Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау

Автохтонды аурулар (гр. жергілікті ) -дегеніміз белгілі бір аймақта ғана таралатын паразиттер тарататын аурулар тобын айтамыз. Оған трипаносомоз ауруы мысал бола алады. ТРИПАНОСОМОЗ – Tryponosoma туысына жататын талшықты қарапайымдар арқылы жабайы және үй жануарларына таралатын транмиссивтік аурулар. Трипаносомалардың тіршілік циклінің бірінші бөлімі (эпимастиготтар) це-це шыбынының(Африкалық трипаносомозда) және ұшатын қандаланың (Америкалық трипанасомозда) ас қорыту жолында өтеді. Екінші бөлімі – жылы – қанды омыртқалы жануарлардың (трипомастиготтар және амастиготтар) қанында өтеді.

Трипаносомоздардың бірнеше түрлері бар:

Африкалық трипаносомоздар – Tr.rhodosiense тудыратын жедел родезиялық трипоносомоз (шығыс – африкалық ұйқы ауруы) және қоздырғышы Tr.gambiense болатын созылмалы гамбиялық трипоносомоздарды (батыс – африкалық ұйқы ауруы) ажыратады.

Гамбиялық трипоносомоз. Бұл аурудың инвазия көзі мен қоры - ауру адамдар. Осы паразиттің тасымалдаушысы це-це шыбындары жиналатын су қоймалары жағасында орналасқан елді мекендерде ауру жиірек тіркеледі. Трипоносомоздың бұл түрінде ұйқы вуруына шалдыққандардың үлесі 2-3 % болады, ал эпидемия көтерілсе, сырқаттылық бірнеше есе өседі. Көп жағдайда созылмалы түрі немесе паразит тасымалдаушылық орын алады. Созылмалы түрде өтетіндіктен науқастанғандар сау адамдар арасында ұзақ уақыт болады. Мұндай жағдайларда созылмалы түрі немесе паразит тасымалдаушылық орын алады. Созылмалы түрде өтетіндіктен науқастанғандар сау адамдар арасында ұзақ уақыт болады. Мұндай жағдайларда инвазия ошағының эпидемиологиялық маңызы қатты өседі, өйткені созылмалы түрімен ауырғандар және паразит тасымалдаушылар жанындағыларға инвазия қоздырғышының көзі бола алады.

Родезия трипоносомозы. Шығыс және Оңтүстік Африканың орманды жерлерінде жедел инвазия түрінде кездеседі, жиірек өліммен аяқталады. Табиғи ошақ және қоздырғыш көздері ауру адам, әртүрлі үй және жабайы жануарлар болады. Тасымалдаушысы орманда өмір сүретін це-це шыбыны. Адамның жұқтыруы көбінесе мал баққанда немесе аңшылықпен айналысқанда орын алады. Халықтың инвазияны қабылдаушылығы – жаппай. Ер адамдар жиірек ауырады. Инвазия қоздырғышының адамнан адамға берілуі және адамнан трансмиссивтік жолмен үй жануарларына жұғу мүмкіндігі бар. Гемотрансфузия кезінде, жыныстық қатынас арқылы және шарана арқылы анадан нәрестеге берілген жағдайда белгілі.

Америкалық трипоносомозы (Круз – Шагас ауруы, оңтүстік америкалық трипоносомоз). Қоздырғышы – Tr.cruzi, ол бірінші ашқан Круздың атымен аталған. Табиғи ошағы және инвазия қоздырғышының көзі – ауру адамдар, егеуқұйрықтар, мысықтар, иттер. Жабайы табиғаттағы негізгі ошағы болатын – сауытты армадилалар. Ауру көпшілік жағдайда Батыс Индия және Бразилияның Атлантика жағалауында кездеседі, Оңтүстік – Америка аймақтарында тіркеледі. Осы жерлерде тасымалдаушылар тараған. Ол Triatoma тобындағы ұшқыш қандалалар. Қанды сорғаннан кейін олар 5-15 күнде қоздырғышты жұқтыра алатын жағдайға жетеді және бұл қабілеттілігін өмір бойы, яғни 2 жылға дейін сақтайды. Қандала нәжістерімен шыққын трипаносомалар қан сорғанда, шағу немесе қасу нәтижесінде жараланған тері немесе жара маңындағы көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабатыарқылы адам организміне енеді.

Антропургенді ауруларға эхинококкозды жатқызамыз: Эхинококкоздар қоздырғыштары нәжіс ауыз механизмі арқылы берілетін, өкпенің және басқа ағзалардың жеке және көптеген қуысты ісіктермен бұзылуына әкелетін, организмнің аллергияға ұшырауымен, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін, созылмалы түрде өтетін табиғи ошақтық биогельминтоздар.

Инвазияның қоздырғыштары әртүрлі болатын екі топқа бөлінеді: эхиноккоз (гидатиоздық немесе бір камералық эхинококкоз) және альвеококкоз (альвеолярлық немесе көпкамералық эхинококкоз). Бұрын екі түрдің де қоздырғыштары ересек кезінде ит және етқоректі жабайы жануарлардың денесінде, ал личинка сатысында – адам, әртүрлі, ауыл шаруашылық жануарлар, кеміргіштер мен жұп тұяқты тағы жануарлардың организмінде паразиттік өмір сүретін бір ғана Echinococcus granulosis деп есептелген. Неміс ғалымы Yogei зерттеулерінің нәтижесінде бұл аурулардың этиологиясының бөлек екендігі дәлелденді, ал К.И.Абуладзе олардың жекелігін анықтап, әрқайсысын бөлек топтарға бөлді.

Гидатидоздық эхинококкоз – қоздырғышы ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, созылмалы ауру түрде өтетін, өкпе және басқа да мүшелерді зақымдайтын зоонозды антропургиялық биогельмитоз.

Бұл кесел туралы естеліктер Гиппократтың еңбектерінде бар, ол суға толып, зардаптанған бауырды сипаттаған. Қоздырғышы – личинкалық сатыдағы E.granulosis. Эхинококпен альвеококтың ересек түрлері сыртқы көрінісі бойынша көп жағдайда ұқсас, тіпті соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде альвеококты көп камералы эхинококк деп атап келді, бірақ олардың құрылысының ерекшеліктері да бар.

Эхинокок ақ түсті, ұзындығы 0,5 см дейін кішкентай цестода. Денесі таспа тәрізді, кішкентай басында 4 сорғышы және 3-4 мүшелі 35-40 қармағы бар, мүшелердің ең соңғысы өте үлкен, 800-ге дейін жұмыртқасы болады.

Қоздырғышының морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі. Эхинококтың ересегі иттің, мысықтың, сирегірек жағдайда – қасқырдың, түлкінің, шибөрінің, қорқаудың, сілеусіннің, койоттың, арыстанның аш ішегінің шырышты қабатына сорғыштармен және қармақтарымен жабысып паразиттік өмір сүреді. Паразит ішек ішііндегі заттармен денесі арқылы қоректенеді. олардың барлығы ақырғы иелері болады. Жұмыртқалары піскеннен кейін эхинококтың соңғы бунағы үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады. Аралық иенің (адам, шошқалар және шөпқоректі – ауылшаруыашылық жануарлары) ішегінде жұмыртқаның сыртқы қабаты ериді, босанған, онкосфера өзінің қармақтарымен шырышты қабатқа жабысып, оған енеді, содан кейін қанмен қақпалы көктамыр арқылы бауырға жетеді. Онкосфералардың бір бөлігі төменгі қуыс көктамырға барғаннан кейін өкпеге түседі, ал біразы үлкен қан айналымы шеңберіне түседі, сондықтан кез келген тін мен ағзада орналасуы мүмкін. Тіндерде онкосфераның дарвоцистаға (эхинококк кистасы) айналуы 5 айға жуық созылады. Осы уақыттың ішінде кистаның диаметрі 5-20мм ге жетеді. Ларвоцисталар (эхинококтың личинкалық сатысы) сұйыққа толған қапша тәрізді болады. Оның сиымдылығы уақыт өткен сайын 10л және одан да жоғары болуын мүмкін. Оның қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттардан тұрады. Ие тіндерінің реакциясы нәтижесінде эхинокок кистасының төңірегінде қатты фиброздық қабық пайда болады. Ұрықтық қабаттан кішкентай ларвоцисталар қабығы қабығы қалыптасады, олардың ішінде ұрықтық сколекстер (бір қабықта жүзге дейін) дамиды. Ересек сколекстер қабықтан шығып, сұйық ішінде еркін жүзіп, гидатидтік құм, дегенді құрады. Ұрықтық қабаттың ішінде сколекстерден жаңа туынды қабықтар шығады, Бөлінгеннен кейін оларда сұйықта еркін жүзіп жүреді. немефелік қабықтар да пайда болуы мүмкін. Эхинокок қапшасындағы сколекстер саны миллионға жетеді. Эхинококк личинкасының жыныстық жетілу мерзімі іске асу үшін жұқтырған күннен санағанда 4-12 жұма уақыт қажет болады.

 

28. Буынаяқтылардың (кенелер мен қансорғыш насекомдардың) адам мен жануарлардың әртүрлі аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар ретінде маңызын сипаттаңыз:

Кенелердің денесі буындар мен сегменттерге бөлінбеген, пішіні сопақша н/е шар тәрізді. Дене-ң ауыз бөлігі жоғарғы жақ жұбынан н/е хелицер-н ж/е педисаусақ-н тұрады. Кенелердің ауыз аппараты тесіп – сорғыш н/е кеміруші типті. Имаго саты-ы кене-е 4 жұп аяқ-ы бар, олар-ң ұшында тырнақ-р мен иесіне жабысуды қамтамасыз ететін жастықшалары болады. Дамуы метаморфозбен жүреді. Аналықтан шыққан жұмыртқа-н артқы жұп аяғы, стигмалары, трахеялары, жыныс саңылауы жоқ личинкалар бөлінеді. 1ші түлеуден кейін личинка нимфаға айналады. Кененің түріне байланысты 1 н/е 1неше нимфалы форма байқалады. Соңғы түлеу кезінде личинка жыныстық жетілген формаға – имагоға айналады.

Кенелер мал шаруашылы-а үлкен зиян келтіреді. Олар-ң арасында уақытша ж/е тұрақты паразит-і бар.Уақытша паразит-р көбінесе трансмиссивті ауруларды тасымалдайды.

Кене-ң ішінде, әсіресе ұрғашы-а өз ұрпақ-а ауру қоздырғыш-н беру қасиеті ерекше орын алады. Осындай қоздырғыш-ы тасымалдағыш-ы трасновариальды жұқтырушы-р дейді. Ондай кене-р кенелік энцефалит вирусын, протозойлы гемоспоридоз-ң, бөртпе сүзегі-ң қоздырғыш-н тасымалдайды. Мұндай қоздырғыш-ң тасымалдану мүмкін-і тасымалдағыш-ң адам организмінде бір орыннан 2ші орынға көшуі ж/е олар-ң жиі қан сорып қоректенуімен, қайталап қан соруымен анық-ы.

Мыс: Қотыр кенесі (Acarus siros. Sarcoptes scabiei) қотыр ауру-ң (скабиоздың) қоздырғышы. Бұл қоздырғышқа жақын түрлері үй, түз жануарларының қотырын туғызады, нақты арнайы қатынасы бар деп есептелетін иелеріне тигізетін әсері жоқ. Адам қотыр кенесін жылқы, ешкі, қой, түйе, иттерден жұқтыруы мүмкін. Бұлар көбінесе теріні жаралайды, ал адасның дене-е ұзақ өмір сүре алмайды.

Қотыр кенесі теріішілк паразит-р, эпидермистің мүйізді қабатында тіршілік етеді. Барлық жерде таралған.

Патогенездік маңызы және диагноз қою. Ауру кене-н зақымданған аймақ-ң қышуымен басталады. бұл ауру-ң жұғуы науқас адаммен тығыз юайланысқан кезде болады. Диагноз қою зақымданған денедегі жолдардан кенені табуға негізделген. Үй ж/е жабайы сүтқоректі-р

де басқа қотыр кене-і тудыратын қотыр ауруына шалдығады.

Алдын алу үшын: жеке іш киімді, денені, тұрғын үйлерді таза ұстау, санитарлық ережелерді сақтау. Қоғамдық жатақхана-а, монша-а санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Ауыл кенесі (Ornithodorus papillipes) – кене-к қайталама сүзек қоздырғыш-ң (спирохета) тасымалдау-ы. Кене-р осы ауру-ы жабайы жануар-р арасында таратады, ал адам-ң қанын сорған кезде спирохетаны жұқтырады. Осы кене де спирохета-ы трансовариальды бере алатыны анықталған. Көбіне тыныс мүше-н қабынды-п, дене қызбасын тудырып, нерв жүйесін залалдайды. Одан жазылу 2,5-4 айға созы-ы.

Орта Азия, Ауғанстан, Иран, Үндістан, сон.қатар Кавказда, Қазақстан-ң оңт.обл-а таралған. Шығ.Африка-қ кенелік қайталамалы сүзекпен ауырған-а сал болу ж/е мидың қабынуы байқалады. Кенелер үңгір-е, сүтқорек-р мен құстар-ң ұяларында кездеседі.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав