Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Періштелерге сенудің маңыздылығы

Читайте также:
  1. О дүниелік өмірдің маңыздылығы мен қажеттілігі
  2. Р. Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз

Лекция

Періштелерге иман الإيمان بالملائكة

Періштелерге сенудің маңыздылығы

Періштелерге сену - иман шарттарының басты қағидаларының бірі. Себебі, періштеге иман алдымен уахиге, пайғамбардың хақ пайғамбар екендігіне, пайғамбардың әкелген кітабына, оның жеткізген діни үкімі мен тыйымдарына сену деген сөз. Ал періштеге сенбеу - осы айтылғандардың бәрін қабыл етпеумен тең. Бүкіл діни үкімдер періште арқылы пайғамбарларға жеткізілетіндіктен, періштелерге иман Аллаһ Тағалаға иманнан кейінгі кезекте өте маңызды рөлге ие. Құран періштелерге иман етудің парыз екендігін білдіреді және періштелердің бар екендігі мен олардың нендей мақлұқ екендігін де айтып өтеді. Періштелерге иман етудің парыздығын мына аяттарда білдірілген:

آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ

«Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де барлығы Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді» ( 2.Бақара – 285).

لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَـكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلآئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ وَآتَى الْمَالَ عَلَى حُبِّهِ ذَوِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَالسَّآئِلِينَ وَفِي الرِّقَابِ وَأَقَامَ الصَّلاةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَالْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَاهَدُواْ وَالصَّابِرِينَ فِي الْبَأْسَاء والضَّرَّاء وَحِينَ الْبَأْسِ أُولَـئِكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَأُولَـئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ

«Кім Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе... міне солар шыншылдар, әрі солар тақуалар» ( 2.Бақара – 177).

· Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде де бұл тақырып кеңінен қамтылып, иман негіздері анық түрде көрсетілген. Яғни Жәбірейл періште Пайғамбарымызға адам бейнесінде келіп: «Ислам не? Иман не? Ихсан не? Қиямет қашан болады?», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иман дегеніміз - Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену» екендігін айтады.

Періштелерге иман келтіру Аллаһ Тағала мен Оның елшісінің әмірі болғандықтан қандай да бір періштені қабыл етпеу не қарсы шығу шариғат үкімі бойынша күпірлік болып саналады. Құран Кәрімде бұл мәселеде айқын белгілер бар:

«Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейл, Микайлге дұшпан болса, әлбетте Аллаһ кәпірлерге дұшпан» ( 2.Бақара – 98).

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мадинаға һижрет етіп барған соң, ондағы тұрғындарды хақ дін исламға шақырады. Ол кезде қала тұрғындарының басым бөлігі яһудилер болатын. Олар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хақ пайғамбар екендігіне күмәнданып, Оны сынаудың небір қитұрқы жолдарына көшеді. Әйтеуір болмашы бір сылтау тауып, сенбеудің жолын қарастырады. Сол сылтаудың бірі періштелер мәселесінде қатысты болды. Бір күні Фәдәк тұрғындарынан бір топ яһуди Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, түрлі сұрақтар қояды. Олар көбіне сұрақты ғибрат алу тұрғысында қоймайтын, сондықтан өздеріне жауабы белгілі сұрақтарды да жөн‑жосықсыз қоя беретін. Солай бола тұра, Пайғамбарымыз (с.а.у.) яһудилердің барлық сұрақтарына асқан сабырлықпен дұрыс жауаптарын береді. Ең соңында олар: «Саған қай періште уахи әкелуде?», - деп сұрайды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Маған Жәбірейл уахи әкеледі», - деген жауабынана яһудилер: «Жәбірейл біздің дұшпанымыз. Егер саған Микайл уахи әкелгенде сенің пайғамбарлығыңа сенер едік. Жәбірейл әкелгендігі үшін саған сене алмаймыз», - деп, уәж айтып шығып кетеді[1].

Негізінде, біз періштелерді сезім мүшелерімізбен ажырата алмаймыз. Себебі, олар көзге көрінбейтін нұрдан жаратылған рухани жан иелері. Періштелер жайындағы мәліметтердің қайнар көзі де Құран аяттары мен пайғамбар хадистері ғана. Біз де өз кезегімізде аят пен хадисте айтылған мағлұматтардан ары кете алмаймыз. Және оларды көрінбейді һәм сезім мүшелеріміз арқылы сезілмейді екен деп оларды жоққа шығара алмаймыз.

Асылында, періштелердің көрінбеуі – оларды көруге біздің қабілетіміздің жетпейтіндігін білдіреді.

Аллаһ Тағаланың періштелерді жаратып, әрбіріне нақты уәзипалар беруі.

Көзге көрінбейтін періштелердің неден жаратылғандығы жайында Құран Кәрімде ешқандай мәлімет жоқ. Періштелердің нұрдан жаратылғандығын Пайғамбарымыз (с.а.у.) мына бір хадисінде айтып өтеді.

· Хазіреті Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Періштелер нұрдан, жындар жалындаған оттан, Адам болса топырақтан жаратылған» ( Муслим, Зухд – 10; Ахмед б. Ханбал, Муснад, ҮІ, 168).

Құранның баяндауына қарағанда періштелер адамнан бұрын жаратылған. Себебі, қасиетті кітабымызда Аллаһ Тағала періштелерге Адам атаны жарататындығын және оны жер бетінде халифа етіп дүниеге әкелетінін айтады. Бұл да адамзат жаратылмастан бұрын періштелердің бар екендігін білдіреді. Аятта бұл мәселе жайында былай дейді: «Сол уақытта Раббың періштелерге: Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!- деген еді. Періштелер: Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз деді. Аллаһ: Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін деді» ( 2.Бақара – 30).

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав