Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет №15

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1. Синэкология деген не?

2. Қазіргі заманғы биосфераның ерекшеліктері. Өндірістің және қоршаған ортаға жүктеменің өсуі.

3. Өнеркәсіптік жерлерді қайта құңарландыру. Қайта құңарландырудың екі кезеңі. Қайта құңарландыру қалай іске асырылады, бұзылған жерлерге жабылатын әрбір қабаттың рөлі қандай.

Жауаптар:

1. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

2. «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:

1) Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.

2) Қозғалыстың белсенділігі.

3) Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау.

4) Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).

5) Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.

6) Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.

Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл.Құрлық үшін-14 жыл.Мұхит үшін-33 күн.Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері:

1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады. 1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.

2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі.

3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.

4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі.

5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен «косный» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады).

6) Транспорттық –ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.

7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады.

8) Информациялық.

3. Экожүйелерді бағытталған түрде құру міндеттері өнеркәсіптік пайдаланудан шыққан жерлерді (карьерлер, шұңқырлар, топырақ қабатын жоғалтқан учаскелер, бос тау жынысы үйінділері және т.с.с.) екінші реттік игерген кезде айқындалады. Мұндай жерлерді қалпына келтіру үшін техникалық және биологиялық қайта құнарландыру қолданылады. Көптеген жағдайларда жұмыстарды мынадан бастайды: бұзылған жерлерді өсімдіктердің тамырлық жүйелері аймағын алғашқы тау жынысымен байланыстан бөлетін балшықты құрам қабатымен жабады. Бұл қабаттың үстінде топырақ горизонты – көбінесе «дайын түрінде» көршілес аумақтардан топырақты тасымалдау жолымен құрылады. Кейінгі міндет – фитоценозды құру – берілген қайта құнарландырылатын аумақтың мақсаттық тағайындалуынан және оларды өсіру технологиясын әзірлеуден шешіледі және өсімдіктердің түрлік құрамын іріктеуге арналған экологиялық амалға негізделеді.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 19 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав