Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мырзаханова А. А. 524-1 гр

Наркология ауызша

1. 47 жастағы дәрігер, 25 жасынан бері алкогольді шектен тыс қолданады. Толеранттылығы арзан шараптың 1 литріне дейін, күні бойына бөліктеп ішеді. Соңғы кездері 100г арақтан масаятын болған. 12 жыл бұрын абстиненция синдромы кезінде алғашқы тырысулық естен тануы болған. Әйелі мен қызы бірнеше жыл бұрын одан кетіп қалған. Күн сайын анасынан самогонға ақша талап етеді. Біраздан бері жұмыс жасамайды. Ақ көңілденіп студенттерге өз жағдайын ұялмай айта береді, өзіне сын көзбен қарамайды. Жиі тырыспалық ұстамалары болмағанда дәрігер болып жұмыс істер едім деп сендіреді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

2. 36 жастағы науқас, әйелінің талап етуімен наркологиялық диспансерге келген, өзін ішкішпін деп санамайды. 15 жылдан бері алкогольді шектен тыс қолданады. Толеранттылығы самогонның 1,5 литр дейін. Бас жазу синдромы тұрақты, 0,5л дейінгі арақпен бас жазады, ішу сипаты салынулық. Мөлшерден тыс қабылдауға құсу рефлексі 3 жыл бұрын жоғалған. Бұрын алкоголизмнен емделмеген.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

3. 50 жастағы науқас, бала кезінде есін жоғалтумен қатар жабық бас-ми жарақатын алған. 18 жасынан бастап алкогольді шектен тыс қолданады. Соңғы кездерде алкогольді күнара аз мөлшерде қолданады. Мерезбен ауырған, емделіп жазылған. Естің дөрекі бұзылыстары анықталған, есіне ештеңе сақтай алмайды, өз өмірі мен жалпы қоғамдық тарихи оқиғалардың көбісін ұмытып калған. Уақытқа бағдары бұзылған, өз палатасы мен төсегін таба алмайды. Қанда Вассерман реакциясы теріс. Аяқтарындағы ауру сезіміне шағымданады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

4. 45 жастағы науқас, көп жылдар бойы алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс қолданады, арақты 2л дейін ішкен, соңғы уақытта 1 стакан арақтан мас болады. Алкоголь суррогаттарын ішеді. Психиатриялық клиникаға бағдарының бұзылуына байланысты түскен, жақында кешкі уақытта бөлмесіне оның үстіне өрмелеп және тістеген тышқандар қаптап кеткенін көрген. Қатты қорыққан. Балтаны ала салып олардан қорғанған, үй ішінде жүгіріп, тығылмақшы болған. Ол көшеге айқайлап шыққан кезде көршілері жедел жәрдем шақырған.

Келесі күні таңертең бөлімшеде байланыстан тыс, төсекте тынышсыз, киімін шымшиды, ұстайды, созады, саусақтарымен жинайды. Жеке сөздерді, қыстырмаларды, буындарды айтады. Дене температурасы 40 градус, неврологиялық статусында оральді автоматизм симптомдары, нистагм, птоз, гипергидроз, дизартрия байқалады. Жазылғаннан соң болған ауру кезеңі туралы есінде ештеңе жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

5. 20 жастағы науқас, жақында астениямен жалғасқан пневмонияның ауыр формасын басынан кешірген. Досының тойында 0,5л арақ ішкен, тез мас болған, сөздері дизартрияланып, жүрісі теңселе бастаған. Сосын орнынан сауыққандай тұрып, бөлмеден шығып ас үйге қарай кеткен. Үй иесінің «не керек?» деген сұрағына жауап берместен, пышақты ала сала үстел басына қайта келіп, қатты дауыспен айғайлап және оған айтылған сөздерді түсінбей пышағымен сермей бастаған. Қонақтарға өлтіремін деп қауіп төндіріп, оны ұстамақшы болған адамдарға бірден қатты қарсылық көрсеткен. Бет-әлпеті бозарған, қарашықтары ұлғайған. 15-20 минуттан соң тынышталып, көрші бөлмедегі диванда ұйықтап кеткен. Келесі күні таңертең болған жайттар жайлы есінде ештеңе қалмаған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

6. 32 жастағы науқас бір ай бойы туыстарында демалған, күніне 3-4л дейін шарап ішкен. Үйіне қайтып келе жатқанында купеде адамдар оған оғаш көріне бастаған, бәрі жаман көздерімен қараған сияқты болған. Купедегі көршілері пышақты алып нанды кесе бастағанда, олар пышақты оған, сені де осылай кесеміз деп көрсетіп жатқанын түсінген. Ол өте қатты қорқып, купеден атып шығып, жолсерікке оны жасыруын өтінген. Поезд станцияға келіп тоқтағанда адамдардың барлығы өзіне қарай жүгіріп келе жатқанын және өзін өлім күтіп тұрғанын түсінген. Вагоннан бірден шығып: «көмектесіңдер, құтқарыңдар!» деп айғайлап, вокзалдан басқа жаққа қарай қаша жөнелген.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

7. 39 жастағы науқас 10жылдан бері алкогольді шектен тыс қолданады, бас жазады, толеранттылығы 1,5л арақ. Соңғы күндері ұйқысы нашар, бақтағы машиналардың шуларын естіп, далаға тексерейін деп шықса күдікті ештеңе байқамайды. Судың сылдыры мен сағат тықылынан өзіне тағылған айыптауларды және көше мен көрші бөлмеден «дауыстарды» ести бастаған. «Дауыстар» өте көп, олардың барлығы тек науқас жайлы әңгімелесіп жатты, біреулері оны ұрсып, балағаттап, өлтірумен қорқытатын, ал басқалары керісінше оны мақтап, қорғап, кеңестер айтып, көмектесуге уәде беріп жатты. Терезеге қарайлайды, алайда ештеңе көрмеген. Мұндай бұзылыстар алғаш рет пайда болған. Үрейленіп, көңіл-күйі төмендеп кеткен.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

8. 32 жастағы науқас, мінезі ұстамсыз, жанжалдасуға бейім, өзінің эмоциялары мен қалауларын ұстай алмайды, шыдай және біреуді күте алмайды. Алкогольді аздап қолданады, күшті сусындарды ұнатады. Таңертең алкогольді эксцесстерден кейін алкогольден жиіркенеді. Күнделікті арақтың 0,7л. ішсе де мас болмайтын кездері жиі болып тұрады. Бұл жағдаймен бас ауруы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің бұзылуы қоса жүреді. Салынып ішкен кездерінде үйінен кетіп, әр жерде қаңғырып, көшеде немесе кездейсоқ таныстарының үйлеріне қонып қалады. Салынып ішулері 5-7 күндерден кейін бірден аяқталады, одан соң жұмысына қайта оралады, өндірістік тапсырмаларды өнімді және белсенді түрде орындайды. Салынулардың арасындағы кезеңде алкогольді сирек және аз дозаларда қабылдайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

9. 45 жасар науқас 25 жасынан алкогольді шектен тыс қолданады, соған байланысты бірнеше рет емделген, бірақ нәтижесіз. Соңғы жылдары жыныстық белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Сол кезде әйелін көзіне «шөп салдың деп» кіналайды. Оны аңдып, іш киімдерін тексеріп, көзіне «шөп салғандығын» мойындауын талап етеді және көңілдесін өлтіремін деп қорқытады. Оның айтуынша, әйелі көңілдес таңдай алмайды, олардың арасында 78 жастағы көршісі мен өзінің кіші інісі және көшеде кездейсоқ жүрген еркектер де бар.

Объективті: қабылдауы бұзылмаған, бағдары дұрыс, өзінің ауруына мән бермейді. Ауруханаға жатқызылуын «әйелі ол жоқта көңілдесімен болу үшін дәрігерлермен әдейі келіскен» деп түсіндіреді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

10. Науқас 29 жаста. Алғаш рет спирттік ішімдікті 14 жасында пайдаланған, 19 жасына дейін салынып ішкен. Әр түрлі жағдайларға байланысты (мейрам, кездесу, айлық алғанда, жұмыс күнінің соңында) 1 литрге дейін араққа самогон қосып ішімдік қабылдайды. Кейде салынып ішулер болады. Салынып ішу арасындағы кезеңде аз дозада, қатты мас болмай алкогольді эпизодты түрде қолданады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

11. Науқас 39 жастағы, маляр. 16 жасынан бастап ішкен, 17 жасынан алкогольді салынып ішетін болған. 20 жасында психикалық және физикалық тәуелділіктер пайда болған, 1литр араққа дейін іше беретін жағдайға жеткен. Қазіргі уақытта 150 мл. арақтан масаятын болды, күнделікті және күніне бірнеше рет ішеді. Әйелі мен балалары оны тастап кеткен, өзі жалғыз тұрады, тұрақты жұмысы жоқ, жүк тасымалдаумен күн көреді. Бұрын-соңды алкоголизмнен емделіп көрген емес. Жағдайы нашарлап, жүрек аймағында ауру сезімі, ұйқысының бұзылуы мен оң жақ қабырға астында ауырлық пайда болғаннан соң емделуге келісім берген. Алайда өзін барлық адамдар сияқты ішемін деп санайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

12. 28 жасар науқас психиатриялық клиникаға жедел психотикалық жағдайда түскен. Бойында үрей, қорқыныш бар, тынымсыз және қобалжыған. Терісі мен денесінде жәндіктердің жүргенін сезеді, оларды іздеп, ұстап, қанағанша қасып тастайды. Айналасының бәрі оны өлтіруге талпынып жүрген жаулар деп санайды. Қорқынышты бет-әлпеттер көріп, жаман дауыстарды естиді. Туысқандарынан науқастың соңғы 5 жыл бойында қандай да бір есірткі қабылдап жүргендігі белгілі болды. Интоксикация жағдайында көңілді, активті, көп сөйлегіш, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бір күні бүкіл жинаған ақшаларын керексіз, пайдасыз дүниелерге жұмсаған. Абстиненция жағдайында зұлымдықпен, агрессивтілікпен, амал жоқтығымен және суицицдальді ойлармен жүретін депрессия пайда болады. Науқасты қарау кезінде созылмалы ринит, мұрынның шырышты қабатынан бөлінділер мен мұрын қалқасының некрозы анықталды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

13. Науқас 14 жастағы бала. Жақсы оқып, ой ұшқырлығымен, оқылған нәрселерді оңай есте сақтайтын болған. ПАЗ (психоактивті заттарды) пайдалануды бастағаннан 3 айдан соң назар аударуда қиындықтар пайда болды, ой ұшқырлығы мен есте сақтауда қиындықтар пайда бола бастады. Агрессивтілік, кектену, бас ауруы байқалып, ұйқысы бұзылған, транспортта теңселетін болды. Мектепті тастап, үйінен бірнеше күнге кетіп қалатын болған. Мұрын қанаттары қызарған, ауыз терісінің айналасында бөртпелер пайда болды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

14. 17 жастағы қыз. Сауық кешінде белгісіз бір есірткі қабылдаған. Бастапқыда көзінің алдында жарқылдақтарды сезінген, кейіннен көру галлюцинациялары дамыған, көңіл-күйі өте жақсы болды. Қонақ бөлмеде ойнап жатқан музыка жарық түстерге боялғандай болады. Есінде баяғыда өткен жарқын естеліктер жүзіп жүрді. Ол сезім өзінің естен адасып жатқанындай болып сезілген. Үйіне оралған кезінде ұша алатындай сезім, бүкіл денесінде жеңілдік және өзіне деген сенімділік пайда болған. Терезені ашып, қолдарымен сермеп жерге секірді. Құлаған кезде екі аяғын сындырған. Келесі күні таңертең психикасында ешқандай бұзылыстар байқалмайды, аурулық жағдайын критикалық түрде бағалайды. Суицидальді ойлары жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

15. 19 жастағы науқас, 3 жылдан бері есірткі қолданады. Күніне 1грамнан 3 рет есірткі қабылдайды. Соңғы 3 күн ішінде есірткі алуға ақша таба алмаған, содан соң мұрын бітуі, жасаурау, мидриаз, түшкіру, қалтырау, құсу, «қаз терісі», аяқ-қолдардағы, арқадағы, мойын мен шайнау бұлшық еттердегі қатты ауру сезімі байқалған. Ұйқысы бұзылды, тәбеті жоғалып, ішектерде ауру сезімі, іш өту мен құсу пайда болды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

16. 22 жастағы науқас, ата-анасының талап етуімен наркологиялық бөлімшеге түскен. 18 жасынан бастап көкнәр сабағынан қолдан жасалған препаратты көк тамырға енгізген. Жоғарғы оқу орнына түскен, алайда көп рет сабаққа бармайтын. Есірткіні алғаш татып көргеннен соң жарты жылдан кейін патологиялық әуестік пайда болған, абстиненттік синдром дамыған. ЖОО-нан үлгермеушілігіне байланысты шығарылған. Жұмыс жасамайды, ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бостандыққа шыққаннан соң да жұмысқа тұрмаған, ата-анасымен жиі ұрысады, есірткі қабылдауын жалғастыра береді, оны алуға ақшаны әртүрлі заңсыз жолдармен табады. Клиникада оған ұйықтататын дәрі салуын талап етеді, суицидпен қорқытады. Амал жоқтығынан шыдап жүр, есірткіні тастауға ниеті байқалмайды. Сомато-неврологиялық статусы: тері жабындылары құрғақ, жер түстес, беті ісінген, қолдарының треморы мен гиперрефлексия байқалады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

17. Наркоманда улану жағдайында үрей пайда болды, көңіл-күйі төмендеп, күдікшілдігі күшейді. Айналасында заттар түсі бойынша жарқырап, олардың ара қашықтықтары мен формалары өзгеріп кеткендей әсер пайда болды. Ерекше, өзгеріп және қозғалатын суреттер пайда болған. Науқас үрейленген, тынымсыз, қорқыныш сезімінде отыр. Аурулық сезімдерге критикасы жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

18. Жас жігітте психоактивті заттың 10 таблеткасын қабылдағаннан 30 минуттан соң көңіл-күйі жоғарылап, сезімі жақсарып, көп сөйлегісі келген. Айналасының барлығы жарқырап, жамандықтардың барлығы ұмытылды. Бір орында отыра алмады, билеп, көп сөйлегіш болды. 40-45 минуттан соң ұйқысы келіп, салмақсыздық сезімі, және айналадағы заттардың барлығы формалары мен кеңістікте өз ара қатынастарын «өзгерткен». Ойлау темпі баяулап, болып жатқан оқиғаларды түсіну қиындай бастады. Үш сағаттан соң бағдар бұзылысы, адамдардың түрлері мен олардың тәртіптері бұрмаланған түрде қабылдана бастады. Шақырған дауыстарды ести бастады, көзінің алдында дөңгелектер пайда болды, сосын таңертең кездестірген таныстарын, тіпті ол дәл сол таңертеңгі болған оқиғаларды көрген. Өзінің қолын көрмейді, тек онда темекі қысулы тұрғанын сезіп тұр. Оны аузына жақындата берген кезінде, ол жоғалып кеткен.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

19. 28 жасар науқас 18 жасынан бастап анаша қабылдайды. 21 жасынан бастап көкнәр сабағынан қолдан жасалған опиаттар мен первитинді көк тамырына енгізген. Бұл препараттарды бір уақытта енгізіп жүрді. Есірткіге деген әуестігі күшті, ең қолайлысы – анаша. 2 аптаға дейін есірткілердің дозасын жоғарылатқан, ұйқысыздық пайда болған, бірнеше күннен кейін үрей, қорқыныш, есту жалған галлюцинациялары пайда болған. Ауруханаға түскен кезінде айналадағыларға бағдары жоғалған, бірдеңелерге құлағын түреді. Түсқағаздардың суреттерінен адамдар мен жануарлардың суреттерін көреді. Оны көршісі дуалап тастаған деп санайды. Бозарған, тершең және қол саусақтарының дірілі бар.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

20. 38 жастағы науқас, инженер, 15 жасынан бері табак қабылдайды. Бастапқыда күніне 1-2 темекі тартатын, ал соңғы үш жылда 20 темекіден аз емес. Егер темекіні тартпаса, тітіркенгіш, мазасызданады, темекіге деген басқарылмайтын қалау сезімі дамиды, жұмыс жасай алмайды, жөтел, бас ауру мен бас айналу пайда болады. Бұл сезімдер темекіні тартқаннан соң толықтай жойылады. Соңғы жылдары қасындағы құрдастарына қарағанда тез шаршағыш болып барады. ЖИА, созылмалы бронхит пен созылмалы гастриттің белгілері және ЖРВИ пайда бола бастады. Жұмысын дұрыстап атқара алмай, жиі қателіктер жіберетін болған. Қанағатсыздық және тітіркенгіштік сезімін ұстау қиындағанын айтады. Біршене рет темекіні тастауға талпынған, бірақ нәтижесіз.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

21. Полиция қызметкерлері ұстаған 23 жастағы апиын пайдалатын нашақор, көршілерінің заттарын ұрлаған. 18 жасынан бері есірткі қабылдаған, мактан қолдан жасаған препаратты күнделікті қабылдаған. 19 жасынан бері есірткі болмаса қалтырау, тершеңдік, жасаурау, мұрын бітуі, бас аурулар, буындар мен сүйектердегі қышу сезімі мен диарея байқалған. Еш жерде жұмыс жасамайды. Отбасы жайлы ойламайды. Ата-анасынан дөрекі түрде есірткіге ақша талап етеді. 2 жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін 1 жылға сотталған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

22. 42 жастағы ер кісі 19 жасынан бастап алкогольді ішімдіктерді шектен тыс қолданады, ертесіне бас жазады. Спирттік ішімдікке үнемі әуес болып тұрады. Спирттік ішімдікті ішуді тоқтатқаннан соң 2 күннен кейін, кешкі уақытта әйелдер мен ер кісілердің «дауыстары» пайда болған, олар өзара оның іс-әрекеттерін талқылап, оны жазғырады. Бұл дауыстар оған қабырғаның артынан келіп жатты. Күндізгі уақытта, әсіресе науқас жұмыста немесе «қолы тимей жатқан кездерде» «дауыстар» жоғалып кетеді, бірақ кешкі уақытта қайта пайда болады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

23. 35 жастағы ер кісі 10 жылдан бері ішімдікті шектен тыс қолданады. Анамнезінде көп реттік бас ми жарақаттары бар, бірақ дәрігерге қаралған емес. Соңғы 5 жылда салынып ішкен. Салынып ішу кезеңінде таңертеңгі уақытта бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, тершеңдік, жүрек қағуы мен қан қысымы жоғарылауы болады. Соңғы алкогольдік эксцесс кезінде үрей, көңілдің түсуі, тітіркенгіштік пайда болған, қозғалысы тынышсыз, суицидальді ойлар айтып, пәтерінің 2-қабатынан секіріп кеткен, бірақ ешқандай қатты зақым алмаған. Туыстары кезекші психиатрды шақырып стационарға жатқызған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

24. 48 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы алкогольді ішімдіктерді шектен тыс қолданады, күніне 1-2 бөтелке арақтан салынып ішеді, басын жазады. Ауруханаға түсер алдында 10 күн бойы салынып ішкен. Одан кейін тоқтатқаннан кейін 3 күннің ішінде ұйқысыздық дамыған. Бастапқыда құлағына шу, ысқырық, сыбырлар, одан кейін таныс емес әйелдердің бұның іс-қимылына комментарий жасап, мазақтаған дауыстарын естіген. Науқастың іс-әрекеті оның қайғыруларына сәйкес.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

25. 15 жасар жасөспірім 14 жасынан бастап достарымен марихуана шеккен. 2 ай бұрын таблеткалар қабылдай бастаған. 20 таблетка ішкеннен кейін қайда екенін түсінбеген дәрежеге жеткен. Бастапқыда оны аңдып жүргендей сезім, қорқыныш, үзінділі көру галлюцинациялары пайда болды. Қауіп төндіруші адамдардың «дауыстарын» естіп, оларды көре бастады. Фантастикалық мазмұндағы сахналар көз алдында өте бастады. Кезеңді түрде «жарықтану» пайда болды. Объективті: мидриаз, беттің гиперемиясы, тремор мен тахикардия.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

26. Көктамырына психоактивті зат енгізетін науқаста, оны тоқтатудың фонында мұрын бітуі, жас ағу мен сілекей бөліну, түшкіру, буындар мен сүйектердегі азапты, ұзақ уақыттық ауру сезімдері байқалады. Улану кезі седациялар, қуаныш сезімдері, «рахаттану» және комфорт сезімдері түрінде көрінеді.
1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

27. Науқас 5 жыл көлемінде алкоголь қабылдайды. Оны қабылдамаған кездері тітіркенгіштік пайда болады, көңіл күйі төмендеп, алкогольге деген күшті әуестікті сезінеді. Периодты түрде ішу жайлы ойлар пайда болады. «Тойынуды» сезінуі үшін оған үлкен көлемдегі алкоголь қажет, ол компанияларда алкоголь ішудің инициаторы болып табылады, өзі басқалардан алдын ала тост сөйлеуге тырысады, ішуді жиілетеді, «өткен кештің оқиғаларын» жиі ұмытып қалады.
1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

 

28. Науқас алкогольді қабылдағанына 25 жыл болды. Салынып ішудің ұзақтығы 1 аптадай уақытқа созылады. Ішкілік кезеңдерінде таңғы уақыттарда жүрек қағу, жүрек аймағындағы ауру сезіміне, тершеңдік, перистальтиканың бұзылысы, қан қысымының ауытқуы, беймаздық пен тәбеттің төмендеуі байқалады.
1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы


 

29. 47 жастағы ер кісі 25 жылдан бері алькоголь қабылдайды. Соңғы жылдары тәулік бойы көп рет бөлшектеп, аз порциямен ішеді. Аяқ-қолдарында аурулық сезімдердің төмендеуі мен жүрісінің бұзылыстары байқалады. Ағымдағы күнді, ай мен жылды айта алмайды, бірнеше минут алдында болған оқиғаларды есіне түсіре алмайды.
1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 

30. Психоактивті заттарды көк тамыр арқылы қабылдайтын науқаста оны тоқтатқан жағдайда мұрын бітелуі, жас және сілекей ағу, түшкіру, сүйектер мен буындарда азаптаушы, ұзақ ауру сезімдері пайда болады. Улану кезінде седация, қуаныш сезімі, «рахаттану», ыңғайлылық сезімдер түрінде көрінеді.
1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 35 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Опишите методы и проведите забор материала для микроскопического и цитологического исследования при заболеваниях слизистой оболочки полости рта.| Симптомы

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав