Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Патологиялық анатомия

Читайте также:
  1. I. Анатомия
  2. II Анатомия опорно-двигательного аппарата.
  3. II Анатомия опорно-двигательного аппарата.
  4. IV. Анатомия органов сердечно-сосудистой системы
  5. IV. Анатомия сердечно-сосудистой системы
  6. VI. Анатомия органов сердечно-сосудистой системы
  7. VI. Анатомия центральной нервной системы
  8. VII. Анатомия периферической нервной системы
  9. VII. Анатомия центральной нервной системы
  10. VIII. Анатомия органов чувств

Мәйітті ашқанда: оң өкпенің төменгі бөлігінің консистенциясы тығыздалған, плеврада фибрин жіптерінің бастырмалары, кесіндіде өкпе тіні ауасыз, сұр түсті, ІХ –Х сегменттерінде іріңге толған домалақ қуыс анықталған.

Сұрақ: 1-қадам – Науқаста қандай ауру дамыған?

2-қадам– Плевраның үйкеліс шуылы неге байланысты?

№ 3

Патологиялық физиология

Екі қоянда қызба туғызамыз: № 1 қоянға тері астына скипидар, ал № 2 қоянның көк тамырына пирогенал енгізу арқылы қызба туғызамыз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Емханада 40 жастағы С. деген науқас қолының сыртқы жағының ыстықтан күюі бойынша қаралды. Дәрігер қарағанда тері бетінің қатты гиперемиясын, тіндердің ісінуін, эпидермистің кей жерлерінің мүйізгектенуін байқады. Сірнелі сұйықтыққа толған үлкен күлдіреген көпіршік пайда болды. Субъективті қатты күйдіріп ауырсыну

Сұрақ: 1-қадам – Теріде экссудациялық қабынудың қай түрі дамыды?

2-қадам– Осы қабынудың қандай қолайлы нәтижесі болуы мүмкін?

 

№ 4

Патологиялық физиология

Тышқандарға фенилгидразин енгіземіз. 30 мин өткен соң тышқандардың қанында эритроциттер санының азаюы және бос гемоглобиндердің болуы байқалған.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Көп уақыттан бері асқазан ойық жарасымен сырқаттанған және соңғы кезде жиі қайталанатын қан кетуімен жапа шеккен 48 жасында қайтыс болған Б. деген аурудың мәйітінің аутопсиясында табылғаны: бауыр сары- қызыл қошқыл түсті, консистенциясы болбыр, көлемі біршама үлкейген.

Сұрақ: 1-қадам – Бауырда қандай патологиялық үдеріс дамыған?

2-қадам– Бауырда қандай микроскопиялық өзгерістер болады?

 

№5

Патологиялық физиология

Егеуқұйрыққа эфирлі наркоз береміз. Жануарды орнықтырамыз. Электрокардиограммаға түсіреміз. Кеуде және перикардтты ашып, тәж артериясына лигатураны саламыз. Әрбір 5-10 мин кейін электрокардиограммаға түсіреміз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз

Патологиялық анатомия

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, аяқтарының айқын ісінуімен көрінетін жүрек ақауымен ауыратын науқастың төсегінен тұруға талпынған кезінде бірден беті көгеріп, қайтыс болды.

Сұрақ: 1қадам – Науқаста қандай асқыну дамыды?

2-қадам– Өкпеде нені табуға болады.

 

№ 6

Патологиялық физиология

Барокамераны қалыпты атмосфера қысымында 95% азот және 5% оттегісі бар газ қоспасымен толтырамыз. Онда тышқанды кіргізіп және жаңағы көрсетілген қоспаның аз мөлшерін шығарамыз. 10-15 мин кейін жануарда тырыспа дамиды және тыныс алу тоқтайды.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 202 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2026 год. (0.051 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав