категориясын қарастыру қажет. Ол мына формуламен есептеледі:

МС=∆TC/∆Q.

Фирма қызметінің нәтижесі оның табысы болып табылады. Ол жалпы табыс (TR), орташа табыс (AR) (өнім бірлігін сатудан түсетін ақшалай түсім), шекті табыс MR (жалпы табыстың қосымша өнімді сатудан болатын өсімшесі) болып бөлінеді. Жалпы табыс төмендегі формуламен есептеледі:

TR=P·Q,

мұндағы Р - өнім бірлігінің бағасы, Q – сатылған өнім саны.

Орташа табыс формуласы:

АR=TR/Q;

Шекті табыс мына формуламен есептеледі:

MR=∆TR/∆Q;

Ізденіс сұрақтары.

1. Өндіріс шығындары қалай жіктеледі?

2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар дегеніміз не?

3. Тұрақты, айнымалы және жалпы шығындар ұғымын түсіндіріңіз.

4. Орташа шығындар мен шекті шығындарды анықтау не үшін қажет?

5. Масштаб әсері арқылы шығындар қалай үнемделеді?

6. Трансакциялық шығындардың қандай түрлерін білесіз?

7. Фирманың шекті шығыны мен шекті табысы рыноктық бағамен неліктен салыстырылады?

8. Фирма қандай жағдайда экономикалық тепе-теңдікке жетеді?

Тест тапсырмалары.

1. Өндірістің жалпы шығындары дегеніміз:

А) өнім өндіруде пайдаланған барлық ресурстардың шығыны;

Б) айқын (сыртқы) шығындар;

В) айқын емес шығындар, оның ішінде қалыпты пайда да бар;

Г) ұзақ мерзім пайданылатын тұтыну тауарларын алуға жұмсалған шығындар;

Д) ішкі шығындар.

2.Орташа жалпы шығын дегеніміз өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын:

А) тұрақты және айнымалы шығындар

Б) тұрақты шығындар;

В) айнымалы шығындар;

Г) шекті шығындар;

Д) айнымалы және шекті шығындар.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав