Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аурулардың классификациясы

Читайте также:
  1. Ылымдағы гипотеза: классификациясы, фактылармен, мәселелермен және теориямен байланысын көрсетіңіз.

Ауру организмде үлкен өзгерістер болады: зат алмасуы бұзылады, өсу қабілеті төмендейді, балықтардың қозғалысы өзгереді. Балықтар қоректенбейді, бұл организмнің тозуы мен балықтың өлуіне әкеліп соғады. 02

Балықтардың ауруларының классификациясы этиологиялық негізіне яғни аурудың пайда болу себептеріне байланысты. Балықтардың аурулары екі топқа бөлінеді. Жұқпалы және жұқпалы емес.

Жұқпалы ауруларды вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және паразиттік тіршілік ететін жануарлар қоздырады.

Жұқпалы емес аурулардың қоздырғышы болмайды, ол сыртқы ортаның күрт өзгеруі нәтижесінде (судың температурасының өзгеруі, оттегінің аз немесе көп мөлшері, токсикалық(улы) заттарымен судың ластануы және т.б., дұрыс емес қоректенудегі зат алмасудлың бұзылуы, авитаминоз, травмалардың және т.б. әсерінен болады.

Жұқпалы аурулар инфекциялық және инвазиялық немесе паразитарлық болады. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар. Инвазиялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік тіршілік ететін жануарлар: қарапайымдылар, гельминттер, шаянтәрізділер және т.б. Соған байланысты мұндай ауруларды протозойлық (латынша – “протозоа”- қарапайым) гельминтозды (“гельминт” - паразиттік тіршілік ететін құрттар), крустацеозды (крустацеа – шаянтәрізділер). Әрбір аурулар сыртқы (клиникалық) әсерлерімен анықталады, ол өмір сүру барысында көрінеді.

Кейбір клиникалық белгілер әрбір анықталған ауруға қарасты - синдром деп аталады. Кейбір кезде сол бір клиникалық белгілер әр түрлі аурулар туғызады. Мысалы: балықтардың демалуы қиындаған кезде, олардың желбезектері паразиттік инфузориялармен зақымдалған (триходиналармен, хилодонеллалармен). Сыртқы клиникалық белгілерден басқа патологофизиологиялық және патологоанотомиялық белгілері бар.

Патологофизиологиялық белгілер – организм мүшелерінің жұмысының бұзылуын қарастырады. Патологоанотомиялық белгілер балықтарды сойған кезде көруге болады.

Ауру процестері 3 кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең – латентті немесе жасырын (инкубациялық) қоздырғыштың денеге ену кезінен аурудың клиникалық белгілеріне дейін.

Екінші кезең – клиникалық (аурудың басталуы), клиникалық белгілердің басталу кезеңі.

Клиникалық кезеңде – аурдың белгілері айқын көрінеді.Олар бірнеше айға дейін созылады.

Үшінші кезең – аурудың аяқталуы. Ол жазылуымен аяқталады.

10. Паразитологияның дамуындағы ғалымдардың үлесі: Скрябин К.И.

Паразитологияның, әсіресе гельментологияның ғылыми ретінде дамуына академик К.И.Скрябин (1878-19725) үлкен үлес қосқан.Ол ғылымда гельминттердің(трематодалар,цестодалар, нематодалар)200- ДЕН АСТАМ ЖАҢА ТҮРІН АШЫП, ОЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫН, БИОЛОГИЯСЫН, ФИЛОГЕНИЯСЫН, ЭКОЛОГИЯСЫН, ЭПИЗООТОЛОГИЯСЫН, ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕП СИПАТТАМА БЕРГЕН, ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСІН ҰСЫНЫП, ГЕЛЬМИНТТЕРДІҢ ҚОСЫМША ИЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЕНГІЗГЕН, ГЕЛЬМИНТТЕРДІ ТОЛЫҚ ЖОЮ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛҒАН, ДЕГЕЛЬМИНТИЗАЦИЯ ПРИНЦИПТЕРІН БАҒДАРЛАҒАН. Сөйтіп ол Ресейде гельминтология мектебінің негізін қалаған. К.И.Скрябин 1907-1911 жылдары Әулие атада мал дәрігері болып жұмыс істеген. Тараз қаласында К.И.Скрябин атындағы мұражай бар. К.И.Скрябиннің шәкірті және оның орнын қуушы көрнекті гельминтолог Р.С.Шульц (1896-1973) гельминтоз ауруларына қарсы организмнің қорғаныш қабілетін және одан пайда болған иммунитетті, гельминтоз ауруларының эпидемиологиясын зерттеді, эхинококк ауруларына қарсы күресу шараларын ұсынды.

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав