Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОҚУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Читайте также:
  1. ИЯМЕТ - ҚАЙЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ УАҚЫТЫ
  2. ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ
  3. ТОҚ ЖӘНЕ ТІК ІШЕК РАГЫ

· интерннің өзіндік жұмысы:оқу-ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу, презентация, реферат, тест сұрақтарын, жағдайлық есептер құрастыру, ауру тарихымен жұмыс істеу, интернете электронды базалар мәліметтерімен жұмыс істеу, оқу-тәжірибе жұмыстарының хаттамасын толтыру (фармакотерапияның клинико-фармакологиялық сараптамасы), проект дайындау (аналитикалық матрица), препаратқа қатысты мәліметтер жинау.

 

· Білім бағасының ережесі және критериі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, БАӨЖ, БАОӨЖ*)

 

Бағалар шкаласы**

Таңбалау жүйесі бойынша бағалау Сандық эквиваленті % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

Білімін бағалау критерийлері**

«Дәлелді медицина негіздері» пәнін оқу барысында білім алушытердің білімін және машықтарын бақылаудың келесі түрлері қарастырылған:

Ағымды бақылау ауызша сұрау, тестілеу түрінде өткізіледі.

Аралық бақылау аудиториядан сағаттарда кафедрадағы аралық бақылауларды жүргізу графигіне сәйкес бір рет өткізіледі. Аралық бақылауды жүргізу түрі – тапсырмалардың 3 блогынан құралатын жазбаша жұмыс: 2 теориялық сұрақ және бір тапсырма (пайыздық арақатынасы - 40%: 40%: 20%).

Бөлім бойынша соңғы сабақ жазбаша жұмыс - медициналық статьяларды талдай білу – түрінде жүргізіледі.

Қорытынды бақылау – жазбаша жұмыс түріндегі емтихан (варианттар бойынша тестілік тапсырмалар), ҚММУ ОӘО бөлімімен орталықтандырылған түрде өткізіледі.

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан,коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды 75 %-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері білім алушытің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50 % игерген, бұған қоса зертханалақ және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кмшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

* Ескерту: Кредиттік жүйедегі білім алушылар үшін.

**Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер.» негіздерінде құрастырылған.

· Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі (ҚММУ 2012-2013 оқу жылына бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес толтырылады).

 

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 31 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав