Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курс: IV

Читайте также:
  1. Валютный курс: система организации, факторы, паритет. Конвертируемость валюты.

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Пән: Балалар аурулары

 

Блок №2. Нәрестелер және ерте жастағы балалар физиологиясы және патологиясы, педиатриялық көмекті ұйымдастыру

 

Мамандық: 051301 – Жалпы медицина

 

Алматы, 2010 ж.

 

1. №1 тақырып: ҚР-ғы педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Неонатология, негізгі терминология. Табиғи тамақтандыру бойынша БДҰ бағдарламасы.

 

1. Мақсаты:

· педиатрияның негізгі бағыттары мен міндеттері, ҚР-ғы балаларға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша білім қалыптастыру

· неонатологияға педиатрияның бөлімі ретінде түсінік беру және негізгі терминологиямен таныстыру

· табиғи тамақтандыру бойынша БДҰ бағдарламаның негізгі принциптерін сипаттау.

Дәрістің жоспары:

1. Педиатрияның негізгі бағыттары мен міндеттері

2. ҚР-ғы педиатриялық көмекті ұйымдастыру

3. Неонатология педиатрияның бір бөлімі ретінде

4. Негізгі түсініктер мен терминология

5. Антенаталды патология

6. Антенаталды патологияның этиологиясы мен патогенезі

7. Антенаталды патологиялардың диагностикасы

8. Перинаталдық технологиялар облысындағы БДҰ-ң негізгі ұсыныстары

9. Табиғи тамақтандыру бойынша БДҰ бағдарламасы.

3. Дәрістің тезистері:

Педиатрия – балалар организмінің ерекшеліктері мен аурулары туралы ғылым. Педиатрияның басты бағыты – алдын алу жұмысы. Алдын алудың 3 түрін ажыратамыз: біріншілік (егулер, асептика т.б.), екіншілік (іштен біткен ауруларды анықтау бойынша скринингтік бағдарламалар), үшіншілік (аурулардың үдеуінің алдын алуға бағытталған бағдарламалар). Алдын алу жұмыстарында басты рөлді алдын алулық егулер алады. Әрбір елде сол елдің эпидемиялық жағдайына сәйкес міндетті егу күнтізбесі болады. Егулер қатаң регламенттелген мерзімдерде 4 апталық минималді интервалмен жүргізілуі керек.

Педиатрдың жұмысының біріншілік алдын алудағы басты звеносы салауатты өмір салты, рационалды тамақтану, күн режимі мен психомоторлық дамуды қалыптастыру болып табылады.

Педиатр жанұяны жоспарлау бойынша жұмыс істейтін регионалды орталықтардың, перинаталдық орталықтардың жұмысына белсене ат салысуы керек, босануға дейінгі патронаж жүргізіп және акушер-гинекологтармен бірге болашақ аналарды босануға дайындауы керек. Асфиксиялар мен туыт жарақаттарының жоғары көрсеткіштері перинаталдық қызметтің жұмысының кемшіліктері деп саналады.

БДҰ дамып келе жатқан елдердегі 5 жасқа дейінгі қайтыс болған 10 баланың 7-уінің өлім себебі жедел респираторлық инфекция, диарея, қызылша, дистрофиялар мен олардың комбинациясы екендігін анықтаған. Осыған байланысты бала өлімін төмендету мақсатында Бала Жастағы Ауруларды Біріктіріп Жүргізу (ИВБДВ) бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламалар диагноз қоюда, ем жүргізу мен реабилитация барысында бала жағдайын бағалауда стандартизацияны қарастырады.

Қазіргі кезде ҚР-да туылудың жоғарылауы мен бала өлімінің төмендеуіне байланысты демографиялық көрсеткіштің жақсарғаны байқалады. Біздің елімізде «Жанұяны жоспарлау», «Ана қауіпсіздігі» атты мақсатты бағдарламалар жұмыс істейді, жанұяны жоспарлау бойынша орталықтар, перинаталдық орталықтар желісі, медико-генетикалық бөлімшелер, кеңес беру-диагностикалық қызметтер желілері бар. Перзентханаларда нәрестелерге арналған қазіргі заманғы құрылығылармен жабдықталған қарқынды терапия палаталары ашылды. Төмен салмақты дене салмағымен туылған нәрестелерді күтіп-баптау бойынша қазіргі заманғы технологиялар енгізілді. Ауыр жағдайдағы, ПЭП бар немесе төмен салмақтағы балаларды арнайы бөлімшелерге 2 этапта күтіп-баптауға ауыстырады. Іштен біткен даму ақауларының, тұқым қуалайтын аурулардың перинаталды диагностикасы аса маңызды. Осы патологияларды дер кезінде анықтау мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.

Педиатриялық негізгі емдеу-алдын алу мекемелері:

1. Амбулаторлық-емханалық мекемелер:

· Емханалар (қалалық балалар, стоматологиялық)

· Орталықтар (медико-генетикалық, диагностикалық, қалпына келтіру)

2. Ауруханалар:

· Балалар (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық)

· Арнайыландырылған (жұқпалы, психиатриялық, туберкулездық)

2. Ана мен баланы қорғау мекемелері:

· Балалар үйі

· Арнайыландырылған балалар үйі

· Әйелдер кеңесі

· Перинаталдық орталық

· Репродукция және жанұяны жоспарлау орталықтары

· Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ

Неонатология – нәрестелерді күтіп-баптау туралы ғылым.

Терминология.

Тірі туылу – ана құрсағынан ұрықтану өнімінің толығымен бөлінуі, және оның бөліп алғаннан кейін тыныс алуы немесе басқада өмір белгілерінің болуы жүрек соғысы, кіндік тамырларының пульсациясы немесе бұлшықеттің спонтанды қозғалысы.

Шала туылған бала – жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте (жүктіліктің 260 күніне дейін).

Мерзіміне жетіп туылған нәресте – жүктіліктің 37 мен 42 аптасы аралығында туылған бала, яғни жүктіліктің 260 және 294 күндерінің аралығында туылған нәресте.

Мерзімінен асып туылған нәресте – жүктіліктің 42 аптасынан кейін туылған нәресте, яғни жүктіліктің 295 күнінде және одан кейін туылған.

Туылғандағы төмен салмақ – туылғандағы дене салмағы 2500г төмен, гестацияның кез келген мерзіміндегі нәресте.

Туылғандағы өте төмен салмақ – туылғандағы дене салмағы 1500г төмен, гестацияның кез келген мерзіміндегі нәресте.

Туылғандағы экстремалды төмен салмақ (экстремалды шала туылған нәрестелер) – туылғандағы дене салмағы 1000г төмен, гестацияның кез келген мерзіміндегі нәресте.

Сәбилік өлім – тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны. Дамыған елдерде балалар өлімінің 75-85%-ын сәбилік өлім құрайды, өз кезегінде сәбилік өлімнің75-85%-ын неонаталдық өлім құрайды.

Неонаталдық өлім – тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны. Сәбилік өлімнің 75-85%-ын құрайды.

Ерте неонаталдық өлім – тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте (178 сағат) қайтыс болған балалар саны. Неонаталдық өлімнің70-80%-ын құрайды.

Перинаталдық өлім 1000 тірі және өлі туғандардың ішіндегі 22 аптадан кейінгі жүктілік мерзімінде өлі туғандар + өмірінің бірінші аптасында өлгендер саны (6 күн, 23 сағат, 59 минут).

Перинаталдық және неонаталдық өлімнің көрсеткіштері елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің сипаттамасы болып табылады.

 

Әлемдегі неонаталдық өлімнің себептері

Іштен біткен даму ақаулары, тыныс бұзылыстары синдромы, асфиксиялар, ҚІИ

Нәрестелердің аурушаңдығы негізіненіштен біткен даму ақаулары, тыныс бұзылыстары синдромы, жұқпалы аурулар, соның ішінде сепсис есебінен артып отыр. Нәрестелердің жұқпалы ауруларының ішінде ЖРВИ, пневмония, жедел ішек инфекциясы, тері мен тері асты май клетчаткасының инфекциялары, молочница жиі кездеседі.

Антенаталды патология – ұрықтың зигота түзілу кезеңінен бастап туылғанға дейінгі қалыпты дамуынан ауытқудың барлық түрлері.

Антенаталды патология ның типті көрінісі іштен біткен даму ақаулары (ІБДА) болып табылады – мүшелер мен тіндердің дөрекі анатомиялық өзгерістері, бұл өзгерістер мүшелердің қызметінің бұзылыстарына әкеледі.

БДҰ мәліметтері бойынша олардың жиілігі 2-3% (0,27-7,5%) құрайды, олардың 20%-да – көптеген ІБДА.

Құрсақ ішілік патологияның жиі белгісі – құрсақ ішілік дамудың кідіруі (ҚІДК), ҚІДК гестациялық мерзімге нәрестенің дене салмағы мен функционалды жетілуінің сәйкессіздігімен көрінеді. ҚІДК жиілігі 6,5-30% құрайды.

Антенаталдық патологияның барлығы туылған кезде немесе неонаталдық кезеңде анықтала бермейді. Мысалы, интеллектің төмендеуімен байқалатын ұрықтың алкогольді зақымдалуы тек мектеп жаста көрінеді.

Құрсақ ішілік патологияның пайда болу мерзіміне байланысты олардың келесідей формалары болады:

· Гаметопатиялар

· Бластопатиялар

· Эмбриопатиялар

· Фетопатиялар

Антенаталды патологияның этиологиясы

· Анасының соматикалық аурулары

· Анасындағы эндокринопатиялар

· Акушерлік-гинекологиялық

· Зиянды сыртқы әсерлер

· Тұқым қуалайтын факторлар – нәрестелердің 4-6%-да анықталады.

· Ата-анасының жасы

Патогенезі

Этиологиялық факторлар ұрыққа 2 жолмен әсер етеді:

1. Ұрыққа тікелей әсер ету жолы – радиация, леталді мутациялар, инфекциялар

2. Жатыр-плацентарлық қан айналысы мен плацента қызметін бұзу жолы

Зақымдаушы факторлардың ұрыққа арнайы әсер етуі гестация мерзіміне байланысты. Мысалы, бір аномалия әртүрлі тератогенді факторлардың белгілі бір мерзімде әсер етуінің салдары болуы мүмкін (қарынша аралық перденің дефекті – 6 аптада).




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 83 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав